Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет14/144
Дата12.07.2022
өлшемі4,22 Mb.
#37612
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   144
Тауарлардың, ұйымдардың
аймақтардың бәсекелік артықшылықтары  
Тауардың бәсекелік артықшылықтары дегеніміз тауардың 
нарықта басқа тауарлармен бәсекелесе алатынын қасиеті. Қазіргі 
заманда тауардың бәсекелестік артықшылықтары әртүрлі. Дәстүрлі 
артылықшылықтары – баға мен сапа. Мысалы, көптеген қытайлық 
тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі бағаға байланысты. Сонымен 
бірге екі белгі «баға – сапа» қатар жүреді. Ол кезде бәсекелік 
артықшылықтарды баға мен сапаның арақатынастары арқылы 
түсіндіреміз.
Ұйымның бәсекелестік артықшылықтары – ол активтер мен 
фирмалардың сипаттамасы (жабдықтар, сауда маркасы, шикізатқа 
меншіктік құқы, иілмелдігі, персоналдың біліктілігі және т.б.). 
Олар бәсекелестікке таласушылар алдында өзінің артықшылығын 
байқатады. Бәсекелік артықшылықтардың құпиясы - өндірістің 
сәтті интеграциялануы болмаса фирманың мамандандырылуы.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай бәсекелестік қабілеттілігінің 
шешуші факторларының бірі - ақпараттық фактор, сонымен қатар 
коммерциялық бәсекелестік фактор – ол адам факторы. 
Аймақтың (елдің, қаланың) бәсекелестік артықшылығы – ол 
біліктілігі жоғары адамдармен қамтамасыз ету (осы аймаққа тарту), 
сонымен қатар оның дамуын қамтамасыз ететін капиталды тарту. 
Аймақтардың өзара бәсекелестігі мына бағыттарда жүреді:

өмір сүру қамтамасыздығы (қала халқының өмір сүруін 
қамтамасыз ету үшін жаңа инфрақұрылымдарды жасау);

бизнес үшін ең жақсы жағдайлар жасау, ішкі және шетелдік 
инвестицияларды тарту;

қолдағы бар өндірістік қуаттарды сақтау;

коммуналдық қызмет көрсетудің деңгейін көтеру;

қонақжайлылық индустриясын дамыту;

ақпараттық технологияларды пайдалану;

жоғары білікті жұмыскерлердің болуы;

жауапкерлік және тиімді жергілікті басқару.
Аймақтың әдеттегі бәсекелік артықшылығы – ол табиғи 


34
ерекшеліктері. Мысалы, ауа райы нашар, өмір сүруге жағдайы жоқ 
жерлерге адамдарды тарту үшін қосымша ынталандыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет