мерзiмiне қарай), геохронологиялық (жер қыртысының жылдық қатпарларын
есептеу арқылы), дендрохронологиялық (ағаштың жылдық сақинасына қарай)
мерзімдеу әдістері. Әдетте, нақты мерзiмдеу үшiн бiрнеше әдiстер
қорытындысының жиынтығы алынады.
Археология ғылымының өзiнiң зерттеу нысаны мен деректердi жинақтау
және зерттеуде өзiне ғана тән әдіс, тәсiлi бар. Осы тұрғыдан алғанда археология
жеке ғылым болып есептеледi. Дегенмен, тарих пен археологияның мақсат,
мiндеттерi бiр және бiртұтас ғылым екендiгiн ұмытуға болмайды.
Олардың
айырмашылығы зерттеу деректерi мен оларды қолдану әдiстерiнде. Археология
тарих секiлдi адам тiршiлiгiнiң барлық кезеңдерiн қамтымайды, ол алғашқы
қоғам тарихын зерттеуге негiзгi, ал құлдық және феодалдық қоғамдар жайлы
қосымша материалдар бередi. Олай болса, археологияның адамзат iлiмi
жүйесiндегi алатын орны орасан зор. Ең алдымен, ол
адамзат тарихының
мерзiмдiк шеңберiн кеңейттi. Жазба деректер адам қоғамының 5 мың жылдық
тарихын, яғни таптық қоғамның қалыптасып, дамуынан берi қарайғы кезеңдi
зерттеуге көмектессе, археологиялық деректердi пайдалану ешқандай жазба
дерегi жоқ, таптар қалыптасқанға дейiнгi қоғамның тарихын қалпына келтiруге
мүмкiндiк бередi. Осылайша археология тарихтың мерзiмдiк шеңберiн 2 млн.
жылдан астам уақытқа ұзартып, адамзат өркениетiнiң басталуына дейiн
жеткiздi.
Кеңес өкiметi кезiнде археологияға ерекше мән берiлiп,
оның тарих
ғылымының дамуындағы рөлi жоғары бағаланды. Археологияның жеке ғылым
ретiнде қалыптасып, одан әрi дамуына көп жағдай жасалды. Тарихи мұралар
мен археологиялық жәдiгерлердi табиғи апаттар мен кездейсоқ бұзылыстардан
қорғау және зерттеу туралы заң шығарылды. Кеңес одағы кезiнде жүргiзiлген
игi iстер бұл күнде дұрыс жалғасын таппай отыр. Елiмiздiң кең-байтақ
территориясы археологиялық ескерткiштерге өте бай. Олардың көпшiлiгi
шаруашылық жұмыстарын жүргiзу барысында бүлiнiп, жойылып кету қаупi
тууда. Сондықтан тарих пәнiнiң болашақ мұғалiмдерi мен оқытушылары
археологиялық ескерткiштердiң мемлекеттiң меншiгiндегi тарихи, мәдени мұра
ретiнде заң жолымен қорғалып, оның бұзылуы мен жойылуына жол берген кiсi
немесе мекемелер (заңды тұлғалар) заң алдында жауап беретiндiгiн бiлгенi
абзал.
Археологиялық ескерткiштермен
жан-жақты шұғылдануға, қазып, зерттеуге
арнайы рұқсат қағазы бар мамандар ғана құқылы. Өз бетiмен, ешқандай арнайы
рұқсатсыз қазба жүргiзген кез келген жеке тұлға яки мекеме «Тарих пен
мәдениет ескерткiштерiн қорғау және пайдалану» заңына сай жауапқа
тартылады. Сондықтан мектептер мен оның мұғалiмдерiнiң iс-әрекетi жас
ұрпақты археологиялық ескерткiштердi танып, бiлiп оларды қорғауға
тәрбиелеуге бағытталуы тиiс.
Археологиялық зерттеулер үш кезеңнен тұрады. Бiрiншiсi – археологиялық
барлау, яғни ескерткiштердi iздеп тауып,
мемлекеттiк есепке алу, қорғау.
Екiншiсі – археологиялық ескерткiштерде қазба жүргiзу және қазбадан
табылған заттарды зерханалық зерттеуден өткiзу. Қазбадан табылған заттар
арнайы зерханалық өңдеуден өткеннен кейiн ғана толыққанды дерек болып
саналады. Олардың атқарған қызметiн, құрылымын және материалын басқа
заттармен байланысын анықтау барысында әртүрлi зерттеу әдiстерi мен
тәсiлдерi пайдаланылады. Үшiншiсі – зерттеу нәтижесiне сай ежелгi
адамдардың
тұрмыс-тiршiлiгiнiң қалыптасып, дамуындағы қайшылықтар мен
заңдылықтар жайлы арнайы ғылыми мақалалар мен кiтаптар жазу. Соңғы кезең
арнайы кабинеттер мен кiтапханаларда, мұрағаттарда жүзеге асырылады.
Археологияның жетістіктері жайлы мәліметтер әдетте, мамандарға арналған
ғылыми еңбектер арқылы таралады. Археологияның табыстарын көпшілікке
уағыздайтын тағы бір көз бар. Ол-әртүрлі музейлердің археологиялық
бөлімдері. Олар біздің саланың зерттеу жетістіктерін елге уағыздап, үлкен
отансүйгіш, тәрбиелік мәндегі жұмыстар атқарады. Музейлер қорында
археологиялық заттар өте көп шоғырланған. Сақтау қорында жиналған заттар
саны көрсетуге қойылған заттардың санынан бірнеше есе асып түседі. Музей
қорлары да
жазба деректер, ежелгі қолжазбалар сақталатын мұрағат іспеттес.
Музейлердің ғылыми қызметкерлері мен қор меңгерушілері археологиялық
ғылыми ошақтармен тығыз байланыста жұмыстар жүргізеді. Олардың
арасындағы жүйелі байланыс археологиялық жаңа жетістіктерге жол ашады.
Адамзаттың өткен тарихын танып, білуге бағытталған жұмыстарды бірлесіп
атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: