Материал түрі
Материалдың
тағайындалуы
Қалыңдығы, мм
Маталар
Көйлек, ішкиім
0,14-0,80
Костюмдер
0,40-1,10
Пальто
1,00-3,20
Трикотаждық жайма
Ішкиім
0,30-0,90
Сыртқы бұйымдар
2,20-3,90
Бейматалық материал-
Іштік (желімдік).
0,50-1,50
дар
(ине өткізілетін)
2,00-5,00
Көйлек, костюмдер
0,90-1,50
Сыртқы бұйымдар
1,50-4,00
Маталар 75-250 мм дейінгі енімен шығарылуы мүмкін, бір жағынан
әрбір мата түрі (талшықтық құрамы бойынша) үшін өзіндік ені тән: яғни,
мақта матасында ол орташа енімен 80-120 см дейін, зығырда - 80-140 см
дейін, жібекте - 90-110 см дейін, жүнде
- 70-160 см дейін ауытқиды. Кей жағдайда осы маталардың ені көп немесе
аз болуы мүмкін. Тігілген бейматалық материалдардың ені 150 см дейін
жетуі мүмкін, ал негізмдік бейматалық материалдар- да және трикотажды
жаймаларда ол 40-120 және 60-200 см шекке сәйкес ауытқиды.
Әрлеу үдерісінде оның азаюына байланысты сәйкес жайманы өңдеу
кезінде ен беріледі. Қарапайым маталарда өңдеуден кейін ен 15%,
басылғандарда (жүнде) - 30-35% азаяды. Ендеу және каландрлеу кезінде
трикотаж жаймалары керісінше ені бойынша созылады.
Маталар ені бойынша үш жерден 50 м дейінгі ұзындықты кесек- пен
және бес жерден одан жоғары ұзындықпен өлшенеді. Тігін фа-
брикаларында өлшеулерді әрбір 3 м сайын жүргізеді, сонымен қатар, тоқыма
материалдарының ені тігін өндірісі үшін өте маңызды және технологиялық
үдеріске әсерін тигізеді. Трикотажды жаймалардың ені тек әрбір 4-5 м сайын
жайманы тынықтырғаннан кейін тексеріледі. Сондай-ақ, тігін фабрикасына
түскен, бейматалық материалдардың ені тексеріледі.
Тоқыма
материалдарының
үлкен
әр
түрлі
енділігімен
ерекшеленгендіктен, мата шығынының есебі мен жобалауға арналған
әртүрлі бұйымдарға шартты ен қабылданған, яғни жүн маталары 133 см, ал
қалғандары үшін - 100 см тең.
МЕМСТ 29223-91 сәйкес химиялық талшықтардан жасалған плащтық
және плащтық-костюмдік маталар 75, 80, 85, 90, 95,
112
100, 105, 110, 130, 140, 150, 155, 160 см; костюмдік - 90, 95, 120, 130, 140,
145, 150, 160; плащтық және күртешелік маталар (МЕМСТ-284886-90) - 80,
85, 90, 95, 120, 140, 145, 150, 150 см енімен өндіріледі.
Тоқыма материалдарының ұзындыгы - бұл кесек қиықтарының немесе
екі соңының арасындағы арақашықтық. Әдетте тоқыма мате- риалдарды
тасымалдау үшін салмағы және өлшемі бойынша қолайлы, кесектерге
қалыптайды. Жүн матасының кесегінің ұзындығы 30 м, жібектікі - 40 м,
мақтанікі және зығырдікі - 40 м дейінгі шекте болуы тиіс. Трикотажды
жаймалар олардың созылымдылығының нәтижесінде ұзындығы бойынша
емес, тек салмағы бойынша кесекте жасалады.
Ақаулы столда ұзындықты өлшеу белгілі қиындықтармен байланы- сты,
материалдарды тарту арқылы өлшеуші станокқа орналастырғанда, созылып
кетеді. Дәл өлшемді алу үшін материал төсеніш столда созу- сыз бос
жағдайда жайылады.
Тоқыма материалдарының 1 м
2
салмағын граммен анықтайды және
талшықтың салыстырмалы салмағына және олардың аудан бірлігіндегі
санына байланысты. Тоқыма материалдарының салмағына кейбір тоқыма
материалдарына, олардың салмағын ұлғайтатын (табиғи жібекті ауырлату,
мақта-матасын және басқа материалдарды аппрет- теу, өңдеудің арнайы
түрлері), заттарды жағу кезіндегі әрлеу әсер етуі мүмкін.
Тоқыма материалдарының әрбір түрлері үшін материалда ұзақ сақталуға
қажетті, 1 м
2
салмағы стандарттар немесе техникалық шарт бойынша
орнатылған. Белгілі өлшемде материалдың салмағы олардың беріктігін, тозу
факторларына қарсыласуын сипаттайды.
Тоқыма өнеркәсібінің әртүрлі өндірісімен өндірілген тоқыма
материалдарының салмағы өте үлкен әр түрлілікпен сипатталады және
нақты бұйымға материал таңдауды анықтайды. Одан бұйымның гигиеналық
қасиеті (жылу өткізгіштігі, қаттылығы, күлтеленуі), сондай-ақ, материал
қалыңдығынан төсеген кездегі материал қабаты, жіптің шығыны тәуелді
болады.
Бұйымның әрбір түріне арналған белгілі салмақты тоқыма ма-
териалдары ұсынылады. Осыдан кейін оның тағайындалуына және белгілі
қасиетіне байланысты, материалдың салмағымен байланысқан бұйымның
ауырлығы ескеріледі. 5.2-кестеде киімге арналған тоқыма материалдарының
салмағы көрсетілген.
Маталар,
трикотаждар,
бейматалық
материалдардың
салмағы
стандартты әдіспен өлшеу және формуламен есептеу арқылы анықтайды.
113
8-6313
Кесте 5.2 - Киімге арналған тоқыма материалдарының салмағы
Достарыңызбен бөлісу: |