Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)


Калибрлердің атқарушы өлшемдерін есептеу



бет45/147
Дата17.10.2023
өлшемі6,42 Mb.
#117498
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   147
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

Калибрлердің атқарушы өлшемдерін есептеу. Калибрлердің атқарушы өлшемі деп калибрді жасау өлшемдерін айтамыз. Бұл өлшемдерді анықтау үшін қапсырма-калибрдің сызбасында ең кіші шекті өлшемі оң ауытқуымен, ал тығын-калибр үшін ең үлкен шекті өлшем теріс ауытқуымен көрсетіледі. Мұнымен калибрдің тозуы мен желінуіне максималды қор қамтамасыз етіледі.
Есептеуге арналған формулалар:

  1. Тығын-калибр

1. Жаңа ПР калибрдің ең үлкен өлшемі:
ПРmax= Dmin + Z + H/2.

    1. Тозған ПР калибрдің ең кіші өлшемі:

ПРmin тозу = Dmin – Y .
Егер өлшемі осы мәнге тең немесе кем болса, онда ол жарамсыз.

    1. Жаңа өтпейтін калибрдің НЕ ең үлкен өлшемі:

НEmax = Dmax + H/2,
мұнда Dmin, Dmax – бақыланатын тесіктің рұқсат етілген шекті өлшемдері.
2) Қапсырма-калибр
1. Жаңа ПР калибрдің ең кіші өлшемі:
ПРmin= dmax – Z1 – H1/2.
2. Тозған ПР калибрдің үлкен өлшемі:
ПРmax тозу = dmax + Y1.
Егер өлшемі осы мәнге тең немесе үлкен болса, онда ол жарамсыз.
3. Жаңа өтпейтін калибрдің НЕ ең кіші өлшемі:
НEmin = dmin - H1/2,
мұнда dmax, dmin – бақыланатын біліктің рұқсат етілген шекті өлшемдері.
Ары қарай калибрлерді есептеу мысалы келтірілген. Тесік пен білікті бақылауға арналған тегіс калибр өлшемдерін есептеу.

Тесік 60Н7. СТ СЭВ 144-75 стандарты бойынша өлшем ауытқуын табамыз:
Жоғарғы ауытқу ES = +30 мкм , төменгі ауытқу EI = 0.
Максималды диаметр Dmax = 60,03 мм, минималды диаметр Dmin = 60,0 мм.
7 квалитет үшін МСТ 24853-81 стандартына сәйкес 50-80 мм аралығында мәліметтерді табамыз: H = 5 мкм, Z = 4 мкм, Y = 3 мкм.

  1. Жаңа ПР калибрдің ең үлкен өлшемі:

ПРmax= Dmin + Z + H/2 = 60,0 + 0,004 + 0,005/2 = 60,0065 мм.
Сызбада қойылатын калибр өлшемі 60, 0065 – 0,005 мм.
Тозған ПР калибрдің ең кіші өлшемі:
ПРmin тозу = Dmin – Y = 60,0 – 0,003 = 59,997 мм.
Егер өлшемі осы мәнге тең немесе кем болса, онда ол жарамсыз.



  1. Жаңа өтпейтін калибрдің НЕ ең үлкен өлшемі:

НEmax = Dmax + H/2 = 60,03 + 0,005/2 = 60,0325 –0,005 мм (2.20-сурет)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет