К
Т
К, Т. Па
120
М
189
Бұл кезде қозғалтқыштың айналу моментін анықтау бір-біріне
i
0
720
қатысты
ығысқан Т күшінің i қисықтарын графикалық қосуда. Жұмыс жүрістері бірқалыпты
кезектесетін қозғалтқыштарда айналу моментінің қисығы
i
0
720
=
q
өзгеру периодына ие.
Сондықтан қосынды айналу моментін анықтау кезінде Т күшінің қисығын теңдей i бұрыш
аралығына бөліп, табылған
q ұзақтылықты бір учаскідегі біріккен қисықтар кесінділерін
қосады. Айналу моментінің орташа мəні индикаторлық айналу моментін береді:
ò
×
=
2
1
1
j
j
aj
q
к
M
CP
M
Көпцилиндрлі қозғалтқыштың қосынды айналу моментінің мəнін бір цилиндрдің
орташа айналу моментін цилиндрлер санына көбейту арқылы табады:
ср
к
ср
к
M
i
M
.
.
×
=
å
Қозғалтқыш дамытатын айналу моменті біркелкі емес. Бұл 6.7 - суретінен көрініп
тұр. Қозғалтқыштың бұл қасиетін сипаттау үшін айналу моментінің əркелкілік
коэффициентін пайдаланады - µ:
cp
M
M
M
min
max
-
=
m
мұнда:
-
cp
M
M
M
,
,
min
max
сəйкесінше
айналу
моментінің
максималдық,
минималдық жəне орташа мəндері.
Айналу моментінің əркелкілік коэффициентінің шамасы қозғалтқыштың
жылдамдықты жəне жүктемелік тəртіптерінен тəуелді.
6.7 - сурет. Төртцилиндрлі қозғалтқыштың қосынды айналу моментінің қисығын
салу
М
кр
ср
φ
1
φ
2
Q =
φ
2
- φ
1
∑М
кр
=ƒ (φ)
φ, град
190
7 - БӨЛІМ. ПІСПЕКТІ ЖƏНЕ ҚҰРАМА ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРЫНЫҢ
ЖҮЙЕЛЕРІ
7.1 Отын жүйелері
Отын жүйесі, қозғалтқыш жүйелерінің ең маңызды жүйелерінің бірі болып
табылады.
Ол қозғалтқышты оның жұмысының əртүрлі тəртіптерінде отынмен қалыпты
қамтамасыз ету үшін арналған жəне келесі құрылғылар жиынтығынан тұрады:
- отынды сақтау жəне тасымалдау;
-
отынды тазалап, оны күбіден қоспа түзу аспаптарына немесе жоғары
қысымды отын сорғысына беру;
-
отынды немесе отын-ауа қоспасын мөлшерлеу жəне қозғалтқыш
цилиндрлеріне жүктемеге жəне цилиндрлер жұмысының ретіне сəйкес беру;
-
отын күйі мен берілуін реттеу жəне қадағалау аспаптары.
7.1.1 Қозғалтқыштардың отын жүйелеріне қойылатын талаптар
Отын жүйесінің жетілдірілгендік дəрежесі мен пайдалану процесіндегі техникалық
күйінен қозғалтқыш жұмысы процесінің көрсеткіштері, оның сенімділігі жəне пайдалану
сипаттамалары тəуелді. Осыған байланысты қозғалтқыштардың отын жүйелеріне жоғары
талаптар қойылады.
Барлық қозғалтқыштардың отын жүйелері келесі функцияларды орындауы қажет:
- белгілі уақыт аралығында қозғалтқыштың жұмысына қажетті отын қорын
сақтауды қамтамасыз ету;
- отынмен толтырудан бастап жану камерасына оны беруге дейін отынды
механикалық қоспалардан тиімді тазарту;
- барлық пайдалану тəртіптерінде цилиндрлердің жұмыс тəртібіне жəне
жүктемесіне сəйкес отынның берілген шығынын қамтамасыз ету.
Дизельдер мен отынды бүркіп беретін жəне мəжбүрлі тұтанатын қозғалтқыштарда
отын жүйесі жоғарыда аталып кеткеннен басқа келесі талаптарға сəйкес болуы керек:
- қозғалтқыштың жұмыс істеу тəртібіне сəйкес отынды мөлшерлеу;
- қозғалтқыш жұмысының барлық тəртіптерінде жану камерасына отынды жоғары
қысыммен беру;
- піспек жоғары өлі нүктеге жақын орналасқан кезең барысында бүркілген отын
толық жануын қамтамасыз ететін отын берудің ең қолайлы ұзақтылығын іске асыру;
- жану процесі жүруіне ең қолайлы бүрку сипаттамасына сəйкес отынды беру;
- саптама тесіктерінің, шаңдатқыштың аяқтарының жəне форсунканың басқа да
бөлшектерінің кокстануына жəне қызып кетуіне əкелетін форсункалардан отын ағуының
алдын алу үшін отын берілуін нақты қыршу;
- отынды жақсы шаңдатып оны жану камерасы көлемінде біркелкі үлестірілуін іске
асыру;
- қозғалтқыш жұмысының барлық тəртіптерінде жану процесі аяқталғаннан кейін
қосымша бүркулері жою;
- барлық цилиндрлерге жұмыс процесінің бірдей фазаларында отынның бірдей
порциясын беру.
Аталған функцияларға сəйкес қозғалтқыштардың отын жүйелері келесіні
қамтамасыз ету керек:
- жоғарыда аталған функцияларды əртүрлі жылдамдық пен жүктемелік
тəртіптерінде орындау;
191
- отынды беру көрсеткіштерінің қозғалтқыштың барлық пайдалану кезеңінде
тұрақты болуы;
- бөлек түйіндерді реттеу жəне қызмет көрсету ыңғайлылығымен орнатып
бөлшектеу мүмкіншілігі болу;
-
қызмет
ету
мерзімі
бойы
барлық
түіндердің
сенімді
жұмысын
қамтамасыздандыру;
- отын берудің қажетті жылдамдықтық жəне жүктемелік сипаттамаларын алу;
- аз жылдамдық жəне жүктемелік тəртіптерде қозғалтқыштың тұрақты жұмыс
істеуі;
- қозғалтқыштардың əртүрлі ауа-райы жағдайларында жылдам əрі сенімді оталуы;
- пайдалану барысында отын шығынының жəне оған шаң-тозаңның түсуінің алдын
алатын сенімді герметизациясы.
7.1.2 Ұшқынды тұтанатын қозғалтқыштардың отын жүйелерінің түрлері
Отын жүйелерінің құрылымы қозғалтқыштың түріне жəне онда қабылданған қоспа
түзу тəсіліне тəуелді. Осының нəтижесінде нақты жіктелуін келтіру оңайға соқпайтын
отын жүйелерінің əртүрлі конструкциялары жасалынады. Қозғалтқыштардың отын
жүйелерінің құрылымына отынның берілуі, қоспа түзуі жəне бүрку тəсілдері шешімді əсер
етеді. Сырттай қоспа түзу жəне қоспаны мəжбүрлі тұтатуы бар қозғалтқыштарда
карбюраторлық қоспа түзу жəне отынды жану камерасына немесе енгізу құбырына
тікелей бүрку жүйелері қолданылады. Дизельді қозғалтқыштарда сығымдау үрдісінің
соңында отын тікелей цилиндрге жоғары қысыммен бүркіледі. Газ-сұйықтық
қозғалтқыштарында газ арнайы газ аппаратурасының енгізу құбырына беріледі, ал
тұтандырғыш қызметін атқаратын сұйық отын базалық қозғалтқыштың өзіндік сұйық
отын жүйесінің қабылданған құрылымы арқылы беріледі. Қазіргі уақытта цилиндрлерге
ауа-отын қоспасын берудің карбюраторлық жүйесі көп қолданыс таппай жүр, себебі
сыртқы қоспа түзуі бар көптеген көліктік құралдары тиімді қоректендіру тəсілі ретінде
тікелей бүрку жүйесімен жабдықталады, сондықтан карбюраторлық жүйе құрылымын бұл
кітапта қарастырмаймыз.
7.1.3 Жеңіл отынды бүркіп мəжбүрлі тұтанатын қозғалтқыштардың отын
жүйелері
Жеңіл отынды бүркитін қозғалтқыштарда отын арнайы сорғымен беріліп, цилиндр
немесе енгізу клапанына жақын орналасқан құбырға форсунка арқылы бүркіледі.
Карбюраторлық
қозғалтқыштарымен
салыстырғанда
бензинді
бүркіп
беретін
қозғалтқыштардың келесі артықшылықтары бар:
1)
Цилиндрлерге отын біркелкі үлеседі, бұл цилиндрлерде құрамы бойыншы
бірдей қоспа түзілуі мүмкіншілігін береді, осының салдарынан қозғалтқыштың үнемділігі
артады, бөлшектердің дірілі мен тозуы азаяды;
2)
Цилиндрлерді үрлеп тазалау кезінде отын бөлігінің жоғалуын жояды, бұл
қозғалтқыштың үнемділігі мен қуатын арттырады;
3)
Карбюратордың болмауынан енгізу жүйесінің кедергесі азайып, цилиндрлер
толуы жақсарады, демек, қозғалтқыштың қуаты артады;
4)
Цилиндрлердегі қоспаның біркелкілігі мен үрлеп тазалауды ұйымдастыру
мүмкіндігінің салдарынан қозғалтқыштың сығу дəрежесін арттыруға болады. Нəтижесінде
қозғалтқыштың тиімділігі жоғарлайды жəне үнемділігі жақсарады.
192
5)
Карбюраторлық қоспа түзуге қарағанда қоспа түзу сапасы жоғары болады,
қозғалтқыш жұмысы бір тəртіптен екінші тəртіпке ауысқанда қоспаның құрамы
түзетіледі;
6)
Жұмыс атқарған газдар құрамында көміртегінің оксиді жəне басқа зиянды
заттар азырақ болады;
7)
Өрт қауіпі азаяды, өйткені карбюратор жəне жанғыш қоспаға толы
сыйымдылықтар болмайды;
8)
Енгізу құбырын жылыту қажеттілігі жəне осымен байланысты қозғалтқыш
құрылымының күрделенуі жойылады;
9)
Бүркуді электронды басқару кезінде мəжбүрлі бос жүріс тəртіптеріндегі
отын беруді жою жеңілдейді, бұл отын шығынын едəуір азайтады;
10)
Микропроцессорлық техниканы қолданумен қозғалтқыштың барлық
тəртіптеріндегі жұмысын оңтайлы басқару мүмкіндіктері туады.
7.1 - суретінде карбюраторлы жəне отынды тікелей бүрку жүйесімен қамтамасыз
етілген қозғалтқыштардың сыртқы сипаттамалары келтірілген. Бұл сипаттамалардан
карбюраторды тікелей бүрку жүйесіне ауыстыру арқылы қозғалтқыштың қуаты мен
үнемділігін арттыру мүмкіндігі бар екендігін көруге болады. Жеңіл отынды бүрку
жүйесінің аталған артықшылықтарымен қатар келесі кемшіліктері бар:
7.1 - сурет. ЗМЗ-504.10 қозғалтқышының сыртқы сипаттамасы:
— отынды бүрку; - - карбюраторлық жүйе
1. Карбюраторлық қоректеу жүйелеріне қарағанда бұл жүйелері күрделілеу.
Отынды бүрку жүйелерінде реттеуге арналған дəлділігі жоғары бөлшектер мен сезімтал
автоматиканы пайдаланғандықтан карбюраторлық жүйелермен салыстырғанда олардың
бағасы жоғары болады;
2. Бұндай жүйелерді пайдалану карбюраторлық қорек жүйелерін пайдалануға
қарағанда күрделірек жəне қызмет көрсету құрамының жоғары біліктілігін талап етеді.
7.2 - сурет авиациалық қозғалтқыштарда қолданылатын отынды цилиндрге бүрку
жүйесі келтірілген. Отынды беру дизельдерде қолданылатын сорғылар конструкциясынан
аз айырмашылығы бар 3 отын сорғысымен жүзеге асады. Сорғының гидрокүшейткішті 2
пневматикалық реттеу жүйесі бар. Құрғақ азотпен толтырылған сильфоннан 1 тұратын
пневмоэлемент компрессордан келетін ауаның қысымы мен температурасының өзгеруін
елейді. Сильфонның бір құбыры атмосферамен байланысқан, сондықтан пневмоэлемент
сыртқы қысымның өзгеруін елейді. Гидрокүшейткіш 2 жүйеге бір уақытта отын
сорғысының бірнеше плунжерлерін айналдыру үшін қосылған.
193
7.2 - сурет. Авиациялық қозғалтқыштың цилиндрлеріне отынды бүрку сұлбасы
Автомобильдік көліктерде форсункалардың сенімділігін арттыру жəне бүрку
аппаратурасын ықшамдау үшін отынды енгізу құбырына бүрку жүйесі кеңінен таралды.
Бұл ретте форсункаларды блок басына немесе енгізу құбырының блок терезелеріне жақын
жеріне орнатады (форсункамен бүркіп шашылған отын енгізу клапандарының аймағына
түседі). Соңғы жағдайда енгізу құбырының тармақтану алдына орнатылған бір форсунка
арқылы отынды цилинрдлер тобына беруге болады. Отын жалпы араластырғыш
камерасына бір форсункамен бүркілуі де мүмкін, ал бұл жерден қоспа жеке
цилинрдлердің келте құбырларына беріледі. Бүркілген отынды сорылатын ауа үйіріп
əкетіп, онымен араласып, цилиндрге түседі. Бүркілу барысында отынның бөлігі құбыр
қабырғалары мен клапандар бетіне шөгіп сол жерде буланады, ал бірен сараны цилиндрге
тамшылар күйінде алып кетіледі. Жеңіл отынды бүркитін қозғалтқыш қуаты цилиндрге
түсетін ауаның мөлшерін өзгертетін дроссельдік жапқыш арқылы реттеліп отырады, ал
қоспаның құрамы отын беретін аппаратурасының бүркитін отынның массасынан тəуелді.
Жеңіл отынды бүркитін жүйелердегі қоспаның құрамы келесі амалдармен реттеледі: ауа
шығынымен; ауа шығыны мен қозғалтқыш білігінің айналу жиілігімен; дроссельдік
жапқыштың ашылу бұрышы мен қозғалтқыш білігінің айналу жиілігімен; енгізу
құбырында қысымның сиретілуі мен қозғалтқыш білігінің айналу жиілігімен; жұмыс
атқарған газдар құрамымен. Бұдан басқа, қоспа құрамына қозғалтқыштың жұмыс істеуінің
температуралық тəртібінен, қоршаған орта қысымы мен температурасынан тəуелді
түзетулер енгізеді. Реттеудің таңдалған амалынан тəуелді датчиктер мен реттегіш жəне
бүркігіш аппаратураларының құрамы өзгереді.
7.1.4 Пневмомеханикалық басқаруы бар отынды үздіксіз беретін бүрку жүйесі
Бұл жүйенің ерекшелігі болып отынды енгізу құбырына тұрақты 0,45 МПа
қысыммен үздіксіз берілуі табылады. Қоспа құрамын реттеу отын шығынының ауа
шығынынан тікелей тəуелділігіне негізделген.
Жүйенің басты элементтері болып (7.3 - сурет) отын берілісін реттегішімен 13 бір
корпуста жасалған ауа шығынын реттегіш 7, 0,45 МПа қысымында ашылатын іске қосу 4
жəне басты 2 клапандық форсункалар, термореттегіш 22, отын қысымының аккумуляторы
28, отын сорғысы 27 .
194
7.3 - сурет. Пневмомеханикалық басқаруы бар отынды бүрку жүйесі
1 - салқындатқыш сұйықтық датчигі; 2 - басты форсунка; 3 -отын құбыры; 4 - іске
қосу форсункасы; 5 - дроссельдік жапқыш; 6 - қайта жіберу клапаны; 7 - ауа шығынын
өлшегіш; 8 - тілімше; 9 - құбыр; 10 - дифференциалдық клапан диафрагмасы; 11 - плунжер
(реттығын); 12 жəне 14 -арналар ; 13 - отын беруін реттегіш; 15 - сақтандырғыш клапаны;
16 -қайта жіберу клапаны; 17 - өс тетігі; 18 - ауыртпалық; 19 - термореттегіштің
диафрагмасы; 20 - биметалды тілімше; 21 - термореттегіштің клапаны; 22 -термореттегіш;
23 - ауа шығынын реттегіштің тетігі; 24 - реттеуіш тетік; 25 -отын багі; 26 - отын сүзгісі;
27 - отын сорғысы; 28 -отын қысымының аккумуляторы.
Бұл жүйе келесідей жұмыс істейді. Отын бактан 25 отын қысымының
аккумуляторы 28 жəне отын сүзгісі 26 арқылы сорғы 27 көмегімен жоғары қысымды отын
құбырымен отын беруді реттегіштің астыңғы қуысына беріледі 13. Астыңғы қуыстан отын
плунжердегі 11 аша жəне плунжер (реттығын) жиегі мен дифференциалды диафрагмалық
клапан қуысына апаратын арна тесігімен жасалған жарықша арқылы диафрагманың 10
үстіндегі жоғары камераға түседі. Дифференциалдық клапандардың саны қозғалтқыш
цилиндрлерінің санына тең. Дифференциалдық клапан диафрагмасының 10 иілуі оның
беттеріндегі қысымның ауытқуынан тəуелді, ал қысым өз кезегінде плунжер жиегімен
жасалған тесік арқылы отын шығынынан тəуелді. Диафрагманың жағдайынан диафрагма
жəне құбыр 9 жиегімен жасалған форсункаға 2 отын баратын саңылаудың шамасы
тəуелді. Диафрагманың үлкен иілуі кезінде жарықша мен құбыр 9 жиегімен жасалған
шеңберлік жарықшаның ауданы ұлғайып, форсункаға отынның көп мөлшері беріледі.
Отын берілуін реттегіш 13 плунжерінің 11жағдайы ауа шығынын өлшегіш 7
тетігінің 23 жағдайымен анықталып, плунжер үстіндегі отын қысымын өзгертетін
гидравликалық термореттегішпен 22 түзетіледі. Термореттегіштің негізгі тағайындалуы —
қозғалтқышты қыздыру кезінде қоспаны байыту. Суық қозғалтқышта қысым реттегіштің
биметалдық тілімшесі 20 клапанның 21 серіппесін басады, диафрагма 19 иіледі, отын
бакқа қайта оралады. Плунжер 11үстіндегі қысым азайып, отынның форсункалармен
берілуі ұлғаяды. Қозғалтқыштың қызуына қарай биметалдық тілімшенің əсері əлсірейді,
серіппе диафрагманы ие алмайды, жоғары қысым желісінен бакка қайта жіберілетін отын
195
мөлшері азайып, плунжер үстіндегі қысым ұлғаяды. Плунжер отын шығынын азайта
төмен қарай орын ауыстырады. Қозғалтқышқа түсетін ауаның мөлшері дроссельдік
жапқышпен 5 реттеліп, ауа шығынын өлшегішпен 7 анықталады. Ауа шығынын
өлшегіштің конустық ауызында тетікке 23 бекітілген тілімше 8 бар. Тетік өсте 17
айналады. Тілімше мен тетік массалары ауыртпалықпен 18 теңдеседі. Қозғалтқыштың
жұмыс істеу барысында щеңберлік жарықшадағы ауаның қозғалысы ауа шығынына
пропорционалды қысымның ауытқуын тудырады. Тілімшеге тетікті 23 аударуға
ұмтылатын көтергіш күш əсер етеді. Бұл күштен туындайтын момент плунжер 11
үстіндегі отын қысымынан туындайтын моментпен теңдеседі. Плунжер тетікке 23 əсер
ететін болғандықтан əрбір ауа шығынына белгілі отын шығыны сəйкес келеді. Шығынды
өлшегіш аузының пішінін өзгерте отырып, қоспа құрамы бойынша жүйенің сипаттамасын
өзгертуге болады. Қозғалтқыштың бос жүрісінде немесе иінді біліктің төменгі
айналымдарында отын мөлшерін реттеу үшін реттегіштік бұрандалы тетік 24 орнатылған.
Қозғалтқышты іске қосу жəне қыздыру барысында электромагниттік іске қосу
форсункасы 2 жұмыс істейді, бұл форсункаға отын реттегіштің астыңғы қуысынан түседі.
Іске қосу форсункасы стартермен бірге қосылып, суыту жүйесіндегі судың берілген
температураға дейін қызу барысында қозғалтқыштың жылулық күйінің датчигімен 1
өшіріледі. Бұдан басқа, электрлік сұлбасы ауа шығынын реттейтін қайта жіберу
клапанының жұмысын қамтамасыз етеді. Бұл клапан қозғалтқышытың қызуына қарай
қоспаны кедейте қайта жіберу арнасын ашады. Жүйе əзірлейтін қоспаның құрамы шығын
өлшегіштің шеңберлік жарықшасы арқылы өтетін ауа шығыны мен плунжер қырнауы 11
жəне камераға апаратын диафрагма 10 үстіндегі терезе арасындағы саңылау арқылы
өтетін отын шығынынан тəуелді болады.
Қоспаның құрамын екі амалмен реттеуге болады: а) тетіктің 24 реттегіш
бұрандасының көмегімен (7.3 - сурет); б) гидравликалық реттеу жүйесіндегі қысымды
өзгерту арқылы, бұл плунжер жағдайының жəне форсунка арқылы отын шығынының
өзгеруіне, сондай-ақ шығын өлшегіш тетігінің орын ауыстыруына əкеледі.
7.1.5 Ауа шығынын электронды реттеп, отынды кезеңдеп бүрку жүйесі
Мұндай жүйе Бош фирмасымен өңделген жəне европалық жеңіл автомобильдерде
кеңінен қолданады. Бұл жүйеде отынды мөлшерлеуді элеткромагниттік клапандар жүзеге
асырады. Жүйенің сұлбасы 7.4 - суретінде келтірілген.
Отын бактан 1 сүзгі 4 жəне редукциялық клапан 16 арқылы бас элеткромагнитік
форсункалар 7 мен іске қосу форсункасына 10 доңғалақты сорғымен 2 беріледі.
Редукциялық клапан 16, отынның артық мөлшерін бакқа қайтарып отырып, жүйеде
форсунка корпусындағы отын мен енгізу құбыры арасындағы қысым ауытқуының (0,196
МПа) тұрақтылығын сақтайды. Сондықтан отынның көлемдік берілуі форсунка
клапанының ашық күйде болу ұзақтылығынан тəуелді. Электромагниттік клапандарды
элеткрондық блокта 20 қалыптасатын ауыспалы ұзақтықтағы импульстар басқарады.
Басқару импульстарын біліктің айналу жиілігімен синхрондау оталдыру жүйесінің үзгіш-
үлестіргішінен 21элеткрондық блокқа келетін
196
7.4 - сурет. Айналымды электронды басқаратын отын бүрку сұлбасы
импульстерімен іске асады. Оталдыру жүйесінің үзгіш-үлестіргіші оталдыруды
өшіргіші 17 мен датчик сигналдарын түрлендіргіш блогі 18 арқылы батареялардан 19
қоректенеді.
Қозғалтқышқа келіп түсетін ауа мөлшері дроссельдік жапқышы 9 мен реттегіштік
бұрандамен 11 өзгереді. Дроссельдік жапқыш алдында ауа шығынын өлшегіш 13
орнатылған, оның серіппе астындағы тілімшесі ауа əсерімен шығынға пропорционалды
бұрышқа бұралады. 14 тілімшесі 15 тілімшесінің тербелістерін шектейтін демпфер болып
табылады. Өлшегіш өсінде электрондық блоктың 20 басқару тізбегіне қосылған
потенциометр орнатылған. Аз жүктеме жəне дроссельдік жапқыш толық ашық
жағдайында қоспа құрамын байыту үшін дроссельдік жапқыш жағдайының датчигі 8 бар.
Бос жүріс тəртіптерінде қоспа құрамы қайта жіберу клапанының өту кескіні ауданын
өзгертетін реттегіш бұрандасымен 12 реттеледі. Іске қосатын электромагниттік форсунка
10, егер суытқыш сұйықтықтың температурасы 15°С аз болса, стартермен бір уақытта
қосылады. Форсунканың қосылу уақыты температура төмендеуіне қарай ұлғаяды жəне
термоөшіргішпен 5 реттеледі. Қыздыру барысында қоспа құрамы 6 датчигімен өлшенетін
суытқыш сұйықтықтың температурасына тəуелді түзетіледі. Бұл кезде қоспаның
байытылуы негізгі форсункалар жұмысын басқаратын импульстар ұзақтылығының өзгеру
нəтижесінде орындалады. Бос жүріс тəртібінде қозғалтқыш тұрақты жұмыс істеуі үшін
жүйеде қайта жіберу құрылғысы 3 қарастырылған.
Қарастырылған сұлба негізінде бір бірінен бөлек элементтерде айырмашылығы
бар бірнеше элеткрондық басқарылатын жүйе өңделген. Мысалы, жұмыстың
тұрақтылығын арттыру үшін бұл жүйелерде жоғарыда қарастырылған ауа шығынын
өлшегіш түрі термоанемометр принципімен жұмыс істейтін датчикке ауыстырылған.
Жеңіл отынды бүрку жүйелерінің отын апаратураларының бағасын төмендету
мақсатында отынды орталық бүрку жүйесі өңделген. Бұл жүйелерде отын дроссельдік
жапқыштың алдығы аймағына немесе одан кейін бір электромагниттік форсункамен
бүркіледі (7.5 - сурет).
197
7.5 - сурет. Отынды орталық бүрку жүйесінің сұлбасы
1 - ауа шығынын өлшегіш; 2 - қайта жіберу клапаны; З - форсунка; 4 - отын
қысымын реттегіш; 5 - дроссельдік жапқыш жағдайының датчигі; 6 - басқару блогы; 7 -
отын багы; 8 - отын сорғысы; 9 - сүзгі; 10 -дроссельдік жапқыш; 11 - суытқыш сұйықтық
температурасының датчигі
Қарастырылған жүйелерден басқа отынды кезеңмен беру жəне енгізу жүйесінің
қысымы бойынша электрондық басқаратын жүйелері бар. Бұл жүйелерде енгізу
жүйесіндегі сиретілу мен ауаны беру арасындағы байланыс пайдаланады. Қозғалтқышқа
түсетін ауа мөлшері дроссельдік жапқышпен реттеледі. Қоспа құрамы енгізу
құбырындағы қысым мен қозғалтқыш иінді білігінің айналу жиілігінен тəуелді өзгереді.
Басқарудың электрондық блогы қоспа құрамын ауа жəне суытқыш сұйықтық
температуралары мен дроссельдік жапқыш жағдайы бойынша түзетулер енгізеді.
7.1.6 Жеңіл отын бүркитін қозғалтқыштардың отын агрегаттары
Жеңіл отын бүркитін қозғалтқыштардың отын жүйесіне келесілер кіреді: отын
сыйымдылығы; отын сорғысы; отын сүзгісі; форсункалар; отын құбырлары; басқарудың
электрондық блоктары; температура, қысым (сиреу), қозғалтқыш білігінің айналу жиілігі;
бақылау жəне реттеу аспаптары, сондай-ақ жүйенің қызмет атқыруын қамтамасыз ететін
басқа да құрылғылар.
7.1.6.1 Отын сорғылары
Жеңіл отынды бүркитін жүйелерде электрлік отын сорғылары пайдаланылады. Ең көп
таралымды ролик типті сорғылар алды (7.6 - сурет). Отын сорғы қуысына штуцер 1
арқылы түседі. Сорғы камерасындағы білікте эксцентрлі ротор 3 орнатылған. Ротордың
ойықтарында роликтер 4 орналасқан. Ротор 3 айналған кезде роликтермен ілініп алынған
198
отын айдау штуцері 5 арқылы қысыммен шығады.
7.6 - сурет. Ролик типті айналмалы сорғы
Отын сорғысының беруін қозғалтқыштың максималдық шығынымен есептейді:
ú
ú
û
ù
ê
ê
ë
é
+
×
×
×
×
×
×
×
=
-
20
10
60
2
3
min
max
max
max
t
n
q
i
Q
ц
к
H
t
мұнда: Q
H
— л/мин; к — беру қорының коэффициенті, к =1,2-1,4;
q
ц mах
- отынның максималдық циклдық беруі; τ
mах
- максималдық беру кезіндегі
импульстің ұзақтығы; t
min
— циклдық беру жүрісінің минималдық кезеңі; n
mах
—
қозғалтқыш білігінің максималды айналу жиілігі.
Достарыңызбен бөлісу: |