Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет6/144
Дата12.07.2022
өлшемі4,22 Mb.
#37612
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   144
Байланысты:
Strategiyaly -menedzhment.-Berdaliev-K.-B

Стратегияны жүзеге асыру.
Стратегияны жүзеге асыру мәселесі стратегиялық тұрғыда 
жұмыс істеу үшін және оның белгіленген мерзімі сақталуы үшін не 
істеу қажет екенін түсінуден тұрады. Басқа сөзбен айтқанда, мұндағы 
шеберлік стратегияның орнын анықтау бойынша әрекеттерді, оның 
кәсіпшілік орындалуын және жақсы нәтижелерді алуды дұрыс 
бағалаудан тұрады. Стратегияны жүзеге асыру жұмыстары алғашқы 
әкімшілік міндеттердің аясына жатады, ол келесі негізгі кезеңдерді 
көрсетеді:
- стратегияны табысты орындау үшін ұйымдық мүмкіндіктерді 
жасау;
- бюджетті қаражаттарды пайдалы орналастыру мақсатында 
басқару;
- стратегияның жүзеге асуын қамтамасыз ететін фирманың 
саясатын анықтау;
- өте тиімді жұмыс үшін қызметкерлерді мотивациялау
- қажет болған жағдайда стратегияны жүзеге асыру бойынша 
өте жақсы нәтижелерге жету мақсатында олардың міндеттері мен 
жұмыстардың сипат түрін өзгерту;
- сыйақы мөлшерін белгіленген нәтижелерге жетумен ұштастыру.


19
2-сурет. Компания стратегиясының элементтері
Компанияның бөлімшелерінің көбісінде ескерілуі тиіс. 
Стратегияның нақты жүзеге асырылуы стратегиялық жоспарды 
сәтті орындау үшін компанияның басқаша және жақсы жасайтын 
ісін дәл талдаудан басталады. Әр менеджер мына сұрақтарға жауап 
іздеуі қажет: «Жалпы стратегияны орындауға өзімнің үлесімді қосу 
үшін менің бөлімшемде не істелуі қажет және де мен оны тиімді 
етіп қалай атқарамын?». 
Компанияның стратегиясын тиімді жүзеге асыру үшін 
ішкі саясатты өзгерту қажеттілігі стратегиялық өзгерістердің 
дәрежесіне, ішкі саясаттың стратегия талаптарынан қаншалықты 
ауытқитынына және стратегия бірлескен мәдениетпен қаншалықты 
жақсы келісетініне тәуелді. 


20


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет