Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi ұсынған



Pdf көрінісі
бет38/108
Дата31.12.2021
өлшемі4,27 Mb.
#23385
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   108
Қазақтың бас ақыны
Сұрақ қоясың және жауап 
бересің.
1. Түсініп оқы. Берілген үлгі бойынша жауап бер.
Қазақтың бас ақыны – Абай (шын аты – Ибраһим) 
Құнанбаев. Одан асқан біз білетін ақын болған жоқ.
Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шебер-
лігі керек.
Ұнамды, орынды болуына шыншылдық керек. 
Мағыналы, маңызды болуына білім керек.
Абайда осы үшеуі де болған.
Ахмет Байтұрсынұлы 
Бұрыннан білемін
Жаңа мәлімет
2. Мәтінді түсініп оқы.
Бала Абай
Биыл Абайдың жасы он үшке толған едi. Бойы өскен. 
Қол-аяғы ұзарған.
Ол атқа мiнiп жүруге жарағанымен, үйден көп шық-
пайды. Өзге балалардан гөрi, басқа бiр ермек, бөлек бiр 
дос тапты. Онысы – әжесi. Одан қала берсе, шешесi.
Абай  биыл  ғана  анық  байқағандай.  Мұның  әжесi 
бiртүрлi әңгiмешi екен. Қызық сөйлейдi.  Әңгiмесiн дәм-
дi ғып, қызықтырып айтады. Бiрде Абай сырқаттанып 
жатып,  әжесiнен  әңгiме  айтуын  сұраған.  Сонда  әжесi 
ойланып отырып:
67
ұлы ақын
аудармашы
«Абай жолы»
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


52
–  Е-е...  Бұлдыр-бұлдыр  күн  өткен.  Бұрынғыда  кiм 
өткен... – деп, кiшкене тақпақтап бастап едi. Абай соны 
ұғып қалыпты, келесi жолы әңгiме сұрағанда әжесiнiң 
тiзесiнен ақырын қағып:
–  Е-е...  Бұлдыр-бұлдыр  күн  өткен.  Бұрынғыда  кiм 
өткен... – деп, тағы да әңгiме тiлегенiн бiлдiрушi едi.
Әжесi әуелде көп-көп ертегiлер айтқан. Абай қажы-
май, жалықпай, ылғи ынтыға тыңдайтын. Кейде  әжесi 
шаршап, айтпай қойса, шешесiне жабысатын.  Ұлжан 
да  көп  әңгiме  бiлушi  едi  және  ол  көбiнесе  өлең  сөздi 
жиi айтатын...
Мұхтар Әуезов


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет