Сурет 3.21 - Трико өрімнің құрылымы Атлас - жалаң өрім, оның ілмектері қатарлас ілмек бірнеше (кемінде үшеу) бағанада кезегімен ирек орналасады. Атластың оң жағында ілмек таяқшалары, ал теріс жағында - ине доғалары мен көлбеу созылмалары орналасады. Трикоға қарағанда айырмашылығы, атластың көлбеу созылмалары неғұрлым жайпақ орналасқан. Жіп үзілген кезде атлас ілмек бағанасы бойымен тарқатылады және кесілген шеті бойынша бұрылады. Суретте 3.22 атлас өрімнің құрылымы берілген.
Сурет 3.22 - Атлас өрімнің құрылымы 90
3.3.5. Трикотаж жаймасының ақаулары Жазық және шеңберлі тоқымалы машинада алынған жаймалар мен дана бұйымдарда пайда болған ақаулардың себептері, иірімжіптің тоқуға