болуы черняхов мәдениеті өкілдерінің этникалық аралас сипатын білдіреді.
Олардың мекендерінде сыртқы қорғаныс құрылыстары жоқ. Қоныстар
егіншілікке қолайлы кіші өзендердің жағалауларында орналасқан. Тұрғындар
мазанка үйлерде тұрған.
Жерлеу дәстүріндегі кейбір сыртқы ұқсастықтарына
қарап кейбір ғалымдар
оларды славяндардың арғы тегі – ат тайпасымен, мамандардың екінші бір
бөлігі оларды готтармен байланыстырады.
Черняхов тайпасында қол өнері,
сауда байланыстары, жыртпалы егіншілік, шарықта
ыдыс жасау кәсіптері
жоғары қарқынмен дамыды.
375 жылы Донды кесіп өткен ғұндардың шапқыншылығынан черняхов
мәдениеті ыдырап, олар қоныс аударушы және көршілес тайпалармен сіңісіп
кетті. Кейіннен черняхов мәдениетінің
орнында Гот тайпалық одағы
қалыптасады. Тарих сахнасында аздаған уақыт дәурендеген готтық одақ
Шығыс Еуропадағы елеулі тарихи бірлестік болды. Ол орманды дала
аймағындағы
отырықшы егінші тайпаларды, көшпелі-сарматтарды және басқа
да тайпаларды біріктірді. Гот одағы римдік ықпалдың қойнауында дамуымен
ерекшеленді.
Жоғарыда
айтылғандай оңтүстік аудандарда
черняхов мәдениетінің
қалыптасуы ІІ-ІІІ ғасырлар белесінде зарубинец отырықшылық орталығын
солтүстік пен солтүстік-шығыстағы Припять пен Десна өңіріне ығысуға мәжбүр
етті. Б.з. бірінші мыңжылдығының екінші ширегіне жататын кейінгі зарубинец
зираттары мен қоныстары Могилев облысындағы Обидня шатқалында
зерттелген. Десна алабындағы Жуковка қонысы
мен Трубчевск ауданындағы
бір топ ескерткіштер, Днепрдегі Колочинск қалашығы І мыңжылдықтың орта
тұсына жатады.
Достарыңызбен бөлісу: