105
судың қандай екеніне қарамастан, сіміріп жібереді де,
одан әрі қарай шапқылай жөнеледі.
Әрі-беріден соң, Суырдың қасына шөлдеп Ат келеді.
– Суыр сұңқар, су қайда? – дейді еркелетіп.
– Жылқы тұлпар, су мұнда! – деп, Суыр мөлдір,
тұнық суды Атқа ұстата береді. Таза тұнық суға қанып
алған Ат бойына тың қуат қосылғандай болып, құстай
ұшып, самғай жөнеледі.
Сасық, лай су кеудесін алып қалған Сиыр онша ұзап
кете алмайды да, екі-үш қырды асқан соң, Ат қуып
жетіп, жанынан желдей жүйткіп өте шығады. Содан
көмбеге бірінші болып жетеді.
Содан бері жылқы төрт аяқты жануарлардың ішін-
дегі жүйрігі болып қалыпты. Кеудесін лай, сасық су
алып қалған сиыр содан бері шабандап, жүгіре алмай-
тын күйге түскен екен.
Сиырдың жатқан кезде ыңырана күрсінетіні –
өзінің астамшылық етіп, Суырға айтқан дөрекі сөзіне
күні бүгінге дейін өкінгені екен деседі.
«Бабалар сөзі». Жүз томдық, 73-том
Достарыңызбен бөлісу: