қарағанда 20 есе көп). Полиуретанды жіптер сәулелі ауа-райына және химиялық реа- генттерге жетерліктей тұрақты, бірақ мықтылығы жоғары емес. Талшықты 150 С температураға дейін қыздырғанда термикалық қасиеті бұзыла бастайды, жіптері сарғайып, қаттылығы жоғары- лайды. Полиуретанды жіптер эластикалы маталар мен трикотажды спорт- тық және медициналық бұйымдарды дайындау үшін қолданылады. Олар басқа талшықтардан жасалған жіптер оралатын каркасты өзек ролін атқарады. Поливинилспиртті талшықтар (роіууіпуіаісоһоі ІіЬгея). Поливинилспиртті басқа карботізбекті талшық құрайтын полимер- лерден айырмашылығы мономерден синтездеу арқылы емес, винил спиртінің (поливинилацетат) күрделі эфирлерін сабындау әдісімен алы- нады. Поливинилді спирт - суда еритін полимер, сондықтан одан жіп