құрылымы түрленген полиэфирлі жіп шелон-2 өңделген, бұл жіп жібек маталарды өндіргенде оларға аз отыратын, аз мыжылатын және жақсы гигиеналық қасиеттерін беру үшін қолданылады. Полиэфирлі талшықтардың қасиеттерін жақсартудың негізгі бағыты, әсіресе штапельдінің, полимердің химиялық түрленуі бо- лып табылады. Өндірісте политриметилентерфталат және полибу- тилентерфталат негізіндегі талшықтар шығарылады. Полиэфирлі талшықтармен салыстырғанда бұл талшықтардың мықтылығы, эластикалағы, үйкеліске төзімділігі, көлемділігі мен жұмсақтығы бой- ынша артықшылықтары бар. 54