Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет48/139
Дата14.09.2023
өлшемі1,6 Mb.
#107534
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   139
9. Қорғаныс рефлекстері. 
Пирамидалық жҥйенің зақымдану симптомдарына, орталық 
сал ауруында байқалатын қорғаныс рефлекстері жатады. 
Қорғаныс рефлекстері дегеніміз – сал болып қалған аяқ–қолға 
тітіркендіргіштер әсер еткен кезде, ырықтан тыс жазылуы мен 
бҥгілуі.
10. Патологиялық рефлекстер (жазылу және бүгілу). 
Патологиялық рефлекстер деп, ересек сау адамда пайда 
болмайтын, тек жҥйке жҥйесінің зақымдануында ғана 
байқалатын, мидың тежеуші әсерінің тӛмендеуімен байланысты 
рефлекстер (патологиялық рефлекстер пирамидалық жҥйенің
зақымдануынан пайда болады) аталады.
Патологиялық рефлекстер жазылу және бҥгілу рефлекстері 
болып бӛлінеді (аяқ-қол ҥшін). Бҧл патологиялық рефлекстер 


66 
пирамидалық жҥйенің зақымдануында дами бастайтын, орталық 
(спастикалық) сал ауруының синдромын қҧрайды. 1 жасқа дейінгі 
балаларда, бҧл рефлекстер патологиялық белгі болып 
саналмайды.
11.
 
Позотондық рефлекстер. 
Позотондық рефлекстер туа біткен, шартсыз рефлекстік
қимыл-қозғалыс автоматизмдеріне жатады. Қалыпты дамудағы 
балаларда бҧл рефлекстер, бала ӛмірінің алғашқы айларынан
байқалады. Олардың біртіндеп жоғалуы, бала әрекетіндегі
шартсыз рефлекторлық сатының пайда болуына қажет жағдай 
тудырады. Қалыпты дамуда 3 айдан кейін, позотондық 
рефлекстер мҥлдем жоғалады. Ал бҧл рефлекстердің сақталуы, 
ОЖЖ зақымдануының симптомы, яғни БЦП симптомы. Бҧл 
рефлекстерді патологиялық рефлекстерге жатқызуға болады, 
себебі ересек сау адамдарда пайда болмайды. Церебральды сал 
аурулы балаларда аталған рефлекстер мектеп жасына дейін 
сақталады, келешекте бала денсаулығына ықпалы болады. 
Жоғары интегративті қозғалыс орталықтары, мидың қажетті, яғни 
рефлекторлық қозғалыс реакцияларын жҥзеге асыратын 
бӛліктеріне, тежеуші ықпал жасай алмайды, сондықтан оларды 
позотондық рефлекстерге жатқызады. Екінші жағынан, алып 
қарағанда, ми қҧрылымының белсенді қызметі, ырықты қимыл-
қозғалысты, сӛйлеуді және жоғары қыртыс қызметтерін 
реттейтін, ми қыртысының жоғары интегративті орталықтарының 
жетілуін тежейді. 
Позотонустық рефлекстердің арасында, БЦП кемістігінде 
маңызды орын алатындары: 
Лабиринттік тонустық рефлекс, 
басты ҧстау кҥйін 
ӛзгерткенде байқалады. Бала шалқасынан немесе етпетінен 
жатқанда. Шалқасынан жатқанда, бала басын кейін тартады. 
Аяқтары бір-бірінен алшақ, тізесі бҥгілген. Қолдары, саусақтары 
жҧдырыққа тҥйілген. Бала басын кӛтере алмайды. Ал етпетінен 
жатқанда, басы мен арқасы бҥгілген, қолы кеудесінің астында, 
аяқтарын бҥгіп, бҥйіріне қарай тартады. Бҧл кҥйде бала басын 
кӛтере алмайды, аяқ-қолын тіктеп, тіреле алмайды.
Мойынның симметриялық тонустық рефлексі. 
Бҧл БЦП бар 
балалардың омыртқасының мойын бӛлігінде байқалады. Бала 


67 
басын еңкейтіп, шалқасынан жатқан кезде, аяқ-қолының жҧмылу, 
жазылу тонусы жоғалады.
Мойынның ассимметриялық тонустық рефлексі.
Бҧл 
мойынды бҧрған кезде байқалады. БЦП бар балалардың 
моторикалық дамуы, кейде тонустық рефлекстердің қатты әсер 
ететін сатысында тоқтап қалады. Балалардың жасы 2,5-да болса, 
10-да болса, оның қимыл-қозғалыс дамуы, 2-5 айдағы сау 
баланың деңгейімен бірдей болады.
Сонымен БЦП - мҥлде қозғала алмау емес, бҧлшық ет 
қозғалысы ҥдерісін еркін басқара алмау. 
Бҧзылу локализациясына байланысты, церебральды сал 
ауруының 4 тҥрін ажыратады:
тетраплегия – 
аяқ–қолдардың жалпылай зақымдануы; 
диплегия (параплегия) – 
аяқтардың, не болмаса қолдардың 
зақымдануы; 
гемиплегия – 
дененің оң жағының, не болмаса сол жағының 
зақымдануы; 
моноплегия – 
бір ғана қолдың, не болмаса бір ғана аяқтың 
сирек кездесетін зақымдануы»
1
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет