31
9-тапсырма. «Диуани хикмет» құрылысы жағынан неше буынды? Бір
шумақты қанша тармақ құрайды?
10-тапсырма. Қожа
Ахмет Ясауи мен Әмір Темірдің тарихтағы рөлін баға
лай отырып, ақын еңбегінің өміршеңдігі туралы әдеби эссе жазыңдар.
Диуани хикмет («Даналық кітабы») –
Қожа Ахмет Ясауидің сопы
лық идеясын жыр еткен, дидактикалықэтикалық мазмұндағы әдеби
шығармасы.
Даналық кітабы
(«Диуани хикмет» еңбегінен)
Хикмет
Даналардың айтқаны келер болды,
Қияметтің
қияпаты төнер болды,
Ақымақтар айқаймен жеңер болды,
Бұл не
деген замана болды, достар?
Халайықтан
мейірім мен рақым кетті,
Момынға телітентек зақым етті,
Тал түсте талапайда ақыл кетті,
Бұл не деген замана болды, достар?
Үлкенкіші адамнан ибалық әдет кетті,
Қызбозбала жастардан әдеп кетті,
Мінезқұлықты
бұзатын әлек жетті,
Бұл не деген замана болды, достар?
Мұсылманды мұсылман түтіп жейді,
Бірінбірі ұқпайды, түсінбейді.
Мұриттер пірге көз қырын түсірмейді,
Бұл не деген замана болды, достар?
Жамағаттың
жақсыға құрметі жоқ,
Кішілердің үлкенге ізеті жоқ,
Патшаларға әділдік міндеті жоқ,
Бұл не деген замана болды, достар?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
32
Дәруіштер
дұғасының шипасы жоқ,
Тым болмаса үстінде лыпасы жоқ,
Құнарсыз қу тақырдай бұтасы жоқ,
Бұл не деген замана болды, достар?
Азған
заман ғалымы залым болар,
Қошеметшіл қулықпен мәлім болар,
Анығын айтқан адалдар жазым болар,
Бұл не деген замана болды, достар?
Айтылған сөз,
уәденің байламы жоқ,
Жалғандыққа шындықтың қайраны жоқ,
Шындықты айтып осылай шырқыраған,
Құл Қожа Ахмет сөзінің жалғаны жоқ.
1-тапсырма. Ақын өз шығармасында нені басты мақсат етіп көрсетеді?
Шығарманың жанрлық ерекшелігі неде?
2-тапсырма. Ясауи хикметтерінің идеясын анықтап, дәптерлеріңе жа
зыңдар.
3-тапсырма. Ясауи хикметтерінде қоғамға қандай баға беріледі? Ақын
сомдаған әрекеттерге қандай баға бересіңдер? Ясауи жырлаған қоғамға
мінездеме беріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: