73
болып табылады. Ӛйткені ол ӛндірістің ӛсуінің, сәйкесінше кәсіпорын
қызметкерлерінің әл – ауқатының жақсару кӛзі болып табылады. Бірақ,
кәсіпорынның мҧндай кӛз
ретінде жалпы табыс емес, тек оның бюджетке
барлық салықтар мен тӛлемдерді тӛлеп болғаннан кейінгі
таза пайдасы болып
табылады. Ол резервтік қорды, жинақтау және тҧтыну қорларын қалыптастыру
ҥшін қолданылады.
Нарықтық экономика жағдайында қаржыгерлер «капитал» тҥсінігін негізге
алады, ол пайданы алу ҥшін әсер етудің нақты объектісі болып табылады.
Капиталдың және қаржылық ресурстардың табиғаты бір, ол – ақшалай
қаражаттар. Бірақта
капитал
– бҧл кәсіпорынмен айналысқа жіберілген және
осы айналымнан табыс әкелетін қаржы ресурстарының бӛлігі. Бҧл
жағдайда
капитал ҧзақ уақыт бойынша ақша қаражаттары тҥрінде қала алмағандықтан
қаржы ресурстарының айналмалы тҥрін сипаттайды.
Амортизациялық аударымдар негізгі ӛндірістік қорлар мен материалды
емес активтердің тозу қҧнының ақшалай сипаттамасын бейнелейді.
Нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарының
сыртқы
кӛздерінің
мәні артуда. Олардың ішінде жаңа тҥрлері пайда болуда, оларды
қалыптастыру қҧрылымы ӛзгеруде.
Сыртқы қаржыландыру
мемлекеттің, қаржы – несие ҧйымдарының,
қаржылық емес ҧйымдардың және азаматтардың қаражаттарын қолдануды
қарастырады. Сонымен қатар, ол кәсіпорын қҧрылтайшыларының ақшалай
қаражаттарын қолдануды қарастырады. Қажетті қаржылық ресурстарды осы
әдіспен тарту ең қолайлысы болып табылады. Ӛйткені ол кәсіпорынның
қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді және кейіннен банктік несиелерді алу
шарттарын жеңілдетеді.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның ӛндірістік – шаруашылық
қызметі қарыздық қаражаттарды пайдаланбай жҥргізу мҥмкін емес, оған
мыналар жатады:
банк несиелері, коммерциялық несиелер, яғни басқа
ҧйымдардың қарыздық қаражаттары, кәсіпорын акциялары мен облигацияларын
шығарудан және сатудан тҥскен қаражаттар қайтарымды негіздегі бюджеттік
қаржы және т.б.
Қарыздық қаражаттарды тарту кәсіпорынның айналым қаражаттарының
айналымдылығын жеделдетуге, жасалатын
шаруашылық операцияларының
кӛлемін кӛбейтуге, аяқталмаған ӛндірістің кӛлемдерін қысқартуға мҥмкіндік
береді. Бірақ, аталған қаржыландыру кӛзін пайдалану кәсіпорынға ӛзіне
жҥктелген қарыз міндеттемелерінің орындаумен байланысты белгілі бір
мәселелердің туындауына әкеледі. Қарыз ресурстарын тартумен қамтамасыз
етілген қосымша табыс мӛлшері несиені тӛлеу бойынша шығындарды жапқанша,
кәсіпорынның қаржылық жағдайы тҧрақты болып қала береді, ал қарыз капиталын
тарту тиімді болады.
Бҧл кӛрсеткіштер теңестірілген жағдайда, қосымша табысты қамтамасыз
етпейтін қаржы ресурстарын қалыптастырудың қарыз кӛздерін тарту мәселесі
пайда болады. Несие бойынша қарыздың шығындары оны пайдаланудан тҥскен
қосымша
табыстардан артқан жағдайда, ҧйымның қаржылық жағдайының
нашарлауы әдбен мҥмкін.
74
Осылайша, қарыздық капитал негізінде қаржыландыру онша тиімді емес.
Ӛйткені несие берушілер ақша қаражаттарын қайтымдылық және тӛлем
есебінде ҧсынады, яғни ӛз ақшаларымен кәсіпорынның меншікті капиталына
қатыспайды, тек қарыз беруші ретінде шығады.
Қаржыландырудың әртҥрлі әдістерін салыстыру кәсіпорынға қаржылық
қамтамасыз етудің оптимальды вариантын таңдауға, қызметті пайдаланудың
ағымдағы және кҥрделі шығындарын жабуға мҥмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: