арғы аталары болатын. Олармен шығыста көршіле тайпалар мәдени жағынан
көп ұқсастығы болғанмен бір тектес емес-ті. Солардың бірі б.з.д. VІІІ ғасыр мен
б.з. ІV ғасырлар аралығында Днепр мен Двина өзендерінің аралығын жайлаған
днепро-двинск
мәдениеті өкілдері. Бұл қауымдастық қола дәуірі кезінде осы
аймақты мекендеген ортаднепр және фатьянов мәдениеттерінің негізінде
қалыптасқан деп саналады.
Днепро-двинск мәдениетінің мекенжайлары табылып, зерттелген. Смоленск
маңындағы толығымен қазылған Жаңа Батеки, Акатово және Демидовка
мекенжайлары – осы мәдениеттің ескерткіштері. Осындай қоныстар алғашқыда
тігінен қадалған қазықтар мен ағаштан жасалған қабырғалармен қоршалған.
Б.з.д. VІІ ғасырлардан бастап балшықтан соғылған дуалдар пайда болады. Ал
жаңа ғасырдың басында дуалдың сыртынан қазылған ор қосылды.
Мекенжайлардың аумағы аса үлкен емес, 1000 шаршы метр шамадағы аумақты
қамтыды. Тұрғын үйлері алғашқыда төрт бұрышты мазанкалар түрінде кейіннен
ішінде тас ошақтары бар қима бөренелерден тұрғызылған үйлерге ауысты.
Қазбалардан табылған металдан жасалған балта, аздап иілген қол орақтар, дән
үгіткіштер оларда егіншіліктің болғанын аңғартады. Сонымен қатар, бидай мен
басқа да дақылдардың дәндері, үгітінділері табылған. Мал бағу кәсібі де
шаруашылықта үлкен маңызға ие болғаны белгілі. Шошқа мен қой сүйектері
едәуір мол, ал сиыр мен жылқының қалдықтары аз мөлшерде кездеседі. Мәдени
қабаттағы сүйек қалдықтарының төменнен жоғары қарай арта түсуі уақыт өткен
сайын мал басының көбейгендігін көрсетеді. Шаруашылықта аңшылық пен
балық аулау қосалқы рөль атқарса керек. Еңбек құралдары мен қарулардан
балта, кетпен, орақ, жебенің ұштары, гарпун, шот-балталарды, моншақ, алқа,
сырға, білезік және сақина секілді әшекей бұйымдарын айтуға болады.
Шығыс Еуропаның кең байтақ даласында тоқымалы керамика үлгісімен
ерекшеленетін тайпалар жайлады. Өзінің бастауын қола дәуірінен алып, ерте
темір ғасырында еркін дамыған осы дәстүр ыдыстардың денесінде қалған
тоқыма матаның іздеріне қатысты айтылған. Осы тоқымалы керамика дәстүрін
құраушы тайпалардың ішінде
Достарыңызбен бөлісу: