115
Биржалық кәсіпкерлікті,
кәсіби кәсіпкерлік қызметтің басқа да тҥрлерімен
салыстырғанда бірқатар ерекшеліктері бар. Сондықтан оны ерекше тип ретінде
және іскерлік тәжірибенің ӛз бетінше жҥзеге асырылатын бағыты ретінде бӛліп
кӛсетуге болады (27-сурет).
27-сурет.
Биржалардың тҥрлері мен қызмет ету механизмі
Біріншіден,
биржалар делдалдық қҧрылымдар болып табылады. Бҧл жағдайда
олардың бірқатар делдалдардан айырмашылығы, оларға жҥгінсіз бірде бір
кәсіпкердің қызмет ете алмайтындығы.
Екіншіден,
биржаның басты функциясы –
клиенттерге қызмет кӛрсету. Қазақстанда биржалардың бҧл функциясы ӛзінше
сипатқа ие – биржалар тек қана қызмет кӛрсетіп қана қоймай, ӛндірушіні бағалар
жҥйесін қамтамасыз ету арналары арқылы бақылайды. Кәсіпкерлік қызметті
биржалар қызметінің мазмҧны мен қағидаларын ескермей тиімді тҥрде жҥргізу
мҥмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: