63
Мҧндай
гиперрефлексия
пирамидалық
жолдардың
зақымдану белгісі болып табылады. Ахиллес нҥктесі (ӛкше), тізе,
басқа сіңірлік және периостальды рефлекстер ӛте жоғары, оларды
туғызатын аймақтар (рефлексогендік аймақтар) кең. Сіңір
рефлекстерінің жоғарылауының ең жоғары дәрежесі, клонус
кӛріністерінен білінеді, яғни, бір бҧлшық еттің кҥрт созылуынан
кейін ырғақпен, ҧзақ жиырылумен, қайтадан қалпына келуі.
Пирамидалық жҥйенің зақымдануында, табан мен тізе клонусы
ҥнемі болады.
4. Синкинезиялар.
Бҧл ырықты қимыл-қозғалыстармен қатар жҥретін, яғни
солармен
бірлескен
қимыл-қозғалыстар.
Синкинезияның
физиологиялық
және
патологиялық
тҥрлері
болады.
Физиологиялық
синкинезияларға,
мысалы,
жҥріп
келе
жатқандағы қолдың қабаттаса қозғалуын жатқызуға болады.
Патологиялық синкинезиялар, пирамидалық жҥйенің зақымдануы
кезінде пайда болады. Патологиялық синкинезияларға мысал
ретінде, адамның тӛсектен тҧруға әрекеттенгенде, сал болып
семіп қалған аяқтың, ӛздігінен ырықсыз кӛтерілуін; сал болып
қалған аяқ-қолдың, сау аяқ-қолдың қимылын қайталауын; бір
қимыл жасағандағы, тіл мен еріннің қабаттаса қимылдайтынын
келтіруге болады. БЦП балаларда патологиялық синкинезиялар
жиі кездеседі, яғни, кез келген ырықты қимыл–қозғалыстың,
оның ішінде сал болған мҥшенің қимылының ӛздігінен
қабаттасуы. Бала бір затты алуға қолын созса, жҧдырығын тҥйсе,
бір қолын кӛтерсе, екінші сал болған қолы, ӛздігінен қатар
созылады, буындары бҥгіледі, аяқтары тҥйіседі, иықтарында
пронация пайда болады. Бҧл қимылдар орталық жҥйке жҥйесі
тарапынан бақылауға кӛнбейді. Патологиялық синкинезиялардың
болуы, ырықты қимыл-қозғалыстардың қалыптасуын тежейді,
әртҥрлі іс-әрекеттерді меңгеруге кедергі жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: