қосылған қойыртқышпен баспа машинада басылады. Белгілі жерлерінде
матаның алғашқы бояуы химиялық жолмен жойыладыда, орнында ақ түсті
өрнек пайда болады. Ал, егер ол жерде түсті өрнек
107
басу үшін жидеткіш затпен бірге басқа бояғыш зат қосылады, ол жидеткіш
затқа міндетті түрде төзімді болуы қажет.
Резервті басудың мәні матаны бояу алдында арнайы зат - резерв- пен
басадыда, кейін жатық бояуға жіберіледі. Резерв матаның өрнек түсетін
жерлерін бояу кезінде бояғыш затты сіңдірмейді.
Жидете және резервті басу көбіне қою - қара түсті матаға ақ өрнек
басуға қолданылады.
Рельефті басу әдісімен пигментпен басуды бірге қолдану арқылы өте
тамаша эффект алуға болады. Пигментпен басу тез бекітіледі, ал рельефті
басу соңғы білік арқылы орындалады.
Пигменттер суда ерімейді. Олар арнайы байланыстырушы ролін
атқаратын синтетикалық шайыр заттардың көмегімен матаның бетінде
талшықтармен жабысу арқылы бекітіледі. Бекіту өрнек басылғаннан кейін
бірден кептіру және термобекітумен орындалады. Бұл әдістің басқа
әдістерден үстемділігі басылған маталарды жуу-шаю қажет еместігінде.
Сонымен қатар, пигменттер барлық тоқыма материалдарға қолданыла
береді.
4.4. СОҢҒЫ ӨҢДЕУ
Соңғы өңдеу маталарға әдемі сыртқы түр беру үшін, жайманың енін
бекітуге және қыртыстарын жазу арқылы біртегістеу үшін орын- далады.
Сонымен қатар кейбір маталарды арнайы өңдеуден өткізеді. Мысалы,
материалға қыртыстанбау, апшуын төмендету, суөткізбеу, отқа төзімді
қасиеттер беру үшін өткізеді.
Мақта маталары соңғы өңдеу кезеңінде аппреттеу, ені бойынша керу
және үтіктеуден өтеді.
Алдын-ала аппреттеу кезінде матаға арнайы аппрет сала- ды.
Аппреттердің құрамында жабыстанғыш зат (крахмал, негізм), жұмсартқыш
(май, сабын, глицерин), антисептиктер болады. Аппрет- теу нәтижесінде
мата біртегіс, тығыз болады және аппреттің құрамына қарай матаға
қаттылық немесе жұмсақтық қасиет беріледі.
Аппреттелгеннен кейін мата ені бойынша керілуге жіберіледі. Керу
арнайы тізбекті керу машинасында орындалады. Бұл машинада мата ені
бойынша керіліп, қиғаштанған жерлерін дұрысталады, майысқан арқау
жіптері түзетіледі. Матаны керу алдында су шашыратқыш маши- нада
ылғалдыландырады.
Матаны каландрлеу немесе үтіктеу каландрларда жүргізіледі. Өңдеу
каландры беттері серпімді ауыр болат темір және жиынтық біліктерден
тұрады. Болат темір білік қуыс және ішінен қыздырылады. Мата ка-
ландрленгенде бір біріне қысылған болат және жиынтық біліктердің
арасынан өтеді.
108
Біліктер бір біріне әлсіз қысылған түрде матаны жазу орындалады.
Біліктерді қысу дәрежесін жоғарлатса матаның беті жылтырайды, егер- де
болат білік қыздырылатын болса жылтырауы күшейеді.
Сәтен маталарды үтіктеп жазу күмістендіру каландрларында орын-
далады. Күмістендіру каландрының болат білігінің жәй каландрдың
білігінен айырмашылығы оның бетінде жіңішке сызықшалары болады.
Күмістендіру каландрында үтіктеу нәтижесінде мата жібек тәріздес жылтыр
болып шығады. Бірақ, жылтыры тұрақты болмайды және жуғанда кетіп
қалады.
Кейбір мақта маталарды арнайы өңдеуден өткізеді. Мысалы, тұрақты
аппреттеуді қамтамасыз ету үшін матаны шәйіліп кетпейтін аппрет- пен
өңдейді. Шәйіліп кетпейтін аппреттер матаның жақсы сырт түрін жуғаннан
кейін сақталуына және киімді пайдаланғанда тұтынушылық қасиеттеріне
себебін тигізеді. Егерде матаны каландрлау алдында ар- найы ертіндімен
сіңдірсе жылтыры жуғанға тұрақты болады.
Дайын мақта маталар ылғалдандырылғанда біршама апшиды. Аз
апшитын матаны апшуға қарсы өңдеуден өткізу арқылы алуға бо- лады. Ол
үшін мата арнайы апшыту машинасында өңделеді, оған мата ылғалданған
және сәл салбыратылған түрде түседі, сондықтан матаның апшуына жол
беріледі. Аз апшитын матаны арнайы заттар- мен өңдеу арқылы алуға
болады және олар талшықтардың ісінуін күрт төмендетіп, олардың
қысқаруына себеп болады.
Мақта маталарының апшуын оларды химиялық ертінділермен өңдеу
арқылы азайтуға болады. Сәл ғана ширатылған жіптен тоқылған тығыз емес
маталар үшін арнайы химиялық препараттармен үтіктеуді қажет етпейтін
өңдеу жүргізіледі. Өңделген маталар, киімдер аз қыртыстанады, жеңіл және
тез жазылып кетеді.
Мұндай
маталардың
қыртыстануы
тек
құрғақ
түрде
емес,
ылғалданғандада төмендейді.
Мақта маталарды соңғы өңдеу операциялары үздіксіз бір процес- ске
біріктірілген. Сондықтан үздіксіз жұмыс жасалынатын өңдеу - ап- претеу
негізсінде орындалады.
|