Нәзила. Иә, саған жол болсын?
Омар. Жұрт кетіп қалған ба?
Нәзила. Біз сені жұмыс істеп отыр екен десек, ұйықтап тұрғаннан
саумысың?
Омар (
таңданып). Кәмила неге жылап отыр?
Нәзила. Адам тек ренішқайғыдан ғана жыламайды ғой, қуаныштан
да жылайды.
Омар. Иә, ол не қуаныш?
Нәзила. День хорошего настроения!
Омар (
иығын қомдап). Сенің сөзің мен шындық көріністің арасында
байланыс жоқ сияқты. Жарайды, мен кеттім. Ертеңге дейін мақаламды
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
147
бітіруім керек. «Ғылым академиясының хабаршысына» осы аптада
бітірем деп уәде беріп едім.
Нәзила. Оған қарсылығымыз жоқ. Айтпақшы, Гауһар, сен
де бірге
қайт. Бүгін бәрібір бірігіп сабақ оқуға көңіл күйіміз соқпас.