Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен


Ӛзін-ӛзі бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет42/160
Дата17.10.2023
өлшемі2,45 Mb.
#117673
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   160
Байланысты:
Аасыпкерлык

Ӛзін-ӛзі бақылауға арналған сұрақтар: 
1.
 
Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау ҥрдісінің мәні неде
?
2.
 
Бизнес – жоспар қалай сипатталады?
3.
 
Бизнес – жоспардың функциялары, қҧрамы мен қҧрылымы 
қандай?
4.
 
Бизнес – жоспардың мақсаты қандай? 
5.
 
Бизнес-жоспарды жасап шығару сатылары қандай? 
6.
 
Бизнес-жоспардың мазмҧнын ашып кӛрсетіңіз және оның 
негізгі тарауларына сипаттама беріңіз.
7.
 
Қазіргі таңда бизнес-жоспарды жасап шығару барысында 
кәсіпкерге қандай ерекшеліктерді ескеру қажет?
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



70 
5
 
- тақырып: 
 
 
5.1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ 
КӚЗДЕРІ 
 
Кәсіпкерлік ҧйымдарды қаржыландыру
– бҧл жай және ҧлғаймалы ҧдайы 
ӛндірісті қаржылық қамтамасыз ету шарттары мен қағидаларының, нысандары 
мен әдістерінің жиынтығы. 
Қаржыландыру
деп ақшалай қаражаттардың 
қалыптасу ҥрдісін немесе кең мағынада – капиталдың барлық тҥрлерінің
қалыптасу ҥрдісін айтады. «Қаржыландыру» тҥсінігі «инвестициялау» 
тҥсінігімен тығыз байланысты. Егер де 
қаржыландыру
– бҧл ақша 
қаражаттарының қалыптасуы болса, 
инвестициялау
- бҧл оларды пайдалану. 
Екі тҥсінік ӛзара байланысты, бірақ та біріншісі екіншісін туындатады: 
қаржыландыру кӛздері болмай, қандай да бір инвестицияларды жоспарлауға 
болмайды
. Сонымен қатар, кәсіпорынның қаржы ресурстарының қалыптасуы 
әдетте оларды пайдалану жоспарын ескере отырып жҥргізіледі. 
Кәсіпорынды қаржыландыру кӛздерін таңдау барысында келесідей бес 
негізгі міндеттерді шешу қажет: 
1)
қысқа және ҧзақ мерзімді капиталға деген қажеттілікті анықтау керек; 
2)
оптималды қҧрылымын анықтау мақсатында қаражаттардың активтері 
мен пассивтерінің қҧрамын анықтау керек; 
3)
кәсіпорынның тҧрақты тӛлемқабілеттілігін және сәйкесінше қаржылық 
тҧрақтылығын қамтамасыз ету керек; 
4)
максималды пайда әкелетіндей етіп кәсіпорынның ӛз және қарыз 
қаражаттарын пайдалану керек; 
5)
шаруашылық қызметті қаржыландыруға деген шығындарды тӛмендету 
керек. 
Кез – келген кәсіпорын экономикалық жҥйенің элементі болып табылады 
және кәсіпкерлік қызмет бойынша серіктестермен, әртҥрлі деңгейдегі 
бюджеттермен, капитал иелерімен және басқа да субъектілермен белгілі бір 
қарым – қатынастарға тҥседі. Қаржылық ресурстарды қалыптастыру мен 
пайдалану ҥрдісінде кәсіпорында нарықтың басқа субъектілерімен қаржылық 
қатынастар пайда болады. Дәл осы қатынастар кәсіпорын қаржысының мәнін 
қҧрайды. 
Кәсіпорын қаржылары
оның ӛндірістік – шаруашылық қызметі барысында 
пайда болатын және оның қаржылық ресурстарын қалыптастыру мен 
бӛлумен байланысты ақшалай қатынастарды сипаттайды

 
Қаржылық қатынастар қҧрамында кәсіпорынның ақшалай қатынастарының 
келесідей топтарын бӛліп кӛрсетеді
:

контрагенттермен –
бастапқы табыстарды қалыптастыру және
шаруашылық ішіндегі мақсатты қорларды қҧру мен қолдану бойынша 
(жарғылық капитал, жинақтау мен тҧтыну қорлары); 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет