Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 ббк 74. 00 Б 29



бет80/114
Дата02.05.2023
өлшемі1,04 Mb.
#88815
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   114
Бірінші қадам. Білім беру ұйымында қалыптасқан дәстүрлі жұмыстардың белгілі бір талаптарды орындауға жеткіліксіздігін, ӛзгерістер қажеттігін ұғыну жоба тұжырымдамасын жасауға негіз болады.
Жоба жетекшілері білім беру ұйымындағы ӛзгерістерге негіз болатын факторлар мен одан туындайтын мәселелер ретінде жағдайларды ұсынады. Олардың мәні тӛмендегідей болуы мүмкін:

  1. Мемлекет, қоғам деңгейінде білім беру нәтижесіне қойылатын талаптардың ӛзгеруі;

  2. Жаңа бағдарламалар мен жаңа әдістемелік нұсқаулар жасалуы;

  3. Рейтингтер қорытындысында ұжым кӛрсеткіштерінің тӛмендігі;

  4. Педагогтармен жүргізілетін әдістемелік, ғылыми – ақпараттық қызметтер деңгейлерінің тӛмен болуы;

  5. Педагогтардың басқа білім беру ұйымдарына ауысу кӛрсеткіштері;

  6. Білім алушылардың түрлі тестілер мен сайыстар қорытындылары, бітірушілер кӛрсеткіштері тӛмен болуы, т.б.

Мысалы, бүгінгі ӛзекті мәселе – еліміздегі білім беру ұйымдарында пәндік және түйінді құзыреттік нәтижелерді қалыптастыруды кӛздейтін 12 жылдық білім беру жүйесіне педагогтарды инновациялық дайындауды қамтамасыз ету.
Екінші қадам. Мәселені ұжым болып түсіну. Бұл қадам ұйымда ӛзгерістер қажеттігін түсінгеннен кейінгі мәселені анықтау, міндеттерді айқындауға кірісу қажеттігін кӛрсетеді. Шешу жолдары ұйым мүшелерінің белсене қатысуымен терең талдана отырып айқындалған жағдайда жоба нәтижелі орындалады.
Үшінші қадам. Жетекшілер, лидерлер тобының бір шешімге келуі. Жоба жетекшілері қатарында әдетте озық тәжірибелі педагогтар, қоғамдық қызметтер жетекшілер мен түрлі ұйымдар мен қоғамдар мүшелері, ұжым белсенділері жеткілікті болады. Зертхана жағдайында ондай адамдар түрлі ақпараттар мен мәліметтер, ұсыныстар жинап, ӛз деңгейлеріндегі ӛзгерістерге дайындалады, ұйым мүшелерін дайындайды.
Ұйымды дамыту жұмыстарының тиімділігі лидерлер мен жетекшілерге байланысты, сондықтан жоба жетекшілерінен алдын ала ойлау ерекшелігі; ӛзгерістерді сезіне білуі, кейбір мақсаттарды қажет болса ӛзгертуге батылдығы, жігерлілігі, қайраттылығы, адамдарды ӛз жігерімен ерте алуы, адамгершілік қатынастары талап етіледі.
Тӛртінші қадам. Ӛзгерістердің алғы шарты - алдын кӛре білу және мақсат қоя білу. Жобалау алдындағы талдау мен жоба тұжырымдамасын жасау – қатысушылар үшін ең маңызды жұмыс болып табылады. Ӛйткені, ол тұжырымдамада жобаланатын ӛзгерістердің жан –жақты талданған, негізделген, ұйының шын мәніндегі мүмкіндіктерін анықтаған алғы шарттары беріледі.
Бесінші қадам. Ұжымдағы адамдарға ӛзгерістер мәнін жеткізу. Тұжырымдама немесе жобалау алдындағы талдау жоба жетекшісінің немесе оны құрастырған топтың жеке жоспары емес, тіпті ол тексерушілерге кӛрсететін құжат та емес, ол–жобаның теориялық негіздемесі. Оны ұйым мүшелерімен алдын ала толықтай талдап, педагогикалық кеңестің бекітуіне ұсыну қажет болады. Бұл міндетке сай тӛмендегі шарттар сақталуы міндетті:

  • ұйым мүшелеріне ӛзгерістердің себебі мен мотивін алдын ала жеткізу;

  • ұйымның болашақ бейнесі мен мазмұнының басқаларға түсінікті болуына жағдай жасау;

  • ұйымның болашағы адамдардың ынтасы мен қызығушылығы артуын қамтамасыз ету;

Алтыншы қадам. Жобалау қызметін басқару. Бұл кезең мақсатты бағдарлы жобаларды құрастырудан тұрады. Қатысушылар таңдаған тақырыптарына сай шағын топтарға (жобалау командасы) бірігіп, берілген үлгіде жоба құрастырады. Жобалау топтарындағы адамдар белсенділікпен, ӛз идеяларын ұсынып отырғаны жӛн. Жобалаудың табысты болуы тӛмендегі факторларға байланысты:

  • жобаның нақты, айқын құрылуы;

  • басты мақсатты назарда ұстауы;

  • жобалау топтары мүшелерінің ӛзара келісім жағдайында жұмыс істеуі:

  • аралық нәтижелерді қамтамасыз етіп отыру;

  • топтағы қолайлы ахуал;

  • ақпараттық және коммуникативтік жүйелердің қолжетімдігі;

  • жобалау топтарының кәсібилігі, ӛз қызметін жақсы түсінуі.

Жетінші қадам. Адамдардың ынталануы, қызығушылығы. Жоба жетекшілерінің ынталануы жобаға қосатын үлестерін білдіреді, олар ӛз мақсаттарымен және ӛз шешімдерімен топты таныстыра алатын жағдай туғызылуы тиіс. Оның жүзеге асырылуы адамның ӛзіне сеніміне, ӛз болашағын ӛзі қалыптастыра алатынына кӛзі жетуіне байланысты болады.
Ұжымдық ӛзгерістерге қатысуға адамдардың ынталануы ӛздерінің іс–әрекет барысындағы жетістіктері, басқа адамдардың табыс пен нәтижелерді қолдауы,
басшының мойындауы нәтижесінде пайда болады. Сондай– ақ, ұйымның дамуын жобалауға қатысу олардың
жауапкершілігін жоғарылатып, ӛз жобаларын жетілдірудегі ізденістерге, шығармашылық әрекеттерге жағдайлар туғызылатыны сӛзсіз.
Жобалау технологиясын қолдануда оған қатысушылардың ынталану деңгейлері түрлі болуы да мүмкін. Бұл тӛмендегідей жағдайлардан кӛрінуі мүмкін:

  1. Қатысушылықтың тӛмен деңгейі, ұсыныстар берумен ғана шектелу;

  2. Қатысушылықтың орта деңгейі, бағалауға ғана қатысуға ынталылық;

  3. Қатысушылықтың жеткілікті деңгейі кей адамдардың жұмыстық топтар құрамына енуге тырысуы;

  4. Қатысушылықтың жоғары деңгейі, жүйенің барлық деңгейлері бойынша шешім қабылдауға қатысуға ынталылық.

Жобалауға ұжымның белсенділікпен қатысуына кӛңіл бӛлудің, оған ынталандырудың тұлғааралық қарым– қатынастар орнату, педагогтарды дамыту, ата-аналар, қоғамдық ұйымдармен байланыс мәселелерінде аса қажеттігі байқалды.
Сегізінші қадам. Жетістіктерді жоспарлау. Жетістіктер адамның одан арғы іс-әрекеттеріне түрткі болатыны белгілі, ӛйткені, әр адам ӛзінің нәтижелі болған әрекеттерін қайталауға, оны дамытуға үнемі ұмтылып отырады. Сондықтан, ұжымдағы тәжірибемен байланыстыра жүргізілген жұмыс әуелі қарапайым жобаларды орындаудан басталса, олардың табысты болуы үлкен жобалардың сәтті жасалуына сенімділікті қалыптастырды. Табысты болған тәжірибелер, біріншіден, жобалау қызметін әрі қарай дамыту үшін аса маңызды болса, екіншіден, қатысушылардың алға қойған мақсатқа жетуде белсенділікпен қатысуға ынталандыратынына кӛз жеткізілді. Соған байланысты, алғашқы кезеңдердегі жобалау барысында аз уақытта нәтижеге жеткізетін ӛзгерістер түрлері жоспарланды. Кейбір бағыттардағы нәтижелі қадамдар қатысушыларды ғана емес, оны «бақылап» отырғандардың ынталануына мүмкіндік береді.
Бұл жұмыстың тағы бір маңызды жағы – лидерлерге қарап үйренуге ұмтылыс пайда болады. Қалыптасқан түсінік бойынша адам кӛбінесе жетістікке жеткен әріспестерінен үлгі алуға тырысатыны белгілі. Сондықтан, жоба жетекшілерінің жұмыс барысындағы іс-әрекеттері қызметтік қана емес, тұлғалық, лидерлік, менеджерлік сапаларын жетілдіруге де ықпал ететін ескеру қажет.
Тоғызыншы қадам. Ұйымдағы ӛзгерістерді бекіту. Жобалау зертханаларында жасалған жобаларды талдау, тиімділеріне баға беру, негізінде ұйымдарға қажетті деп табылған жобалар педагогикалық кеңестерде бекітіліп, ұйым тәжірибесіне енгізілді. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында таратуға, әдістемесі мен технологияларын басылымға беруге ұсынылатын жобалар да анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет