Өлшеу және бақылау құралдарын жобалау қағидалары 1. Тейлор қағидасы. Алдын ала шекті мәндері жазылған профиль өлшемдерінің сәйкестігін, өтетін және өтпейтін шектерді нақтылау арқылы сенімді анықтауға болады (ГОСТ 45346-82). Кез келген бұйымды рұқсат етілетін ең жоғарғы және ең төменгі өлшемдері бойынша кем дегенде екі рет бақылаудан өткізу керек.
2. Аббе қағидасы.Бақыланатын геометриялық элемент және салыстыру элементі бір сызықта, яғни өлшеу сызығында орналасса өлшеудің минималды қателіктері пайда болады (4.7–сурет). А сұлбасында Б сұлбасына қарағанда, өлшеудің қателігі төмен.
3. Инверсия қағидасы. 3 үрдістің, өзара сыйымдылығына негізделген, онда бөлшек өңделуге, бақылануға және эксплуатациялануға қатысады. Инверсия (қарату) қағидасы бойынша қателікті анықтау үшін өлшеу сұлбасы кинематикалық пішін түзетін сұлбаға және бұйымды құру сұлбасына сәйкес келу керек. Осы арқылы дұрыс өлшеудің төмендегідей шарттарын алуға болады:
– өлшеу кезіндегі қозғалыс траекториясы пішін түзу кезіндегі қозғалыс траекториясына сәйкес болу керек;
– өлшеу кезіндегі әрекет ету сызығы механизмнің жұмыс істеу кезіндегі әрекет ету сызығына дәл келуі керек (Аббе қағидасы);
– өлшеу базалары технологиялық және құрылымдық базалармен дәл келуі керек (бірыңғай база ережесі).
Инверсия қағидасы әдетте өлшеу құралының үздіксіз қозғалысы кезінде қолданылады.
Бақылау және өлшеу құралдарын таңдау (ГОСТ 14.306-73) Таңдау техникалық бақылау (ТБ) үрдістерінің берілген көрсеткіштерді қамтамасыз етуіне және бақылау үрдістерін жүзеге асыруға кететін шығындарды талдауға негізделеді. Міндетті ретте өлшеудің дәлдігі, дұрыстылық, еңбек сыйымдылығы, бақылау құны, қосымша параметрлер – бақылаудың көлемі, периодтылығы, жалғасымдылығы, толықтылығы есепке алынады.
Сызықтық өлшеу (СӨҚ) және бақылау (СБҚ) құралдарын контакттік (К) және контактсіз (Б), автоматты (А) және автоматтық емес (Н) деп бөледі. Сызықтық өлшеу үшін өлшеу аспаптарына өлшеу және орнату базалары, есептік құрылғысы бар өлшеу түрлендіргіштері жатады. Орнатылған есептік құрылғысы бар алынбалы өлшеу түрлендіргіштерін әдетте, өлшеу басшалары деп атайды. Осы тұрғыда автоматты өлшеу құрылғыларында өзі жазатын немесе сан басып шығаратын сандық есептер болуы мүмкін.
Автоматты бақылау құралдарын бақылау-өлшеу, бақылау өлшеу-саралау автоматтарына және жартылай автоматтар мен активті (басқарушы) өлшеу бақылау құралдарына бөледі. Автоматты емес өлшеу құралдарын есептік құрылғылардың (штрихтық, сандық, тілшелік және түстік) типтеріне қарай бөледі. Шкалалар сызықтық, бұрыштық және дөңгелектік болуы мүмкін. Бақылау және өлшеу құралдары бір өлшемді (бұйымдағы бір өлшемді өлшейді) және көп өлшемді (бұйымдағы бірнеше өлшемді өлшейді) болады. Барлық өлшеу құралдарын олардың тағайындалуына сәйкес әмбебап және арнайыландырылған деп бөлуге болады.
Өлшеу құралдарын таңдаудағы маңызды қорытынды мәліметтеріне: өнімділігі, рұқсат етілетін қателігі, өлшеу шегі, өлшенетін бөлшектің механикалық сипаттамалары (массасы, көлемі, беттің қаттылығы, құрылымының қатаңдығы, беттің кедір-бұдырлығы, бақыланатын беттің қол жетімді болуы), эксплуатациялау шарттары жатады.
Бақыланатын бұйымдардың үлкен партияларына автоматты өлшеу құралдарын қолдану қажет. Бұл – компьютерлендірілген бақылау-өлшеу құралдары (БӨҚ).
Бақылау мен өлшеудің түрлері мен әдістері Өлшеудің төмендегідей түрлері бар:
1. Тікелей – мұнда шаманың ізделінген мәнін тәжірибелік мәліметтерге қатыссыз табады;
2. Жанама – мұнда белгілі мәні бар ізделінген шамаға байланысты шаманы өлшейді;
1. Жиынтық өлшеулер – аттас бірнеше шамаларға бір уақытта өлшеу жүргізіледі;
2. Бірлестік өлшеулер – әртүрлі атты бірнеше шамаларға бір уақытта өлшеу жүргізіледі.
Бақылаудың:
1. Активтік;
2. Пассивтік;
1. Комплекстік;
2. Элементтік түрлері бар.