Гоминидтер
(лат. homo — адам) — приматтар отрядының отбасы: адам тәрізді
маймылдар, қазып алынған және қазіргі адамдар.
Гривна
– металды жалпақтап немесе бұрап жасаған мойынға тағатын әшекей.
Денудация –
тау жыныстарының бұзылу үдерістерінің жиынтық атауы және
табиғи күштер (су. жел, т.б.) әсерінен олардың төмен сырғуы, жылжуы.
Дефляция
–
тау жыныстарының табиғи күштер әсерінен бұзылуы, үгілуі,
өзгерістерге ұшырауы. Қуаң аймақтардағы ескерткіштердің жас шамасын
анықтауда палеолиттанушылар тас құралдарының сыртқы қабатындағы
өзгерістерге сүйенеді.
Диадема
– асыл металдан жасалған басқа киетін тәж тәріздес киім. Кейде
былғарыдан да жасайды.
Диірментас
– дән үгітуге (тартуға) арналған, екі бөліктен тұратын тас құрал.
Екі бөліктен тұрады. Олардың бір беттері тегіс болады.
Дольмен
– қола және ерте темір дәуіріне жататын жерлеу құрылысы. Тік
тастардың үстінен жалпақ таспен жауып жасалады.
Доместикация –
жабайы аңдарды қолға үйрету.
Дресва
– балшықтан жасалған ыдысқа қосатын ұсақталған тас. Ол керамиканың
сапалы және жарылмауы үшін пайдаланылған.
Достарыңызбен бөлісу: