Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет73/147
Дата17.10.2023
өлшемі6,42 Mb.
#117498
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   147
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

ӨҚ тексеру. ӨҚ тексеру үрдісі, яғни ӨҚ дәлдік сипаттамалары регла-менттелген мәндерге сәйкестігін және ӨҚ қолдануға жарамдылығын білу үшін ӨҚ қателігін анықтап, бағалау үшін жасалатын әрекеттер жиынтығы.
Тексеріс үрдісі бастапқы, кезеңді, кезектен тыс (мезгіл бойынша), инспекциялық, сарапшылық (мінездемесі бойынша) болып бірнеше түрге бөлінеді.
Әрбір ӨҚ периодты түрде тексеруден өтуі керек. Тексерісті арнайы стационарлы зертханаларда немесе ӨҚ орнатылған жерде жүргізеді.
Тексерістер Мемлекеттік (міндетті) және ведомстволық болып бөлінеді. Мемлекеттік тексерісте ӨҚ арнайы тізімі болады, ал ведомстволық тексерісті мұндай жұмысты өткізуге лицензиясы бар аккредитте тіркелген арнайы зертханалар өткізе алады.
Бастапқы тексеріс ӨҚ өндіріс орнынан шыққанда және жөндеуден өткеннен кейін жүргізіледі. Мемлекеттік бастапқы тексеріс арнайы реестрге қосылған ӨҚ үшін, мезгілдік тексеріс анықталған уақыт өткен соң өткізіледі. Ол қолдану мәліметтерімен және бастапқы дәлдікті жоғалту уақытымен қойылады.




Өлшеу құралдарын (ӨҚ) салыстырып тексеру әдістері
1. Екі өлшеу құралын (ӨҚ) тікелей салыстырып тексеру. Мұнда салыстырып тексеру құралдары немесе басқалай қосалқы құралдар қолданылмайды. Тексеріс кезінде қажет Х мәнін енгізеді, содан кейін тексеріліп жатқан Хп құрылғының көрсеткіштерімен Хо үлгілі ӨҚ-мен салыстырылып, оның айырмасы: Δ = Хп - Хо анықталады. Бұл әдіс 2 жолмен іске асады:
1) Сәйкестікті тіркеу. Мұнда салыстырып тексерілетін өлшеу құралының көрсеткішін кіріс сигналдарын өзгерту арқылы, тексерілетін шкаламен сәйкестендіреді. Сөйтіп қателік мәнін салыстырып, тексерілетін өлшеу құралының көрсеткішінің нақты үлгілік өлшеу құралының көрсеткішінің айырмасы ретінде есептейді (6.1-сурет).
2) Қателік салыстырып тексеру ӨҚ-ң шкаласымен саналады. Параметрдің номиналды мәні үлгілі ӨҚ-на қойылады (6.2-сурет).
2. Тексеріліп жатқан ӨҚ-ын сол типтес үлгілі ӨҚ-мен компаратор арқылы салыстыру. Бұның мәні – егер тексеріліп жатқан ӨҚ сол типтегі ӨҚ-ның көрсеткіштерімен салыстыруға келмесе, онда тізбекке компаратор қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет