Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет34/142
Дата23.05.2022
өлшемі2,09 Mb.
#35435
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   142
субъектілігіне қарай - әкімшілік басқару (басқаруға, 
шешім қабылдауға әкімшіліктің ғана қатысуы) және 
партисипативтік-қатысушылық (субектілердің басқаруға 
қатысуы) деп бӛледі; 
мазмұнына қарай- үдеріске бағытталған және нәтижеге 
бағытталған; 
жаңалықтарды ендіру сипатына қарай – автономдық 
және интегративті басқару; 
ӛзгерістерге 
жауап 
беруіне 
қарай-болуы 
тиіс 
ӛзгерістердің алдын ала басқару, және болған ӛзгерістерге 
реакциялық жауап бере басқару. 
Бүгінгі күні басқару теорияларының эволюциясы 
тӛмендегідей дамуда: 
− ұйымдардың басты ресурстары ретінде адам 
факторына, ұйымдастырушылық мәдениетті дамытуға кӛңіл 
бӛлу; 
− 
ұйымдардың 
нәтижелі 
қызметін 
арттыруда 
қаншалықты маңызды болса да бір ғана бағытты алмау, 
оларды синтездеу қажеттігі; 
− ұйымның ӛзімен ӛзі болатын механикалық сипатынан 
сыртқы ортамен белсенді әрекеттесетін органикалық, 
ашықтық сипатына кӛшу; 
− ұйымдарды дамыту мен ондағы ӛзгерістерге жағдай 
туғызу. 
Басқарудың кӛптеген түрлері ішінде жүйелі басқару 
және оны дамыту тереңірек тоқталуды қажет ететін мәселе.
Жүйелі басқарудың басты ерекшелігі ұйымды белгілі бӛлек 
компоненттердің қарапайым жиынтығы ретінде емес, ал 


95 
интеграцияланған сапалардың тұтас жүйесі ретінде 
қарастыруы тән. 
Жүйелік тұрғыдан басқару идеялары менеджмент 
теорияларының дамуына сай негізінен батыс елдер 
тәжірибесінде кең тарады. Оның идеялары жалпы 
басқарушылық ой-пікір мен кӛзқарастардың ӛзгеруіне, 
олардың жаңа сапаға ие болуына үлкен әсер етті. Оның мәні, 
әсіресе ӛндірістік жүйелерді, үлкен корпорациялардың 
стратегиялық дамытудағы жетістіктерін қамтамасыз етумен 
қатар, 
әлеуметтік 
жүйелерді 
басқарудың 
жоғары 
деңгейлеріндегі стратегиялық шешімдерді қабылдауда 
маңызды екені анықталды.
Мақсатқа 
бағытталғандық–ішкі 
себептерге 
сай
белгіленетін болашақ бейнесінен мақсатты айқындау. 
Әлеуметтік жүйенің осы аталған сапалары ондағы басқару 
қызметінің орындалуы арқылы қамтамасыз етіледі.Жалпы 
ұйымды басқарудағы мәселе шын мәнінде не бар және
дұрысында не болу керек, яғни, нелер талап етіледі деген 
сұрақтардың 
арасындағы 
сәйкессіздіктен 
туындайды. 
Мұндай сәйкессіздіктің болуы басқарудағы мәселе бар 
екенінің белгісі болып табылады. Егер басқарушылар пайда 
болған сәйкессіздікті қалай жоюды білсе, онда мәселелер 
пайда болмайды, стандартты қалыптасқан жолмен шешіледі. 
Мәселенің пайда болуы: 
− біріншіден, шын мәнінде бар нәрсе мен не талап 
етілетіні арасындағы сәйкессіздік;
− екіншіден, басқарушы бұл сәйкессіздікті саналы 
түсінеді;
− үшіншіден, мәселе пайда болған кезде оны қалай 
жоюды білмейді.
Сӛйтіп, мәселе дегеніміз - объективті қажеттіліктер 
және оны қанағаттандырудағы субъектінің мүмкіндіктері 
арасындағы сәйкессіздік. Педагогикалық мәселелер екі түрлі 
жағдайда пайда болады, біріншісі, шын мәнінде бар нәрсе 
ӛзгеріп, оның талаптарға сәйкес болмаған жағдайы. Мысалы, 
білім алушылар үлгерімнің тӛмендеп кетуі немесе 
педагогтың басқа жерге ауысып, оның орнына адам 
табылмауы. Екіншісі, қойылатын талаптардың ӛзгеруі және 
бұрын 
қанағаттандырып 
келген 
нәрселер 
енді 


96 
қанағаттандырмайды. Мысалы, егер білім беру нәтижесіне 
қойылатын талаптар ӛзгерсе, онда бұрын қанағаттандырып 
келген нәтижелер енді қанағаттандырмайды, т.б.
Келесі түсінік «мәселені шешу», яғни, іс жүзіндегі 
жүйені күтілетін жүйеге сәйкестендіру. Оның кезеңдері: 
бірінші кезең, іс жүзіндегі жүйенің белгілі бір қызметін
ӛзгертіп, оны күтілетін жүйе деңгейіне жеткізетін жаңа 
сипатты жүйе құрастыру;
екінші кезең, іс жүзіндегі жүйеден күтілетін жүйеге ӛту 
процесін жоспарлау, яғни, осы үдерісті жүзеге асыратын 
жүйе құрастыру;
үшінші кезең, шешімдерді жүзеге асыру.
Мәселені шешу – күтілетін және іс жүзіндегі 
жүйелердің арасындағы кеңістікті толтыру. Мәселені 
шешудің моделі мен мәселені іс жүзінде шешу– екі түрлі 
нәрселер.
Мәселені шешу моделі күтілетін жүйені мақсат ретінде 
алып, оны орындаудың толық жоспары, сонымен қатар, 
мақсатқа жету үшін іс жүзіндегі жүйеде нені, қашан және 
қалай ӛзгерту керектігін кӛрсетеді (сурет 5).
Іс жүзіндегі кіру Іс жүзіндегі нәтижелер
Күтілетін кіру Күтілетін нәтижелер
Сурет 5 − Жүйелік проблеманы шешу моделі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет