2. Жобалау – оқу әрекетінің ерекше тҥрі ретінде Бүгінгі таңда білім беру нәтижелері бүгінде жаңаша қарастырылуда, олар: ӛз бетімен білу алуға, әлеуметтік ортада ӛмір сүруге қабілеттілігі, шешім қабылдауға, мәселені шешуге қабілеттілігі, ақпараттық, қарым–қатынастық (коммуникативтік) құзіреттілігі, жауапкершілігі мен белсенділігі, т.б.
Бұл нәтижелер оқушылардың жобалау әрекеті негізінде қалыптасатын нәтижелер, соған орай, жобалау мектептің барлық сатыларындағы оқыту барысын түгел қамтитын әрекет деп айтуға әбден болады.
Жобалау әрекетінің жасӛспірімдер үшін маңыздылығы зор. Бұл жобалаудың басқа жастағы балалар үшін қажеттігі болмайды дегенді білдірмейді. Жасӛспірім шақтағы жобалау осы кезеңдегі бала дамуының психологиялық және әлеуметтік міндеттеріне сай келеді. Ал, білім беру міндеттеріне келетін болсақ, жобалау әрекетін білім беру нәтижелеріне қол жеткізу құралы ретінде қарастыру қажет.
Бастауыш мектепте оқушыларға қысқаша ғана тапсырмалар немесе шығармашылық тапсырмаға ұқсайтын микро – жобалар беріледі. Шығармашылық деп аталу себебі – жоба барысында оқушы қалыптасқан әдіспен орындауын қажет етпейтін, дәстүрден тыс, ой–қиялын қозғайтын жағдай туғызады. Бұл тапсырмалар жеке оқушыға, не шағын топтарға да берілуі мүмкін. Әрине микрожобалар оқу әрекетінде түгелдей ӛз бетіндік жұмысты әзірше қамтамасыз етпейді, бірақ оның пайда болуына, дамуына ықпал ете бастайтыны сӛзсіз. Солай бола тұрса да, бұл жағдайда дәстүрлі оқытудағыдай оқушының жекелік ерекшелігі, ой – қиялы шектелмейді, бірін–бірі тыңдауға, бірлесіп оқуға, шешім қабылдауға мүмкіндік жасалады. Бастауыш мектепте қалыптасқан ӛзара қарым–қатынас, бірін–бірі тыңдау, бірлесіп оқу, үйрену мәдениеті қалыптасуы, кейін негізгі мектепте жобалау әрекетін жүргізудің басты құралдары бола алады.
Микрожобаларды ұйымдастыру оқыту ситуациясындағы жекелік тұрғыны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық әдебиеттерде жиі кездесетін тапсырманы таңдау, жұмыс түрін, топ мүшелерін таңдау аз қолданылатыны белгілі. Ал, кішкене ғана, қысқаша және аз уақытта орындалатын тапсырмалар балалардың ӛзіндік ерекшеліктерін, ӛз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді.
Бастауыш мектепте жобалау әрекеттерін пайдалану бала бойында жаңа сапаларды дамытып қана қоймай, осы жаста ойын үстінде дамитын еркін ойлау, ой белсенділігі, елестету – қиялдау қабілеттерінің сақталуына оң әсер етеді. Сондай–ақ, микрожоба барысында олардың мінез–құлқында пайда болатын ӛз әрекетін ұйымдастыру, ӛзін - ӛзі басқара білу, ӛзгелермен санасу сияқты дағдылары да қалыптасатыны сӛзсіз.
Жоғарғы сыныптарда жобалау әрекеті оқу барысында ӛзінің мінез–құлқын реттеу, ӛзіндік әрекетін басқару құралына айналады. Оқушылар жобалау әрекеті арқылы жоғары сыныпта ӛзінің білім алу траекториясын таңдауға жауапкершілікпен, саналы түрде келуіне жағдай жасайды және ӛзінің оқу әрекеттері мен әлеуметтік қызметтерін басқаруға қабілеттілігіне айналады.
Жоғары сынып оқушылары үшін жобалау әрекеті қызметтік рӛл де атқарады, яғни, оқушылар жобаны жүзеге асыруда қалыптасқан тәжірибелері мен қабілеттерін оқу әрекетінде, қарым–қатынаста, ақпаратпен жұмыс жасауда, мәселені шешуде, шешім қабылдауда пайдалана алады. Бірақ бұлар негізінен оқу үдерісінде ғана қолданылады.
Жобалау субъектісі және объектісі ұғымдары. Субъект ұғымына келсек, мысалы, біреуді субъект атанды, субьект болады деуге болмайды. Субъектілік–адамның сипаттамасы емес, ол оның іс-әрекетінің, ӛз әрекеті иесі екендігінің сипаттамасы. Егер адам ӛз бетімен, еркін әрекеттер орындау үстінде болса, осы жерде ол субъектілік әрекет иесі. Осыған орай, субъектіліктің орнын, субъектілік жағдайын белгілеуге болады.
Жобалау әрекетіндегі субъект ұғымы әрекет теориясы негізінде қарастырылуы тиіс. Оны кеңінен талдамастан, тақырып шеңберінде тӛмендегідей қысқаша түсіндіруге болады.
Біріншіден, әрекет субьектісі ӛзгеріп отырады. Оқытудағы жобалаудың бастамасында ондағы әрекеттердің субъектісі – педагог қана. Әрекет оқушыларға әлі берілген жоқ, ӛйткені, оқушы оны әзірше ӛзі құрастыра алмайды.
Жобалауды ұйымдастырудың алғашқы кезеңінде оқушы ӛз бетіндік әрекеттерді ӛзі ұйымдастыру деңгейін әлі игермегендіктен бұл педагогтың субъектілігін талап етеді.
Жобалау объектісі де ӛзгеріп отырады. Әрекет басында ол нақты белгіленеді, яғни мұғалім оқушыларға не істеу керек (мақсат), нені ӛзгерту, жасау (обьект) екенін анықтап береді. Одан әрі бұл элементтер нақтыланады, оқушылар сол объектіге қатысты мәліметтерді талдау, жағдайды бағалау арқылы күтілетін нәтижелерді одан әрі нақтылайды. Жоба субъектілігі де ӛзгере алады, бұл жерде екі жоба және екі субьект болатынын атап айту қажет болады. Біреуі-оқушылар жобасы, оның бастамасында балалар тек қатысушы ретінде болғанымен, одан әрі нақты әрекеттер орындау барысында жобалау субьектісі бола алады. Әр оқушыға жеке тапсырмалар беріліп, оның орындалуы оқушының ӛз тарапынан жүзеге асырылса, бұл – нақты оқушы субьектілігінің кӛрінісі. Ол тапсырма орындалмаса субъектілік жүзеге асырылмауы да мүмкін.
Субъектілік жағдайды кеңейтуге, дамытуға да болады, ол жобаны жеке немесе топпен орындаудағы ӛз бетіндік әрекеттердің нығаюы, қалыптасуы жүзеге асырылады. Жобалау әрекетін топпен орындаудың маңызы зор, ӛйткені, топтың субъектілігі жоғары болады. Ӛйткені, жобаны орындауда жобаның субъектілігі ретінде топтың қолдауы ерекше рӛл атқарады.
Келесісі – педагогикалық (білім беру) жоба. Оның жобалау субъектісі әуел бастан педагог: педагог субъектілік болатын жағдайды жобалайды, педагог ӛз жобасын– оқушылардың жобалау әрекетін ұйымдастыруды жүзеге асырады, оқушылардың дамуын қамтамасыз ететін оқу жағдайын тудырады, басқарады. Жоғарыда кеңінен берілген екі жобаның объектілері де екі түрлі болады.
Оқушы жобасында бұл–пәндік ситуация, сол ситуацияға байланысты жобалау мақсаты, әрекеттері, идеясы жүзеге асырылады.
Ал, педагогикалық жобалаудың обьектісі– оқушылардың жобасы. Педагог бұл жағдайда ұйымдастырушылық қызмет атқарады. Айта кету керек, оқушылар жобасының кӛлеміне қарай педагогикалық басқару бір педагог шеңберінен шығып, мектепшілік қолдауды қажет етуі мүмкін. Мысалы, сабақ кестесін ӛзгерту, аудиториялар мен класс кеңістіктерін бӛлу, ақпараттық ресурстардың қолжетілімділігін ұйымдастыру т.б. Ол жағдайда жобаның субъектілері–тұтас команда, педагогикалық ұжым да бола алады.