Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет74/147
Дата17.10.2023
өлшемі6,42 Mb.
#117498
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   147
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

Салыстырып тексеру сұлбалары МСТ 8.061-80 құжаттарымен регламенттеледі. Тексеру сұлбалары – регламенттелген құралдарды, мемлекеттік эталондарға сай келетін физикалық мәндердің өлшем бірліктерінің дәлдіктері мен әдістерін қамтитын, қалыптасқан ұстаным – тәртіптермен бекітілген құжат.
Салыстырып тексеру сұлбаларын:
– Өлшеу техникалары мен метрологияға ғылым мен техника потенциалының тигізген әсері;
– Метрологияның негізгі объектілерінің бірегейі, салыстырып тексеру сұлбаларын жүзеге асыру арқылы өңдірісті метрологиялық қамтамасыз ету тұрғысынан қарастыру керек.


Тексеру сұлбалары мемлекеттік, ведостволық және локальды болып бөлінеді. Тексеру сұлбаларын ӨҚ атын және тексеру тәсілдедерін, номиналды мәндерін немесе физикалық шамалар мәндері диапозондары мен номиналды мәндері мәтіндік бөлімімен сызба ретінде ресімдейді. Сызба біріне-бірі орналасқан және саны тексеру сұлбасының құрылымына байланысты штрихталған сызықтармен бөлінген өрістерден тұрады. Өрістер сызбаның сол жағында орналасқан, тік сызықпен бөлінген аты болуы керек.
Төменде, мысал ретінде, металл сызғышты тексеру әдісі көрсетілген.
Тексеру әдісі. МИ 2024-89
Металл өлшеу сызғышы.
Бұл әдіс металл өлшеу сызғыштарына ГОСТ 427 бойынша жасалады және олардың бастапқы тексерісін орнатады.
Тексеру кезінде төмендегідей құралдарда қолдану қажет:
ГОСТ 10905 бойынша 2 дәлдік класының тексеру плитасы.
ТУ 2-034-225 бойынша 2 дәлдік класы бойынша №1 жиынтық, қуыс бұрғы.
ГОСТ 5378 бойынша УН типіндегі бұрыш өлшеуіші.
ГОСТ 9378 бойынша беттің бұдырлық үлгілері.
ГОСТ 2789 бойынша Ra = 2.5 мкм кедір-бұдырлық параметрімен бөлшек- үлгілері.
ГОСТ 166 бойынша ШЦ-II типті штангенциркуль
ГОСТ 12069 бойынша IУ типті кесекті штрихталған шама.
КЛ тексеру сызғышы.
Тексеру шарттары және оған дайындық:
– Ғимарат ішіндегі қоршаған ауаның температурасы ( 20 + 5) 0С;
– Ғимараттағы қоршаған ауаның температурасының 1 сағатта өзгеруі
2ºС-дан артық емес.
Тексеру алдында сызғыш сәл бензинмен бүркіген майлықпен сүртілуі қажет, жұмыс орнында 1 сағаттай ұстау керек.
Тексеру операциялары:
1. Сыртқы тексеру. Шкаланың соңғы сантиметрлік белгісін қосымша миллиметрлік бөлулерінің сызғышты тігудің саңылауларының, сантиметрде арақашықтықты көрсететін сандық белгіленудің, антикоррозиялық қаптаманың, штрихтар мен сандардың нақтылығы, маркировканың дұрыстығының болуын тексеру.
2. Метрологиялық сипаттарды анықтау. Барлық метрологиялық сипаттар МСТ 427-ге сәйкес болуы керек.
2.1. Тексеру плитасы мен сызғыш тегістігі арасындағы бос аралықты анықтау. Тексеру плитасы мен сызғыш тегістігі арасындағы бос аралықты анықтау үшін тексеру плитасында сызғышты шкаласын жоғары қойып орналастырады, бос аралықты ұзындық бойынша қуыс бұрғымен анықтайды.
2.2. Сызғыштың тік қырларының тік болуынан ауытқуын анықтау. Сызғышты тік қырымен және қуыс бұрғымен тексеру плитасына орналастырады. Олардың номиналды өлшемі тік сызықтан ауытқуына тең бос қуысты өлшейді.
2.3. Тік қырларының қабырғасына перпендикулярлығының ауытқуын анықтау. Ауытқуды бұрыш өлшеуішімен өлшейді.
2.4. Сызғыштың тік қырлары бетінің кедір-бұдырлығын анықтау. Кедір-бұдырлық үлгілері немесе бөлшек-үлгілермен визуалды салыстыру жүргізеді.
2.5. Шкаланың миллиметрлік және сантиметрлік штрихтары ұзындықтарын анықтау. Оны сызғыш шкаласының басында, ортасында және соңында штангенциркульмен анықтайды. Сызғыштың әрбір таңдалған учаскесінде кемінде үш штрихының ұзындығын өлшейді.
2.6. Сызғыштың шкала ұзындығының номиналды мәнінен, әр штрихтан және сызғыш шкаласының басы немесе аяғының арақашықтығынан ауытқуын анықтау. Ол ұзындықтың брустік штрих мөлшерімен және ГОСТ 8.020 стандартына сәйкес 3-разрядты үлгі штрих мөлшері ретінде аттестатталған немесе бақылау сызғышымен салыстырылады. Әрбір штрих пен сызғыш шкаласының басы немесе аяғы арасындағы арақашықтықты 150 және 300 мм-лік сызғыштар үшін екіден кем емес рет үш жерде біркелкі орналасқан нүктелерде, ал бес жерден 500 және 1000 мм сызғыштар үшін өлшейді. Әрбір нүктеде өлшеу нәтижесі ретінде орта арифметикалық мәнді қабылдайды.

6.4. Метрологиялық қызметтің тексеру бөлімшелері және өндірістік құрылғыларға және бөлмелерге талаптар


Бұлар ГОСТ 8.395-80 талаптарымен реттеледі. Осы талаптарға сәйкес метрологиялық қызмет арнайы ғимаратта немесе қатты магнитті және жоғары жиілікті электромагнитті өрістерді, байланыс электр жүйелері, діріл мен шу көзінен, радио кедергілерді тудыратын объектілерден алыс орналасуы керек. Бір жұмысшы үшін бөлме ауданы 10-12 м²-тан кем болмауы тиіс. Егер бір жұмысшы бірнеше қондырғылармен жұмыс істейтін болса, бір қондырғыға 4-6 м² аудан белгіленуі керек. Бөлме құрғақ, таза және оқшауланған болуы тиіс. Ауаның ластануы немесе от қауіпті өндірістік үрдістер мен ӨҚ-мен манипуляциялар арнайы сорып шығаратын шкафы және вентиляциясы бар бөлек бөлмелерде болуы тиіс.
Тексерілетін ӨҚ түріне байланысты бөлмелерге қойылатын талаптар.
1) Радиоөлшеуіш құрылғылар, электронды-физикалық аппараттар
– бұлар орналасқан бөлмелердің есік, терезелері өздері түгел қалқалануы қажет. Ғимаратты метал қаңылтырлы сеткалармен қалқалайды.
– Камералар сыртқы магнитті және электронды өрістердің әсерінен сенімді қалқаланған болуы керек.
– Статикалық электр тоғынан қорғау үшін арнайы құрал болуы тиіс.
2) Қысым мен сиретуді өлшейтін құрылғылар
– дірілдер және сілкіністер болдырмайтын жағдай қамтамасыз етілуі керек,
– оттегі материалдарын қабылдау үшін бөлек бөлме болғаны дұрыс,
– жоғары қысымда құрылғылар тексерілуін өткізетін арнайы жабдықталған бөлме болуы керек.
3) Массаны өлшеу құрылғылары
– бұл үшін арнайы жабдықталған бөлме болуы қажет. Үлгілік гирлерді салыстырып тексеру үшін арнайы таразы бөлмесінде діріл, сілкіністер болмауы тиіс, олардың есік-терезелері екіжақты рамалардан тұруы қажет.
– жел, ауа ағындары болмауы тиіс.
– салыстырып тексерудің нормативті-техникалық құжаттарына сәйкес келетін қалыпты температураны ұстап тұру абзал.
– ауыр гирлерді салыстырып-тексеру үшін арнайы көтеріп тасымалдау жабдығы болу керек.
– жылжымалы таразыларды салыстырып-тексеретін бөлмелердің едендері тегіс болғаны жөн.
4) Сызықты және бұрышты шамаларды өлшеу құралдары
– Тексеріске арналған нормативті-техникалық құжаттардағы және МСТ 8.050-73-ке сәйкес бөлмеде климатты жағдайлар жасалуы тиіс.
5) Су-мұнай-май-есептегіш өлшейтін құралдары
– Бөлменің едені керамикалық плиткадан және төбесінің биіктігі 2 м болуы тиіс.
– Еден тегіс және ағыс бойынша бағытталуы тиіс.
– Электр сымдарын трубка арқылы жасыру керек, жарық көздері герметикалық футлярда орналасуы, ал электрлік ажыратқыштар от қауіпті болмауы тиіс, олар бөлмеде орналаспауы керек (су есептегіштеріне қатысы жоқ),
– 1 сағатта 3-рет ауа айналымы болатын ағысты-сорғыш вентиляция болуы керек,
– Ағыс басқыштармен қамтылуы абзал.
Құрылғыларды орналастыруға қойылатын талаптар:
– Өтетін жер ені 1,5 м-ден кем болмауы тиіс,
– Стационарлы құрылғылардың айналасындағы ашық кеңістік 1 м-ден кем болмауы тиіс,
– Өлшеу құралдары орналасқан үстелдер мен шкафтар жардан, терезеден және жылытқыш құрылғыларынан 0,2 м қашықтықта орналасуы керек,
– Бір жұмыс орнында жұмыс үстелдерінің арақашықтығы 0,8 м-ден кем болмауы керек, ал екі жұмыс орнында 1,5 м-ден кем болмауы тиіс.
Радио өлшегіш зертханаларда саниметрлі толқын генераторларын тек арнайы бөлмелерде орналастыру керек. Электр жылытқыш құралдарының қорғаныс құралдары болуы тиіс. Оптика-механикалық құрылғылар дірілді болдырмайтын арнайы фундаментке орнатылады. Олардың қасында жылыту құрылғылары болмауы керек. Барлық үлгі таразыларын арнайы оқшауланған фундаментке орналастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет