Оқушылардың топпен жұмыс істеу қабілетін анықтайтын кӛрсеткіштердің маңыздысы–олардың ӛз жауапкершілігіне белгілі бір қиын міндеттерді ала білуі. Бұл – оқушының жобаның жалпы идеясын түсінуін және осы міндетті орындамай, жобаның нәтижелі болуы мүмкін еместігін кӛре білуінің айғағы.
Келесі кӛрсеткіш – жобалау идеясын орындамай жатып, басқа да тартымды жұмыстарға араласуға бармау, жобаны аяғына жеткізуге күш жұмсау.
Тағы бір кӛрсеткіш-ӛз пікірінің ӛзгелерге түсінікті болуына кӛңіл аудару, басқа адамдардың пікірін ескере отырып, ӛз ойлары мен ұсыныстарына ӛзгеріс енгізе білу.
Жоғары сыныптарда оқушылар топтық қатынас болсын, жай қатынас болсын, рефлексиялық баға бере алады. Ал негізгі мектепте түгелдей жету мүмкін емес. Сондықтан негізгі мектепке тән жасӛспірімдік шақта топтық жұмысты, оның нәтижелерін, коммуникациялық деңгейлерін талдауға үйретілу керек.
Оқыту әдістемесі дәстүрлі түрде жүргізілетін мектептерде мұғалімнің рӛлі басым болып, ол оқушыдан сабақты тек қана тақтаның алдына ғана шығарып сұрайтын болса – бұл мектептерде жобалау әрекеттерін ұйымдастыру оңай емес. Ол мектептерде қалыптасып қалған дәстүр – стереотипті ойлау, үйренген жолмен ғана жылдар бойы жүру.
Жобалауды ұйымдастырудың тиімді жолы–осы бағытта мектепте белгілі бір қалыптасқан дәстүрдің болуы. Оның мәні педагогтарда әр пән бойынша жобалау әрекеттерін ұйымдастыру тақырыптарының болуы, сыныптан тыс жұмыстарды жобалауға ұсыныстардың дайын екені ғана емес. Ең бастысы–жобалау әрекеттерінің элементтері таныс болуы, педагогтардың белгілі бір жобаға қатынасу тәжірибесі немесе жоғары сынып оқушылырының кіші жастағы балаларды ӛз жобаларымен таныстыруы бірнеше сыныптан тыс жобалардың тәжірибесі болуы маңызды. Біз осы жерде жобалау әрекеттері белгілі бір деңгейде жүргізілетін мектеп жағдайында және жобалау әрекеттері мүлдем таныс емес мектеп жағдайында оны дәстүрге айналдыру жолдарын қарастырамыз.
Жобалау әдістерінен азды–кӛпті тәжірибе болған жағдайда, олардың белгілеріне, символдарына кӛңіл аударылуы тиіс. Мысалы, жобаны ұйымдастыру сәттерінен түсірілген суреттер, бейнефильмдер, жинақталған альбомдар, кітапшалар, оқушы портфолиосы, кӛрмелер, т.б. Жобалауды ұйымдастыру дәстүрлі мектептің қатып қалған тәртібінің ауқымына сыймайды, оның атрибуттары қазіргі оқушылардың қарым–қатынас ерекшеліктеріне, еркін ойлауына сәйкес келетіні белгілі.
Егер де жобалау бұрын–соңды мектеп тәжірибесінде болмаған жағдайда оны ұйымдастыру ӛзгеше болады. Бұл кезде педагогтар арасынан бастамашы топ құрылып, оларды жобалау әрекеттеріне даярлау ұйымдастырылады. Оны элективтік курстар арқылы жүргізген тиімдірек.
Алғашқы жобалар қысқа мерзімдік (1-2 апталық) болғаны дұрыс, және олар кеңесші – педагогтың қатысуымен ұйымдастырылады. Жоба жұмысы аяқталып, нәтижесін презентациялау барысында оқушылар мен педагогтардың белсенді қатысуын қамтамасыз еткен дұрыс.
Жобалау жұмысын рәсімдеу, ӛзіне тән белгілері мен атрибуттарын қатаң сақтаумен қатар, оқушылар үшін оның маңызын, стационарлық сипатын сезіндіру үшін мектепте жобалау зертханасы, техникалық үйірмелер, авторлық немесе шығармашылық топтар т.б. құрылымдар мәні ерекше болды. Бұл құрылымдар оқушылар жобасын жүзеге асырудағы сабақтастықты педагогтардың, түрлі жастағы балалардың бірлескен әрекеттердің дәстүрге айналуына ықпал етеді. Педагогтармен бірге жоғары сынып оқушылары жобаларын жасау, тӛменгі сынып пен жоғары сынып оқушыларының бірлескен жобалары, сонымен қатар, сыныптан тыс ата – аналар қатысуымен жасалған жобалардың ӛз тарихнамасын құрып, жобалауды мектеп дәстүріне ендіруге негіз салынады.
Білім беру үдерісіне қатысушылардың қарым – қатынас түрлері. Білім беруде оқушы әрекеттерінің жаңа түрлері енгізілуі педагог–оқушы қарым–қатынасын ӛзгертетіні сӛзсіз. Дәстүрлі оқытуда бұл қарым – қатынас біржақты түрде жүргізіледі. Атап айтқанда, әр пән бойынша оқулықтардың оқушыға берілуі тиіс белгілі бір білім қоры жинақталған. Мұғалімнің міндеті – сол білім қорын ӛзгертпестен оқушыға түсіндіру.
Білім, білік, дағды – оқулықтарда нормаланып берілген, яғни, қандай демократ болса да, мұғалім оқушыдан осы нормаларды орындауды талап етеді. Олар–ережені, формуланы, анықтаманы жаттап алу, қайта айтып беру, оларды практикалық жұмыста пайдалану. Осы тұрғыдан алғанда оқушы мен мұғалім еш уақытта тең құқықта болмайды, ӛйткені, біреуі біледі, екіншісі, білмейді, оған түсіндіру керек.
Ал осы мақсатқа жетудің құралдарының бірі – оқыту әдістемесі. Әдістеме бойынша, қандай пән болса да оқушының ӛз түсінгенін ауызша айтып беруін талап етеді. (теорияға сай, ауызша ақпарат мазмұны тек 10% ғана есте қалады.) Сонымен қатар, әдістеме бойынша, педагогтар қосымша кӛрнекі құралдар пайдаланады, түрлі жаттығулар береді. Олардың барлығын тиімді пайдаланған жағдайда педагогикалық қызмет тиімді болады деп күтіледі. Әрине бұлар белгілі бір деңгейде нормалар бойынша берілген білім қорын игеруге мүмкіндік береді.
Осылайша, егер оқытудың мақсаты ретінде нормаланған білім, білік, дағдыларды үйрету кӛзделсе, бұл мұғалім мен оқушының тең қатынасын қажет етпейді.
Оны оқытудағы кемшілік емес, дәстүрлі білім берудің сипаты деп қарастырған жӛн. Қарым–қатынастың бұдан басқа түрі алға қойған мақсатты орындауда оқушы мен мұғалімнің мүмкіндіктері мен жауапкершіліктері тең дәрежеде қарастырылғанда ғана пайда болады.
Жобалау әрекетін ұйымдастыруда идеясы, бағыты белгілі болғанымен шын мәнінде алынатын ӛнімді оқушы да, мұғалім де дәл біле алмайды. Ӛйткені, алынатын нәтиже әзірге идея түрінде ғана белгіленеді.
Идея пайда болғаннан бастап–оны орындаудағы қиындықтардан, мәселелерден ӛте алу, кейде идеяның орындалуы туралы алғашқы жоспарды қайта ӛзгерту, қайта жасау–бұлардың барлығы да командада педагогтың болуымен, оның жобаны ұйымдастыруымен ғана мүмкін болады. Жобалаудың кӛп бӛлігінде мұғалім басқарушы емес, қатысушы рӛлін атқарып, оқушылармен тең дәрежеде болады. Осындай ӛзара тең қатынастарды ұйымдастыру бүгінгі жағдайдағы коммуникацияларда үлкен рӛл атқарады.
Жобалау әрекетінің бұрынғы пионерлік немесе скауттық қозғалысқа ұқсас міндеттері болды, олар оқушылармен жұмыс барысында ӛз әрекеттерін мақсатқа сай ұйымдастыра білуден, ӛзара қарым – қатынасқа түсе білуден, ӛз міндеттерін топ ішінде бӛлісе алуларынан кӛрінеді.
Осы әрекеттерге сай ортақ мақсатты орындау барысында нәтижені белгілеу, алға қойған міндеттердің шешу жолдарын іздеу, т.б. қарым–қатынастың жаңа түрлері пайда болады.
Бұл жаңа қатынастар нұсқаулар негізінде немесе біреулердің тілегі үшін немесе педагогтың басымдығын болдырмау үшін деген сияқты себептерден пайда болмайды. Немесе педагогтың қарым – қатынаста ӛзгерту тілегінен де туындамайды. Жаңа типті қарым – қатынас, шын мәнінде, жаңа әрекеттің міндетті компоненті ретінде пайда болады.
Жобалау әрекетінің қатаң нормативтік құрылымы мен мазмұны болмайды. Әрекеттің негізіне оның нәтижесі ретіндегі ӛнім алынады. Нәтиже де (ӛнім) ӛз алдына нақты нормаланбайды, олай болса, жобалау шығармашылық жұмысқа айналуы мүмкін. Сондықтан оған қатысушылардың рӛлдері тең дәрежеде қарастырылады.
Жобалаудың ерекшілігі–оның ресурсы ретінде оған қатысушылардың білімі мен қабілеттері қарастырылады, орынды жұмсалады. Бұл кезде білімі тереңірек, қабілеті жоғарырақ адамның лидерлік қасиеттері кӛрінбек. Ал жобалау барысында белгілі бір уақыт ішіндегі түрлі әрекеттерге байланысты рӛлдер қабілеттеріне қарай ӛзгеріп отыруы да мүмкін.
Педагогтар үшін ескеретін жайт, жобалау барысында шешімді ӛзі қабылдау, ӛз пікірін ғана басшылыққа алу сияқты істерден бас тарту қажет. Әрине, бұлар тәжірибеде болмайтын нәрселер емес, кейде олай істеуге де тура келеді. Бірақ шама келгенше оқушыларға жауапкершілік арту қажет.
Оны болдырмау жолдары тәжірибемен бекітіледі. Бірақ жобалауға оқушылар кеңінен қатыса отырып, оның барлық компоненттерін игерген сайын ӛздерінің белсенділіктері арта бастайды. Бірақ педагогтың жетістігі ретінде оқушының нәтижесі алынып тұрған кезде, педагог жобаның тартымды болуына белсенділік танытары сӛзсіз.
Оқушылар үшін жобалау әдеттегі қызмет түріне айналған кезде, олардың педагог тарапынан қадағалануы азаяды. Бұл кезде мұғалім оқушылардың жобалау әрекетінде басқарушылық қарым – қатынасқа түскені жӛн. Басқару үшін педагогқа қажетті тӛмендегі сапалар анықталады: ӛз пәнін ӛте жақсы білу, жобалау қызметін ұйымдастыру тәжірибесі, коммуникативтік құзіреттіліктерінің болуы. Дәстүрлі оқытуда мұғалімдердің осыған ұқсас қасиеттері пайда болып, кәсіби қызметінде одан әрі дамиды деп есептелсе, кәсіби басқару әрекеті мен оған қажетті коммуникация мұғалімнің кәсіби дамуы арқылы жүреді.
Жобалау әрекетін ұйымдастыру–оқушылардың ӛзара ынтымақтастықта бірлескен іс-әрекетін, қатынасын дамытуға негіз болады. Ӛйткені, жоба идеясы оларды біріктіреді. Міндеттерді ӛзара бӛлісуге, мазмұн–мағынасы бар жұмыс атқаруға ықпал етеді.
Айта кету керек, оқу әрекеті сияқты, жобалауға қатысатын топтар да бір жоба аяқталған соң тарап кетеді, одан соң жаңа жоба идеясымен қайта бірігеді. Сӛйтіп, топтар да оның мақсаттары да үнемі ӛзгеріп отырады. Бұл педагогикалық қарым–қатынастың тиімді түрі, ӛйткені, оқушылар түрлі топтармен, оқушылармен түрлі рӛлдерде қарым–қатынас дағдысына үйренеді.
Жобалау топтары 4–6 адамнан шағын болса тиімдірек.(Әрине әр жобаның мақсатына байланысты жеке, жұппен немесе түгел сынып қатысуымен де орындалатын
түрлері бар.)
Ал шағын топтармен ұйымдастыру, бір жағынан, идеяны жүзеге асыруға қолайлы, екінші жағынан, оған қатысушылардың ӛзара қатынастырын қалыптастыруға және қолдауға мүмкіндік береді.
Жобаны жүзеге асыру мерзімі оның мазмұны мен мақсатына байланысты. Ал жобалық жұмыс барысында коммуникациялық қатынастарды қалыптастыру 2 аптадан бір айға дейінгі мерзімде мүмкін болады.
Жобаның одан да ұзақ мерзімге созылуы ішкі топтардың, жұптардың, лидердің пайда болуына әкеледі. Сондықтан ұзақ мерзімді жобаларда оның белгілі бір кезеңдері аяқталған кезде топтардың ішкі міндеттерін бӛлісу, жаңа топтар мен лидерлерді ауыстырып отыруға болады. Бұл әр адамның топтағы позицияларын ӛзгертіп, ӛзін жаңа сапада байқауына, басқалармен жаңа қатынастарды қалыптастыруына жағдай жасайды.
Педагог лидерлермен жұмыста ӛте байқампаз болған жӛн, ӛйткені лидерді қалыптастыру барысында ӛзара қатынаста мәселелер туындауы мүмкін. Атап айтқанда, жеке ерекшіліктеріне сай, кейбір лидерлер істі тиімді ұйымдастыруда ӛзге оқушыларды жұмылдыра білетін, оларды тең дәрежеде ұйымдастыра білетін болса, кейбірі ӛз лидерлерін тек ӛз дегенін істетуге, ӛзгенің пікірін елемеуге, ӛз басымдығын үнемі білдіруге бейім болады. Бұл топішілік конфликтіге апарары сӛзсіз. Оны болдырмаудың тиімді жолы - әр оқушының лидер позициясында да болуын қамтамасыз ету, рӛлдерді үнемі ауыстырып отыру.
Сондай–ақ топ ішінде ауысып отыратын «time – kepeer» (уақыт регламентін қадағалаушы), идеяларды жазып отыратын хатшы, т.б. рӛлдер болуы қажет.
Қорыта айтқанда, шағын, не үлкен топтар нақты бір жобаны орындау үшін құрылады және жоба жұмысы аяқталғанда бұл топ таратылады. Жаңа жоба пайда болғанда жаңадан басқаша топ құрылғаны дұрыс.
Жобалау әрекеті оқушылардың коммуникативтік қатынастарын қалыптастыруға ықпал етеді, оларды рӛлдік позициялардан әртүрлі әрекеттер мен қарым–қатынастар құруға жағдай туғызылады.