жіптер жүйесі, мата, қабыршық болады. Талшықты жайғақ мақта талшықтарынан, мақта иіру өндірісінің иіруге жарамды қалдықтарынан қалыптастырылады. Сонымен қатар, жүн және химиялық талшықтарды иіру өндірісінің қалдықтары қолданылады. Мақтаны қопсыту, түту-тазарту, араластыру және майлау қопсыту- түту агрегаттарында орындалады. Мақта талшықтарын, сонымен қатар ұзындығы 65 мм болатын таза химиялық талшықтарын тарау қалпақты тарау машиналарында орын- далады. Жүн, жүннің химиялық талшықтармен қоспасын, ұзындығы 55 мм астам таза химиялық талшықтарды тарау білікті тарау маши- наларында орындалады. Екі жайдайда тарау машиналары тарамды өзгерткішпен қамтылған, 3.23-суретте тарамды өзгерткіштің сұлбасы көрсетілген. Тарау машинасының түсіру барабанынан алынатын мақта тарамы біртіндеп тасымалдану торларына (2, 3, 4) түседі. Олар тарамды торға (6)