Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Тірек-қимыл аппараты зақымданған балалардың



Pdf көрінісі
бет115/134
Дата07.04.2023
өлшемі1,6 Mb.
#80207
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   134
12.6. Тірек-қимыл аппараты зақымданған балалардың 
ойлау ерекшеліктері 
Барлық қарапайым кӛрнекі-әрекеттік міндеттер, заттармен 
мақсатты ырықты әрекеттер жасауды кӛздейді. Ерте жастағы 
балалардың әрекеттері, танымдық әрекеттерге стимул жасайды, 
зейінді, есте сақтауды, ойлауды, сӛйлеуді, ересектермен ӛзара 
қарым-қатынас жасауды белсендіреді. Бірақ, БЦП бар балалардың 
қимыл-қозғалысының бҧзылу қалыпты, баланың кҥнделікті 
ӛмірінде сағат сайын кездесіп, орындалып отыратын кӛрнекі-
әрекеттік міндеттерінің барлық жақтарын игеруге мҥмкіндік 
бермейді. БЦП бар бала, қимылдау мҥмкіндігінен тыс немесе 
қимыл-қозғалысы шектеледі. Осыған орай, кӛрнекі-әрекеттік 
ойлау тҥрі едәуір кешігіп, әрі ӛзінше қалыптасады. Демек, 
белсенді іс-әрекет барысында, қоршаған ортаны тану ҥдерісі 
бҧзылады. Кӛрнекі-бейнелік және сӛздік-логикалық ойлау 
тҥрлері, кӛрнекі-әрекеттік ойлау деп аталатын іргетассыз қалана 
бастайды. Бала тек бақылаулар мен анағҧрлым аз зақымдалған 
қызметтер (мысалы, тіл) негізінде ғана, сыртқы әлемді тани 
бастайды. 
Сондықтан, 
баланың 
психикалық 
дамуында
қайшылықтар пайда болады: бала ешқашан басынан кешірмеген, 
ӛзі орындап кӛрмеген іс-әрекеттерге, қҧбылыстарға, қоршаған 
ортамен байланысты оқиғаларға, тҧрмыстық жағдайларға 
байланысты мәселелерге, ақылға қонымды, тамаша тҥсініктер 
бере алады. Кӛрнекі-әрекеттік ойлау тҥрінің жетіспеуі ойлаудың 
басқа, кҥрдел тҥрлерінің қалыптасуына кері әсер етеді.
Кӛрнекі-бейнелік ойлау тҥрі, әдетте, кӛрнекі-әрекеттік ойлау 
мен сезімдік тәжірибе (тҥйсік пен қабылдау) негізінде 
қалыптасады. БЦП-да бҧл компоненттердің екеуінің де дамуы 
бҧзылған, сондықтан, кӛрнекі-бейнелік ойлау тҥрі, нормативтік 
мерзімнен анағҧрлым кеш қалыптасады.
Сӛздік-логикалық 
ойлау 
тҥрі, 
сӛз 
мағынасының 
қорытындылануының 
қалыптасуы 
мен 
орнығуы, 
сӛздік 
қорытындылаулардың дамуынан басталады. БЦП бар балалардың 
ойлау дамуының бҧл кезеңі, айтарлықтай зардап шегеді. Бҧл тіл 
зақымдануының ауырлығымен, қоршаған ортаны белсенді іс-
әрекеттер 
барысында, 
тану 
тәжірибесінің 
болмауымен 
коррекциялық жҧмыстардың ерте жҥргізілмеуімен байланысты. 


230 
Затпен арадағы негізгі қатынас, ҧзақ уақытқа дейін, тек кӛру 
арқылы болады, бҧл сӛздік қорытындылаудан гӛрі, сезімдік 
қорытындылау тҥрінің басым болуына, ҧғымдық ойлаудың даму 
тежелуіне әкеп соғады. Кӛрнекі ситуация, заттың сыртқы, елеусіз 
белгілері, бҧл балалар ҥшін ҥлкен маңызға ие болады. Сондықтан, 
бҧл кезеңдегі сӛйлеуді мақсатты тҥрде дамыту мен орнықтыру, 
қабылдаудың сенсорлық типін, заттық-қорытындылау типіне 
ауыстыруға септігін тигізеді, яғни заттық-қорытындылау 
ҧғымдық, сӛздік-логикалық ойлау тҥріне бастайды. «Е. М. 
Мастюкованың 
мәліметтері 
бойынша, 
БЦП-ң 
бірнеше 
клиникалық тҥрлерінде, сӛйлеу мен ойлаудың орнығу ҥдерісі, 
ӛзіндік ерекшеліктермен жҥзеге асады. Гиперкинетикалық 
формада, сезімдік қорытындылау, жоғары даму деңгейіне жетеді. 
БЦП бар балалардың кӛпшілігіне, белсенді сӛйлеудің орнығуына 
дейінгі қабылдауына, қорытындылау типі тән. Сӛйлеудің 
дамуымен бірге, сӛздік қорытындылаудың дамуы, ҧғымдық 
ойлаудың дамуы жҥзеге асады. Бҧл балалардың айрықша
эмоционалдылығы, сӛздік қарым-қатынасқа ҧмтылуы, ерте 
жастан-ақ, тілдің қоршаған ортаны тану мен онымен қарым-
қатынас жасаудың бірден-бір жолына айналдырады, бҧл ӛз 
кезегінде, абстрактілі ойлау тҥрінің дамуына ықпал етеді. 
Қосарланған 
гемиплегия 
мен 
спастикалық 
диплегияда, 
гностикалық кӛру қызметінің бҧзылуы жиі кездеседі, яғни 
кӛлемді шамалар мен кеңістіктік қатынастарды қабылдау 
бҧзылады, ал бҧл сезімдік қорытындылаудың дамуына кедергі 
жасайды. Бҧл балалардың қорқақтық, инерттілік сияқты 
психикалық ерекшеліктері, сӛздік қарым-қатынасты тежейді, ал 
тілдің тежелуі, ҧғымдық және абстрактілі ойлаудың тежелуіне 
себеп болады. БЦП–ң атониялық-астатикалық формасындағы 
сӛйлеу мен ойлаудың орнығуының, ӛзіндік ерекшеліктері бар. 
Бҧл балалардың сӛйлеуі, сӛздің затпен нақты байланысының 
кӛрінісі ғана болып қалады, қабылдаудың қорытындылау типі 
дамымайды. Сӛйлеу қоршаған ортамен байланыс жасау, оны тану 
қҧралы болып қалыптаспайды, бҧл балалардың ойлау қабілеті 
мен мінез-қҧлқында кӛрініс табады. Бҧл балалар ситуациядан, 
ҧжымнан жиі тыс қалып қояды, айналадағылармен байланыс 
жасай алмайды. Зейіндері тҧрақсыз, іс-әрекеттері ҧйымдаспаған, 
ойлау қабілеттері тым нақты. Е. М. Мастюкованың зерттеулері, 


231 
БЦП бар балалардың, қалыпты балалардың сӛйлеу мен ойлау 
қабілеттерінің арасындағы тығыз байланысты дәлелдей тҥседі»
1
.
Сӛздік-логикалық ойлаудың дамуындағы тежелу, БЦП бар 
балалардың 
айырмашылықтар 
мен 
ҧқсастықтарды 
табу, 
салыстыру, қоршаған орта қҧбылыстары мен заттары арасындағы 
себепті-салдарлы байланыстарды анықтау қабілеттерінен айқын 
кӛрінеді. Заттарды классификациялау әрекеті, нақты ситуативті 
байланыстар қағидасымен орындалады. Әдетте, логикалық 
ойлаудың тежелуі, танымдық қызығушылықтардың тӛмен
деңгейде қалыптасуына ҧласады, ойынға деген ынта жоғары 
болады. Абстрактілік ойлаудың жетілмеуі ең алдымен, санау
дағдысын меңгеруде байқалады.
БЦП бар балалардың ойлау әрекетіне, тӛмен интнллектуалды 
қабілетпен, психикалық әрекеттің инерттілігімен кӛрінетін, 
цереброастениялық қҧбылыстар ықпал етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет