Светлана. Онда, сіңілім, ревизия жүріп жатыр.
Нәзила. Онда «Тастаққа» кетіңдер, тауға өрмелеңдер немесе айдалаға
барып билеңдер. Ол жақта ревизия да, ремонт та жоқ.
Светлана. Қызғаныштан ішің өртеніп барады ғой, ә? Одан да бір
жігіттің етегінен ертерек ұста. Сонда өзгелермен ісің болмайды.
Нәзила. Байқауымша, сіздер мықтап ұстаған болуларыңыз керек.
Светлана. Ол біздің шаруамыз. Айтшы, сіз неге далаға шықпайсыз?
Әлде, сіз де әпкеңіз секілді үй бағуды жөн көрдіңіз бе?
Нәзила (
тістеніп). Тым болмаса, шолақ ақылыңыз бар ма деуші едім,
ол да жоқ екен ғой. Сізге сөз әуре қылмаймын (
дауыстап). Шығыңыз
үйден.
Светлана. Мына қыз бізді тағы да қуып шықты. Кетейік, жолдастар.
(Бәрі шығады). Тимур. Сұлтан, Светлана!
(Кәмила креслоға отырып, солқылдап жылап жібереді). Қамажай. Құдай
ау, маған бәрің де бірдейсіңдер. Қайсыларыңның
сөзіңді сөйлерімді білмей басым қатты ғой.
Нәзила. Әпке, басыңызды қатырмаңыз. Ермектің қасына барыңыз.
(Қамажай кетеді. Іштен Омар шығады. Қолында порт фелі бар, киініп алған).