55
Ертеңінде ұйқыдан сергек ояндым. Екі-үш жігіт ба-
ғаналарға түсіп-шығып жүр. Ауыл адамдары лезде жи-
налып қалды.
– Ал енді құлақтарыңызды тосыңыздар, – деді.
Кішкентай қара қорап радио екен. Арғы жағынан
Жәкем жырларын төгуде. Атамды асығыс алып кеткен
ақын Әбділда Тәжібаев екен. Алматыда өткен ақындар
айтысына қатыстырылыпты. Жәкем жүйрік шығып,
Мәскеуде өтетін Қазақстанның мәдениеті мен өнерінің
онкүндігіне қатысатын болыпты...
Кейіннен Жәкемді қарсы алуға Алматыға келдік.
Пойыз тоқтағанда, өнер адамдарымен бірге атам да
түсті. Адамның көптігі сонша, мен топтың арасында
қалып қойдым.
Атам сондағы адамдарға:
– Осында менің бір қара қызым болуы керек. Оны
маған жіберіңдерші, – депті. Көпшілік екіге бөлінгенде
атам мені іздеп, жан-жағына қарап келеді екен.
– Ата! – дедім. Дауысымды естіген Жәкем мені көте-
ріп алды. Маңдайымнан иіскеп, еркелеткен соң, қасы-
на ертіп жүрді.
Ділдахан Жамбылова
«Мөлдір бұлақ» журналынан
Достарыңызбен бөлісу: