Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет45/134
Дата07.04.2023
өлшемі1,6 Mb.
#80207
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   134
8. Ырықсыз қимыл-қозғалыстар. 
Ырықсыз қимыл-қозғалыстар, БЦП-ң гиперкинетикалық 
формасында ӛте айқын, гиперкинездер тҥрінде кӛрінеді: 
хореиформдық гиперкинездер, атетоидтық гиперкинездер, 
хореоаттоидтық гиперкинездер, спастикалық қисық мойындық 
және тремор тҥрінде кӛрінеді. Кейбір әдебиеттерде, треморды 
гиперкинездерге жатқызады. Гиперкинез дегеніміз - бҧлшық ет 
тонусының ауыспалылығынан пайда болатын, ырықсыз 
қимылдар. Олар адам толқыған, абыржыған кезде, қандайда бір 
әрекет жасаған кезде кҥшейе тҥседі. Мҧндай қимыл-қозғалыстар
артикуляциялық аппаратта, бас, қол, мойында болады. Тремор – 
бҧл саусақтар мен тілдің дірілдеуі. Әсіресе, мақсатты әрекеттер 
жасауда, тремор кҥшейе тҥседі. Тремор БЦП-ң атоникалық-
астатикалық формасына тән. Ырықсыз қимыл-қозғалыстар, 
ырықты 
қозғалыс 
актілерінің 
орындалуын 
қиындатады. 
Балалардың заттық, ойын, оқу және басқа әрекеттерінің 
уақытылы дамуына кедергі жасайды, сӛйлеу тілі мен жазуға кері 
әсерін тигізеді. 
9. Қорғаныс рефлекстері. 
Пирамидалық жҥйенің зақымдану симптомдарына, орталық 
сал ауруында байқалатын қорғаныс рефлекстері жатады. 
Қорғаныс рефлекстері дегеніміз – сал болып қалған аяқ–қолға 
тітіркендіргіштер әсер еткен кезде, ырықтан тыс жазылуы мен 
бҥгілуі.
10. Патологиялық рефлекстер (жазылу және бүгілу). 
Патологиялық рефлекстер деп, ересек сау адамда пайда 
болмайтын, тек жҥйке жҥйесінің зақымдануында ғана 
байқалатын, мидың тежеуші әсерінің тӛмендеуімен байланысты 
рефлекстер (патологиялық рефлекстер пирамидалық жҥйенің
зақымдануынан пайда болады) аталады.
Патологиялық рефлекстер жазылу және бҥгілу рефлекстері 
болып бӛлінеді (аяқ-қол ҥшін). Бҧл патологиялық рефлекстер 


66 
пирамидалық жҥйенің зақымдануында дами бастайтын, орталық 
(спастикалық) сал ауруының синдромын қҧрайды. 1 жасқа дейінгі 
балаларда, бҧл рефлекстер патологиялық белгі болып 
саналмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет