109
Ғажайып әлем (жалғасы)
Көркем
шығарманы көркем
фильммен салыстырасың.
1. Мәтінді тыңда. Ихтиандр Кристоға достары туралы не
айтты?
Адам-балық (
жалғасы)
– Екеуіміз менің теңіз тұлпарыма мініп, серуендер
едік қой, шіркін!
– Теңіз тұлпары дейді? Ол не пәле тағы?
– Дельфин. Өзім ғой оны үйретіп алған. Дауыл
бірде оны жағаға шығарып тастаған екен де, қанатын
қатты жаралап алыпты. Мен оны сүйретіп әкеп, суға
қайта түсіргем. Ол жүзе алмады, демек, қорегін тауып
жей алмайды деген сөз. Мен оны ұзақ, бір ай бойы
балық беріп асырадым. Сол уақыттың ішінде ол маған
үйреніп қана қоймай, тіпті үйір болып кетті. Біз дос-
тасып алдық. Басқа дельфиндер де мені біледі. Ал
теңіз бетінде дельфиндермен қосылып асыр салу деген
ғажап! Толқындар, шашыранды су, күн, жел, шуыл!
Теңіздің түбі тіпті тамаша! Өзіңді көгілдір ауа ішінде
жүзіп жүргендей сезінесің. Тып-тыныш. Денеңнің
салмағына шейін білінбейді. Ол мейлінше еркін, жеп-
жеңіл, қалай қимылдасаң да, еркің. Менің теңізде та-
лай достарым бар. Мен сіздің құстарды жемдейтініңіз
тәрізді кішкене шабақтарды жем беріп асыраймын, ал
олар үйір-үйірімен соңымнан қалмай шұбап жүреді.
– Енді сен маған мынаны айтшы. Сен неге тентектік
жасадың, балықшыларды ренжіттің, олардың ауларын
қиып, қайыққа тиелген балықтарын аударып тастадың?
– Өйткені олар балықты шектен тыс көп аулады,
91
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217