Сүйемін Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп, жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Сол тілмен шешем мені әлдилеген,
Еркелеткен «құлыным, жаным» деген.
Сол тілменен бірінші білгізілген
«Ана» деген сүйгендік сөз һәм менен.
Сол тілменен үйрендім нәрсе аттарын,
Сол тілмен дінді, әдетті мен жаттадым.
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты:
Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.
Сұлтанмахмұт Торайғыров 3. Түсініп оқы, өлеңнің авторы туралы әңгімеле.
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893–1920) Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ау-
данында туған. «Шәкірттерге», «Оқудағы
мақсат не?» және т.б. өлеңдері бар.
Сұлтанмахмұт Торайғыров – ақын, ағартушы
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
118
4. Екі өлеңді салыстыр.
1. Тақырыбы.
2. Негізгі ойы.