Негізгі археологиялық терминдер сөздігі
Абсолюттік мерзімдеу
– археологиялық ескерткішті
немесе затты сандық
өлшемде, болмаса қазіргі заманғы жыл санау жүйесінде мерзімдеу.
Австролопитек
(лат. тіл. «оңтүстік» және грекше «маймыл») –
адамның арғы
бабаларының бірі саналатын приматтың қаңқасы. Оның сүйек
қалдықтары
Оңтүстік және Шығыс Африкада табылған. Жасы үш миллион жыл.
Миының
аумағы 500 – 600 куб см (салмағы 40 кг). Австролопитектер
іштей бірнеше
түрге бөлінеді. Олардың кейбіреулері қарапайым
еңбек құралдарын жасай
білген.
Агора
– ежелгі грек қаласының орталық бөлігі, жиын өткізетін алаң.
Акинак
– сақтардың екі жүзді қанжары. Сабының бас жағы әртүрлі
кейіпте
жасалады. Көбіне, қоладан құйылған.
Акрополь
– ежелгі грек қалаларының цитаделі. Әдетте, биік жерде орналасады.
Аллювий
(лат. Аlluvio — шайма, тосқын) — өзен аңғарларында тау жыныстары
үгінділерінің жиналуынан пайда болатын борпылдақ шөгінділер (малтатас,
қиыршықтас, кұм, т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: