Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен



Pdf көрінісі
бет45/160
Дата17.10.2023
өлшемі2,45 Mb.
#117673
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   160
Байланысты:
Аасыпкерлык

 
5.2
 
ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫ ЖОСПАРЛАУ 
Кәсіпорындардың тҧрақты қызмет етуіне қажетті қаржыларды басқаруды 
ҧйымдастыру жаңа әдістерді пайдаланусыз мҥмкін емес. Кәсіпкерліктің 
тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарының бірі фирмаішілік қаржылық 
жоспарлау мен бақылауды жетілдіру болып табылады.
Қаржылық жоспарлаудың басты мақсаты
кәсіпорынның ӛзінің
қарыздық және қор нарығының кӛздерінен тартылған ақшалай ағымдардың 
шамасын болжау негізінде қаржылық ресурстардың, капиталдың және 
резервтің мҥмкін болатын кӛлемін анықтау болып табылады.
Аталған мақсат мыналарды қарастырады: 

ең алдымен кәсіпорын ӛз қаражаттары есебінен кәсіпорынның 
ӛндірістік, ғылыми – техникалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету;

сату кӛлемінің мӛлшерін кӛбейту және ӛндіріс пен айналым 
шығындарын тӛмендету есебінен пайданы арттыру;

кәсіпорын балансының қаржылық тҧрақтылығын, тӛлемқабілеттілігін 
және ӛтімділігін қамтамасыз ету, әсіресе ірі масштабты инвестициялық 
жобаларды жҥзеге асыру кезінде. 
Қаржылық жоспар
– бҧл ағымдық (бір жылға дейінгі) және ҧзақ мерзімді 
(бір жылдан астам уақытқа) кезеңге ақшалай қаражаттардың тҥсуі мен 
жҧмсалуын сипаттайтын жоспардың қорытынды қҧжаты. Бҧл жоспар болашақ 
ақшалай ағымдардың сапалы болжамына қол жеткізу ҥшін қажет.
Қаржылық жоспар ӛнімді ӛндіру, материалдық ресурстарды сатып алу, 
маркетинг, инвестиция, ғылыми зерттеу жоспарлармен тығыз байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жоспарының міндеті: 

ортамерзімді қаржылық перспективаны болжау ҥшін. Ортамерзімді 
қаржылық жоспар әдетте, бір жылға жасайды және кӛрсеткіштер әр 
тоқсанға бӛлу арқылы қҧрастырылады.

ағымдық табыстар мен шығындарды анықтау ҥшін. Жедел қаржылық 
жоспарды жылдың тоқсанына жасап, оны айлық жоспарға бӛледі, ал 
айлық жоспардың негізінде онкҥндік, бескҥндік жоспарлар жасалынады.
Жоспарлау қағидалары кәсіпорындағы жоспарлау қымзетінің сипаты мен 
мазмҧнын анықтайды, олар: 
1)
Жҥйелік жоспарлау қағидасы. 
2)
Жеке бӛлімшелердің жоспарларын қадағалау қағидасы.
3)
Қатысушылық қағидасы. 
4)
Ҥздіксіздік қағидасы. 


75 
5)
Икемділік қағидасы. 
6)
Нақтылық қағидасы. 
Жалпы ережелерден шыға отырып, 
қаржылық жоспарлау қағидаларын
келесідей тҥрлерге бӛледі:
 
1.
Мерзімдердің қаржылық арақатынас қағидасы. 
2.
Тӛлемқабілеттілік қағидасы. 
3.
Капитал салымдарының рентабельділік қағидасы. 
4.
Тәуекелдердің теңестірілген қағидасы.
5.
Нарық талаптарына икемделу қағидасы.
6.
Шекті рентабельділік қағидасы. 
Жоспарлау ҥрдісі келесідей ерекшеліктерімен сипатталады: 
1)
экстенсивтілігімен
(әлеуметтік 
– саяси және экономикалық 
қҧбылыстардың кең кӛлемін қамтиды); 
2)
интенсивтілігімен
(жетілген техниканы қолдануды қарастырады); 
3)
тиімділігімен
(қорытындысында қаржылық басқару жҥйесі қойған 
мақсаттарға қол жеткізуді білдіреді). 
Қаржылық жоспарлауда келесідей тәсілдер қолданылады

1)
Автоматты
(алдыңғы жылдың берілгендері келесі жылға 
ауыстырылады. Егерде инфляция болған жағдайда, берілген 
кӛрсеткіштер инфляция коэффициентіне кӛбейтіледі.) Бҧл әдіс ең 
қарапайым әдіс болып табылады және уақыт тапшылығы болған 
жағдайда қолданылады
2)
Статистикалық
(алдыңғы жылдардың шығындары жинақталып, 
алдыңғы жылдардың санына бӛлінеді); 
3)
Нӛлдік базалы
(мҧнда барлық позициялар қайта есептелуі тиіс. Бҧл 
әдіс нақты қажеттіліктерді ескереді және оларды мҥмкіндіктерімен 
байланыстырылады).
Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау, басқару функциясы ретінде 
экономикалық және әлеуметтік қызметтің жалпыға бірдей, барлық жақтарын 
қамтитын тҥрі болуы керек. Егерде жоспарлы экономикада қаржыларды 
жоспарлауда бӛлу ҥрдістеріне кӛп кӛңіл бӛлінсе, нарықтық экономика айырбас 
аясына кӛп кӛңіл бӛледі. Бҧл жағдайда ол арқылы тауарларды сату мен қызмет 
кӛрсету кезіндегі жҧмсалған қажетті шығындар ескеріледі.
Сәйкесінше, нарықтық экономикада тауарларды сату мен қызмет кӛрсету 
барысында басымдыққа ие және анықтаушы байланыс тәсілі болып, ӛз 
механизмі бар нарық болып табылады. Оның қҧрамына ақша, баға, қҧн заңы, 
сҧраныс пен ҧсыныс заңдары кіреді. Нарықтық механизмінің мҧндай табиғаты 
ӛнім ӛндіру мен айырбас нәтижелерін анықтау әдісінде болжауға жоспарлау 
элементтерін пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет