Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


Қабен. Жұмысқа өзім ақ орналастыратын едім ғой. Қамажай



Pdf көрінісі
бет96/141
Дата14.04.2022
өлшемі2,02 Mb.
#30976
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   141
Қабен. Жұмысқа өзім
ақ орналастыратын едім ғой.
Қамажай. Егер жұмысқа сен орналастырсаң, мен саған борышты бо
ламын. Тұрмысқа шықпаймын деп айту қиын боп қалады.
Қабен. Мүмкін, әлде де ойланарсың?
Қамажай. Ойланып болғаным осы.
Қабен. Тағы да күте тұрайын.
Қамажай. Жоқ, күтпейақ қой. Ал, сау бол. Қош. Қош!
ЕКІНШІ АКТ
(Баяғы үй. Барынша қатты қойылған музыка астында жастар биі 
қыза түскен, ішінде Тимур, Кәмила, Сұлтан, Светлана бар. Би ережесі 
сақталып жатқан жоқ. Нәзила мен Гауһар кіреді.)
Нәзила. Мәссаған! Бұл не жынойнақ тағы?
Кама. Бұл жынойнақ емес. День хорошего настроения!
Нәзила. Жоқ жерден мереке ойлап таба қоятын данышпан екен сің дер 
ғой.
Светлана. Біле білген адамға, деннің саулығында өтіп жатқан әрбір 
күн – мереке.
Нәзила. Дұрыс, дұрыс. Билеңіз, билеңіз. Сіздің әрбір кү
 ні ңіз мереке 
болсын  деп,  деніңіздің  саулығына  ылғи  қуанып,  түн  жарымына  дейін 
жігітпен секеңдеп билесін деп, ар ғы аталарыңыз бен әкелеріңіз майданда 
қанын төккен. Билей беріңіз.
Қамажай. Нәзилаау, қойсаңшы. Теміржанды тағы да ренжітіп ала
мыз ғой.
Нәзила. Ол ренжиді деп енді үйден беземіз бе? Бәріміз бірдей оның 
әуеніне  төңкерілгенде,  ол  біздің  көңілімізбен  неге  санаспайды?  Тимур, 
тоқтат  енді!  Жетер  секеңдеуің!  Ата  сақалың  ауызыңа  біткенше  ұшып
қона беруден ұялсаң етті. Есің кіретін кез бола ма, жоқ па?
Тимур  (
Қамажайға).  Ма...  мамулям...  мен  мына  қызды  терезеден 
лақтырып жіберемін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет