Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi ұсынған


 Жазушы қиялына мән бере оқы. Адам-балық



Pdf көрінісі
бет81/108
Дата31.12.2021
өлшемі4,27 Mb.
#23385
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   108
3. Жазушы қиялына мән бере оқы.
Адам-балық
Ихтиандр  бақ  ішіндегі  құм  төселген  сүрлеу  жол-
мен  жүрiп  келедi.  Белбеуiне  қыстырылған  қанжары 
салақтап  аяғына  соғылады.  Көзiлдiрiгi,  қолға  және 
аяққа киетiн биялайы – «көлбақа табандары» көрiнедi. 
Ол  үйiне  келе  жатыр.  Үйi  шағын  ғана,  небары  төрт 
бөлмеден  тұратын.  Соның  асүйге  жапсарлас  біреуіне 
Кристо  орналасқан.  Оған  таяу  асүй,  сосын  кітапхана 
болатын.  Ихтиандр  испан  және  ағылшын  тілдерін 
білетін.  Сосын  ең  соңғы  шеткісі  –  Ихтиандрдың  жа-
тын бөлмесі. Сол жатын бөлменің тап ортасында хауыз 
90
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


107
бар еді. Кереуеті қабырғаға тақап қойылған. Ихтиандр 
кейде сол кереуетте демалатын, бірақ көбінесе хауызда 
жатқанды ұнататын.
Сальватор  тауға  Ихтиандрға  қызметімен  жаққан 
Кристоны ертпей, жалғыз кетуді ұйғарған. Жол жүрерде 
Сальватордың  Кристоға  былайша  мықтап  тапсырғаны 
бар: «Ихтиандр аптасына ең кемі үш түн кәдімгі кере-
уетте жатып, ұйықтауға тиіс». 
– Ал маған суда жатқаным көбірек ұнайды, жаныма 
жайлы, – деп қарсылық білдіреді Ихтиандр. 
– Доктор сені кереуетте жатсын деп бұйырған, әкенің 
тілін алу керек. 
Кристоның енді Ихтиандрдың бұған белгісіз бір ма-
териалдан тігілген, қабыршақты костюмі ұдайы жауып 
тұратын денесін көргісі келді-ақ.
– Сен не, киіміңді түнде жатарда да шешпейсің бе? – 
деп сұрады ол бірде жігіттен. 
– Неге шешем? Менің қабыршағымның еш кедергісі 
жоқ,  қайта  оңтайлы.  Желбезекпен  тыныс  алуыма  әрі 
терімнің тыныстануына түк зияны тимейді және соны-
мен бірге ол бар пәледен қорғайды: мұны акуланың өзі 
де, тіпті өткір пышақтың жүзі де кесе алмайды, – деп 
жауап қатты Ихтиандр. 
– Ал көзілдірік пен биялайды не үшін киесің? – деп 
сұрады Кристо кереуеттің қасында жатқан таңғажайып 
биялайды қарағыштап отырып. 
–  Биялай  менің  шапшаң  жүзуіме  септігін  тигізеді. 
Ал көзілдірік теңіз түбінен дауыл суырған топырақтан 
қорғануға  қажет.  Мен  оны  ұдайы  киіп  жүрмеймін. 
Бірақ көзілдірік кисем, су астындағы дүниені жақсырақ 
көрем. Көзілдірігің болмаса, су астында өзіңді тұманда 
жүргендей сезінесің, – деді де, бір жымиып қойды Их-
тиандр. Сосын сөзін қайта жалғап:
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


108
– Сенің менімен бірге су астында жүзе алмайтының 
өкінішті-ақ! Мен саған небір ғаламаттарды көрсетер ем. 
Неге бұл адамдардың бәрі бірдей су астында өмір сүре 
алмайды екен, ә? 
Александр Беляев
 Аударған Хайдолла Тілемісов
• Неліктен адам су астында өмір сүре алмайды? Сен қалай 
ойлайсың?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет