Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және гылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет216/417
Дата06.01.2022
өлшемі6,36 Mb.
#13660
түріОқулық
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   417
Байланысты:
материалтану

Қолданысы  бойынша  тұрмыстық  маталар  ішкиімге,  көйлекке,  ко- 
стюмге,  костюмдік-көйлекке,  пальтоға,  іштік  төсемге,  жиһаздық-сәндік 
арналған болып бөлінеді.
 
Шикізаттық  құрамына  қарай  маталар  мақтақағазды,  зығырлы, жібекті 
және жүнді деп, сондай-ақ олардың әрқайсысы аралас болып бөлінеді.
 
Жеке  бағасы  прейскуранттармен  қабылданған  маталардың  саудалық 
топтастырылуы  бар,  онда  өңдеудің  спецификалық  ерекшеліктерін  ескеріле 
отырып  және  мақта  қағазды,  зығырлы,  жүнді  және  жібекті  маталарының 
құрылымы әр түрлі белгілері бойынша топтарға және топшаларға бөлінеді.
 
Маталарды  топтарға  бөлу  кезінде  мақтақағазды  және  зығырлы 
маталарды  топтарға  құрылымының  ортақтығымен  немесе  өндірістік 
белгілері  бойынша  (шыттар,  сатин,  кенептер,  тегіс,  кең  және  жіңішке 
сүлгілер), жүнді маталар тоқыма алу тәсіліне қарай (мауытты, мауыты қалың 
және  жұқа  мауытты)  және  шикізат  құрамына  қарай  (таза  және  жартылай 
жүнді);  жібекті  маталар  шикізат  құрамына  қарай  және  мата  жіптен  не 
тоқымадан  жасалғанына  байланысты  топтастырады.  Мата-  ларды 
топшаларға  бөлген  кезде  ортақ  жіктелулік  белгілері  болмайды.  Осылайша 
мақтақағазды  маталардың  кейбір  топтарын  топшаларға  түрлі  белгілер 
бойынша, зығыр маталарды шикізат құрамы бойынша (таза және жартылай 
зығыр),  жүн  маталарын  қолданысы  бойынша  (көйлектік,  костюмдік, 
пальтолық),  жібекті  маталардың  құрылымы  бойынша  (кездемеден  істелген, 
үтіктелетін) топшаларға бөледі.
 
Тоқыма  материалдар,  оларды  өндіру  тәсіліне  тәуелді  маталарға. 
трикотаж төсемеге (бұйымдар) және беймата маталарға бөлу қабылданған.
 
Тұрмыстық  қолданыстағы  маталар  және  беймата  төсемелер  келесі 
кластардан  тұрады:  мақта  маталар,  зығыр  маталар,  жүн  маталар,  жүн 
тәріздес маталар, жібек маталар және бейматалық төсемелер.
 
Маталар ассортиментінің әр класы топтарға бөлінеді. Мысалы, топ- тар: 
кенепті, бөзді, сатинді, ішкиімдік, көйлектік, киімдік, түкті, жиһазды- сәндік, 
астарлық,  тикті,  сүлгілік,  орамалдық,  қатты,  тарлы,  орауышты,  дәкелік, 
техникалық.  Әрбір  топ  топшаларға  бөлінеді:  кенеп;  бөз;  сатин;  бөзді 
ішкиімдік;  сұрыпты  ішкиімдік;  арнайы  ішкиімдік;  маусымдық  көйлектер; 
жазғы  көйлектер,  жейделер;  қысқы  көйлектер.  Мысалы,  мата  ассортименті 
өндіру  тәсілі,  безендірілуі,  қосымша  өңдеуіне  тәуелді  жіктеледі: 
таңбаланған,  таңбаланған  мерсеризделген,  тегіс  боялған.  Тоқыма 
материалдардың әр түрі жеке белгілеріне қарай да бөлінеді.
 
146 


Ресейлік  өнеркәсіптік  өнім  классификаторымен  бойынша  стандарт-  ты 
(мемлекеттік  стандарттар  бойынша)  және  прейскуранттық  (саудалық 
прейскуранттар  бойынша)  топтастырулары  бар.  Стандарттық  жіктелуі 
негізіне  (өнімнің  сапа  көрсеткіші  стандарттары)  маталардың  қолдану 
белгілері жатады.
 
Түрмыста 
қолданылатын 
маталардың 
жалпы 
сипаттамалары, 
қолданылуы,  негізгі  түрлері  келесі  стандарттарда  келтірілген:  МЕМСТ 
21790-93,  МЕМСТ  29298-92,  МЕМСТ  17504-80,  МЕМСТ  9009-93,  МЕМСТ 
10138-93, МЕМСТ 15968-87, МЕМСТ 11518-88, МЕМСТ 29223-91, МЕМСТ 
29222-91,  МЕМСТ  28486-90,  МЕМСТ  28253-89,  МЕМСТ  7081-93,  МЕМСТ 
20723-89, МЕМСТ 28000-88, МЕМСТ 20272-96.
 
Стандартты маталар келесі топтарға бөлінеді:  мақта-матасы  -  шикізат 
түрі  бойынша  мақта  және  аралас  болып,  қолданысына  қарай  -  ішкиімдік 
(ішкиім және төсек орын, корсеттік өнімдер үшін), көйлектік (көйлек, жейде, 
халат  үшін),  киімдік  (костюм,  пальто,  плащ  үшін),  сүлгілік,  орамалдық, 
жамылғылық, іштік және астарлық, жиһазды- сәндік болып бөлінеді.
 
зыгыр  -  қолданысына  қарай  ас  жабдығына  (дастархан,  майлық  үшін), 
ішкиімдік  (төсек  орын  жабдығы  үшін),  сүлгілік,  киімдік  (көйлек,  жейде, 
жамылғы, костюм, шалбар үшін), сәндік, қолданбалы болып бөлінеді.
 
жүн  маталар  шикізат  түрі  бойынша  таза жүнді  және  жартылай жүнді, 
қолданысы бойынша - көйлек, костюм, пальто, жамылғы, ора- мал, палантин 
және бөкебай, дастархан жабдығы болып бөлінеді.
 
тұрмыстық цолданыстагы жібек маталар: 
-  шикізат  түрі  бойынша  табиғи  жіп,  иірілген  жіптен  жасалған,  басқа 
талшықтармен  тоқу  арқылы  және  табиғи  жібек  жіптерден,  синтетикалық 
жіптерден,  талшықтар  қосылған  синтетикалық  жіптермен  жасалынған 
маталарға бөлінеді;
 
-  қолданысы  бойынша  -  көйлекке,  жейдеге,  костюмге,  көйлек- 
костюмге,  ішкиімдік,  корсеттік,  жейделік,  жиһаздық  және  портьерлік, 
астарлық,  түкті  (көйлектік  барқыттар,  киімдік  қыжым,  ойыншықтарға 
арналған қыжым, аяқ киімдік барқыт), киімдік жасанды үлбір (соның ішінде 
аяқ-киімге, ойыншықтарға арналған астарлық), плащтық және күртешелік;
 
-  өндіру  тәсілі  мен  негізгі  өңдеу  түрі  бойынша  -  тегіс  боялған, 
таңбаланған,  шүбарлы,  меланжды,  қайнатылған  немесе  ағартылған 
маталарға;
 
-  қосымша өңдеу түріне қарай - отырмайтын, қыртысталмайтын, үлпекті 
немесе су өткізбейтін қабатпен арнайы өңделген.
 
тұрмыстық  қолданыстагы  химиялық  талшықтар  шикізат  түрі 
бойынша  бір  түрдегі  химиялық  талшықтан  түратын,  химиялық  талшықтар 
қосылысынан түратын, мақта талшықтарының (50%)
 
147 


қосылысымен алынған химиялық талшықты маталарға; қолданысына қарай - 
жейделік,  көйлектік,  көйлек-костюмдік,  костюмдік,  джинсалық,  плащтық, 
жиһаздық,  портьерлік  маталарға  бөледі.  Осы  топқа  даналық  бұйымдар  да 
жатады: түксіз кілемдер, жамылғылар, дастархан жабдығы, бас орамал және 
бөкебайлар.
 
Тоқыма  маталар  қолданысы  бойынша,  ол  ішкиім  бұйымдарын  жа-  сау 
үшін  пайдаланылатын  ішкиімдік  тоқымаға  және  үстіңгі  бұйымдар  үшін 
(костюм,  пальто,  көйлек,  жейде)  қолданылатын  үстіңгі  тоқыма  болып 
бөлінеді.
 
Бейматалық  материалдардың  ассортименті  қолданысы  бойынша  төрт 
топқа  бөлінеді:  өнеркәсіптік  қолданыс,  киім-кеше,  аяқ-киімге  арналған, 
гигиеналық,  үйге  арналған,  ал  олар  нақты  қолданысына  қарай  өзара 
топшалар мен беймата түрлеріне бөлінеді.
 
Маталарды  қолдану  тәжірибесінде  маталардың  түрлеріне  сәйкес 
прейскурантта  бағалары  көрсетілген  топтастырылу  жиі  қолданылады. 
Мұндай топтастырылу маталардың артикул жүйесімен үздіксіз байланысқан 
және  маталар  ассортиментімен  тәжірибелік  жұмыс  жасау  үшін  қолдануға 
өте ыңғайлы.
 
Стандартты  жіктелу,  өз  артықшылықтарына  қарамастан  бұйым  үшін 
материалдарды  таңдау  кең  тарау  алмады  және  негізінен  маталардың  сапа 
көрсеткіштерінің номенклатурасын орнатуда ғана қолданылады.
 
Прейскуранттық  топтастыру  кеңірек  тараған.  Ол  тігін  өнеркәсібінде 
бұйымдарға  мата  таңдағанда,  маталарды  жеткізіп  салуға  байланы-  сты 
тапсырыстарды жасағанда кеңінен қолданылады. Сондықтан қазіргі маталар 
ассортименті  прейскуранттық  (саудалық)  жіктелуге  сәйкес  қарастырылған. 
Прейскурант  дегеніміз  -  ресми  құжат, онда  маталардың  саудалық  жіктелуі 
көрсетіледі. Жыл сайын көрсетілген прейскуранттарға қосымшалар жасалып 
отырады,  онда  маталардың  жаңа  артикулдары  туралы  мәліметтер 
келтіріледі.
 
Артикул  дегеніміз  -  мемлекеттік  стандарттарға  немесе  техникалық 
шарттарға  сәйкес  өңделген  матаның  жеке  түрі.  Артикулдың  санды  түрде 
белгіленуі  прейскурант  бойынша  маталардың  шартты  реттік  нөмірі  болып 
табылады.
 
Жылдар  бойы  өзгеріссіз  шығарылып  келе  жатқан,  кең  қолданыстағы 
белгілі  бір  маталар  классикалық  маталар  деп  аталады.  Олар:  бөз,  са-  тин, 
шыт, драп, шұға, крепдешін, крепжоржет.
 
Қолданысы  бойынша  тоқыма  материалдар  әр  түрлі  топталады. 
Тұрмыстық  маталардың  қолданысы  бойынша  топталуы  6.1-кестеде 
көрсетілген.
 
Бұл  топтастырылу  бойынша  маталар  ассортименттері  өздеріне  сәйкес 
белгілері бойынша топтар мен топшаларғаөлінеді, бұл әрбір жеке топтар мен 
топшалар  маталарының  қасиеттерін  және  құрылымын  ортақтастырып, 
ассортиментті  оңай  зерттеуге  мүмкіндік  жасайды.  Прейскуранттық 
жіктелуде маталар талшықтарының әр түрлілігі
 
148 


бойынша бөлудің ортақ ұстанымы жоқ. Әр талшықты құрамдағы ма- талар 
топтастырылуында  бірнеше  топ  бар,  ал  әрбір  топтарда  әртүрлі  ұстанымды 
топшалары  бар.  Бұл  -  маталардың  әр  түрлі  талшықты  құрамы  бойынша 
құрылымының ерекшеліктерімен түсіндіріледі, сондықтан маталар жіктелуін 
ортақ қарастыруға болмайды.
 
Кесте 6.1 - Тұрмыстық маталардың қолданысы бойынша топталуы
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   417




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет