Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»



Pdf көрінісі
бет14/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   136
1.12 ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК
ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ  АТРИБУТТАРЫ
Мемлекеттік тәуелсіздік және оның атрибутикасы. Әрбір 
дербес мемлекеттің оған айрықша сапа беретін және оны тәуелді 
мемлекеттерден, автономды мемлекеттік құрылымдардан және 
кәдімгі әкімшілік-аумақтық бірліктерден айырыптұратын белгілі 
бір атрибуттар жиынтығы болады.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан қадам басқан сайын 
кемелденіп, өзін осы атрибуттар аясында соған лайық көрсете 
бастаған  осы  айрықша  сапаға  ие  болды.  Бұл  атрибуттардың 
генезисі әр алуан. Олардың бір бөлігінін тамыры Қазақстанның 
мемлекеттік тәуелсіздік алу фактісімен тікелей байланысты және 
өзінің  тарихын  да  содан  бастайды.  Бұған  дейінгі  кезеңдерде 
Қазақстанда олар болған жоқ, олар көрсетілген сәттен бастап 
алғаш рет құрылған сияқты болып қалыптаса бастады.


48
Алайда бұл барлық атрибуттарға қатысты емес. Олардың 
кейбіреуі, дәлірек айтқанда, олардың нышаны немесе элементі 
республикада мемлекеттік тәуелсіздік алған сәттен бұрын-ақ 
болған еді. Кеңестер Одағының құрамында болған кезде Казақстан 
одақтас республиканың мәртебесін пайдаланды ғой, олкездегі 
конституция бойынша одақтас республика жекелеген шектеулері 
бар немесе толық емес деуге боларлық егемендігі бар мемлекет 
ретінде жарияланатын. Ресми доктрина республиканы тәуелсіз, 
дербес деп көрсетуге тырысты және оны дербестіктің сыртқы 
атрибуттарымен бекітті.
Сондықтан Казақстанның оның КСРО құрамында болған 
кезіндегі кейбір бұрынғы мемлекеттік атрибуттары сақталды 
және қазірде де пайдаланылуда, бірақ олардын мәні принципті 
түрде өзгерді, олар жаңа мазмұнмен толықты. Олар бұрынғы 
сәндік  түрінен  өзгеріп,  өмірде  бар  шындықты  бейнелейтін 
реалды атрибуттарға айналуда. Кеңестік және кеңестік кезеңнен 
кейінгі Қазақстанның сабақтастығы бар,бірақ ол көбінесе сыртқы 
сабақтастық, ал шын мәнісінде жаңасапалық жағдайға көшуі 
көз алдымызда болып отыр.
Тәуелсіздіктің атрибуттарының көрсетіліп отырған екі тобы:
а)  тәуелсіздік  алған  жылдары  және  одан  кейінгі  кездері 
қалыптасқандар және б)дамудың бұрынғы кезеңінен қалғандар 
бірін-бірі өзара толықтырады және жиынтығында республикаға 
жоғарыда айтылған жаңа сапа береді.
Бұрын  болмаған  атрибуттардың  алғашқы  қалыптасуы 
сияқты, бұрыннан бар атрибуттардың жетілдірілуі үйлесімді 
нысан, құрылым, қарым-қатынас пен институттар іздеумен, жаңа 
нормативтік,  ұйымдастырушылық,  материалдық-техникалық 
және басқа да шешімдерді творчестволықпен таңдаумен, үлкен 
жұмыс көлемін жүргізумен байланысты. Мысалы,армия туралы 
мәселені Қазақстанның тәуелсіздігінің атрибуты ретінде алайық. 
Оның шешілуі бірнеше кезеңдерден өтті:
1991 жылы күзде барлық облыстық әскери комиссариаттар 
Қазақстан әскери комиссариатына бағынды, Мемлекеттік қорғаныс 
комитеті құрылып, өзіміздің қарулы күштерімізді құруға дайындық 
басталды; 1992 жылдың мамыр айында қорғаныс министрлігі 
құрылды да, Қазақстанда орналасқан әскери құрамалар, бөлімдер 
мен мекемелер тікелей республиканың бағынысына алынды да, 
оның қарулы күштердің құрамына кірді.


49
Кейінірек қарулы күштердін бірнеше түрі - армиясы, ше-
каралық әскері, ішкі әскері, республикалық гвардиясы, әскери-
теңіз күштері болды.
Бұрын  болмаған  атрибуттардың  алғашқы  қалыптасуы 
жәнебұрыннан  бар  атрибуттардың  жетілдірілуі  бір  сәттік 
шарала  ршеңберінде  жүзеге  асырылмайтынын,  бір  кезеңнен 
екінші  кезеңге,  сосын  -  үшінші  кезенге  ауысып,  тәуелсіздік 
атрибуттарының  алғашқы  сұлбасы  неғұрлым  тұрақты,  тіпті 
салыстырмалы түрде алғанда олардың аяқталған нысанына жол 
беретін көп кезенді процесс екендігін көріп отырмыз.
Республиканың  қазіргі  ауысып  отырған  және  мемлекет-
тіктәуелсіздік деп аталатын сапалы жаңа жағдайын анық елес-
тету үшін тәуелсіздіктің негізгі атрибуттарына тоқталу қажет.
Тәуелсіздік  үшін  мұндай  атрибуттардың  белгілі  жиынтығы 
болумен қатар олардың әркайсысының айрықша сипаттары мен 
белгілерінің объективті көрсетілген жеткілікті деңгейі де қажет. 
Алайда бұл екінші шарттың бірден орындалуы мүмкін емес: 
қазір тәуелсіздіктің кейбір атрибуттары қалыптасу кезенінде, 
құрылуда, уақыт өте келе бір қалыпқа тоқтайды.
Қазақстанның  мемлекеттік  тәуелсіздігінің  негізгі  атри-
буттарынасипаттама. Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігінің 
атрибуттарын олардың тікелей қатысы бар және содан көрінетін 
орта арқылы шартты түрде айыруға болады.
Республиканың мемлекеттік құрылыс саласындағы және 
саяси-құқықтық  жүйедегі  мемлекеттік  тәуелсіздігінің  негізгі 
атрибуттары біздің ойымызша, мына төмендегілер:
1.Толық, шексіз егемендік, бұл мәселе бүгінгі күні бұрын 
Қазақстан  КСРО  құрамында  болған,  оның  егемендігінің 
айтарлықтай  шектелгендігін  көрсететін  кездегіден  мүлдем 
басқаша  қойылуда.  Іс  жүзінде  КСРО  егемендігі  мен  одақтас 
республикалардың егемендігін біріктірудің қажеттігі көптеген 
объективті және субъективті себептердің болуына қарай біріншінің 
екіншісіне сөзсіз басымдығын білдірді. Оның үстіне, мемлекеттік 
орталықтандырудың күшеюіне қарай одақтас республикалардың 
егемендігі барған сайын формальды бола түсті,оның есесіне 
КСРО егемендігі бүкіл өмірлік кеністікті толтырғандай және 
республикалардың  егеменді  шексіз  құқығын  бірінен  кейін 
бірін жалмап шексіз кеңейе берді. Одақтас республикалардың 
егемендігінің  шексіздігі  туралы  бір  топ  ғалымдардың  60-80 


50
жылдары жасаған қорытындысы да күтпеген оқиға болды. Бұл 
тезистің дәлелдемесі мынаған саяды: әңгіме республикалардың 
егемендігін шектеу туралы емес, құқықтары мен өкілеттіктерін 
шектеу туралы ғана. Алайда егемендіктің өзі құқықтармен және 
өкілеттіктермен тығыз байланысты емес пе, аталған ғалымдардың 
айтып отырғанындай, оларды бір-бірінен бөліп жіберу егемендікті 
абстрактілі,  өмірмен  байланысы  жоқ,  кез  келген  мазмұнмен 
толтыруға болатын ұғымға айналдырды. Бұл орталықтың үстемдігін 
және республикалардың құқықсыздығын ақтаған ыңғайлы ойлау 
құрылғысы  еді,  өйткені  осындай  жағымсыз  құбылыстарға 
қарамастан, олардың егемендігі бәрібір шексіз деп мойындалды. 
Республикалар егемендігінің келтіріліп отырған түсіндірмесінің 
мадақтаушылық (апологеттік) бағыты айқын еді.
КСРО  жойылуына  байланысты  егемендіктің  екідеңгейлі 
конструкциясына деген қажеттілік тек федеративті республикаларда 
(Ресей Федерациясы, сондай-ақ өзінін құрамында автономиясы 
бар республикалар) ғана сақталады. Федерацияның егемендігі 
мен автономияның егемендігі нақтылы қалай үйлесім табатынын 
келешек көрсетеді. Әзірге бұл мәселелер төңірегінде қызу тартыс 
жүріп жатыр, оның немен аяқталатыны белгісіз. Централистік 
бағыт жеңе ме немесе ортадан тепкіш күш иелері мақсатына 
жете ме, аталған мемлекеттердің егемендігінің проблемасынын 
шешілуіне байланысты.
Бұрынғы  КСРО  унитарлық  республикаларына  келетін 
болсақ (олардың қатарына Қазақстан да жатады), енді оларға 
үйлестірілген егемендіктің екі деңгейлі құрылымының қажеті 
болмай  қалды:  себебі  Қазақстанның  ТМД  құрамына  енуі 
республиканың егеменді шексіз құқығын шектеумен байланысты 
емес қой. Басқаша айтқанда, Қазақстанның егемендігін шек-
теуге себепші болатын факторлар жойылды. Егемендік толық 
сақталып қалады. Республика мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан 
кейін бұған дейінгі кезеңдердің барлығында оның егемендігіне 
келтірілген шектеулер алынып тасталады.
2.Республиканың аумақтық үстемдігі. Республиканың тұтас, 
бөлінбейтін және қол сұғылмайтын аумағына кез келген сыртқы 
шекарасына тікелей немесе жанама кол сұғушылығына жол бермеу 
керек.  Бұдан  былай  республика  аумағын  басқа  республикаға 
волюнтаристікпен беру және сонымен байланысты күні кешеге 
дейін кеңінен жүзеге асырылып келген шекараны қайта белгілеу 
жойылатын болады.


51
3.Республикалық азаматтықтың болуы. Азаматтық өзініңси-
паты және мәні жөнінен бұрынғы кеңестік федерацияшеңберінде 
қолданылған формальды, қағаз жүзіндегі республикалық аза-
маттықтан принципті түрде ерекшеленеді. Қазіргі -республи-
калық азаматтық өз мәнісінде бұрынғы одақтық азаматтықтың 
функциясын  қабылдай  отырып  (республика  аумағышегінде), 
соның орнын басып отыр.
4.Меншікті құқықтық жүйе.Бұрын ол КСР Одағы құқықтық 
жүйесінің бір буынын ғана құраған болса, енді одақтық конституция 
және одақтық заң түріндегі «қондырма» жойылды. Өтпелі кезеңде 
(алдағы уақытта тиісті республикалық актілерді қабылдағанға 
дейін) КСРО актілері Казақстан аумағында қолданылды, өйткені 
олар республика зандарына қайшы келмейтін еді. Конституцияның 
және республика заңдарының заңды үстемдігі нығайтылды.
5.Өзінің мемлекеттік нышандары - туы, елтаңбасы, әнұраны, 
сондай-ақ астанасы, мемлекеттік мерекелерін белгілеу. Республи-
каның тәуелсіздік алуына байланысты мемлекеттік символиканы 
жаңарту, оны жана жағдайға сәйкестендіру, одан тоталитаризм 
мен әкімшілдік-әміршілдік жүйенің стереотиптерімен штамп-
тарын жою жөнінде жұмыстар жүргізілді.
Экономикалық  салада  республиканың  мемлекеттік 
тәуелсіздігінің атрибуттарына мыналар жатады:
1.Дербес бюджет және дербес бюджеттік-қаржылық жүйе.
КСРО шеңберіндегі дөрекі консервативті бюджетті жүйе орта-
лықтың республикаларға қатысты үстемдігінің құралы ретінде 
қызмет етті. Оны өзгерту, одан республикалардыңбюджеттерінің 
бөлініп шығу, олардың дербес бюджеттікжүйесінің құрылуы - 
экономикалық тәуелсіздік пен экономикалық егемендіктің қажетті 
шарты. Бірақ бұл жерде одақтық органдардың қызметін жете 
білмеуінің салдарынан республикаларға «мұраға» қалдырған 
проблемалары жетерлік.Бюджет тапшылығынан құтылу үшін, 
мысалы, тіпті болмағанда шетінен республиканы ол тап болған 
дағдарыстан шығару керек.
2.Дербес  ақша  -  несие  жүйесі.  Біртұтас  экономика-
лық  кеңістіктің  ыдырауы  бірыңғай  ақша  бірлігінің  -  сомның 
-бұрынғы  КСРО  мемлекеттерінің  қажетін  бұрынғыдай  өтеу 
қабілетін  жойды  және  оларды  тұйықтан  шығудың  жолын 
іздеуге бағыттады. Сол себепті де алғашқы кезде республикаларда 
(соммен бірге) купондар, карточкалар, талондар жәнет.б.пайда-


52
ланылды, сосын барып өздерінің ақша бірлігіне көшті.Сомнан 
теңгеге ауысу халықтың қолындағы ақшаның құнсыздануына 
алып келді және ол халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобына 
өте ауыр тиді. Сонымен бірге әрбір республикадаұлттық, ком-
мерциялық, несиелік банктер және басқа да осындай мекемелер 
құрыла бастады, бұл да дербес ақша–несиежүйесін құрудың бір 
кезеңі болып табылады. Ұлттық валютаны конвертациялауды 
камтамасыз ету жөніндегі міндеттер де осы ретте шешілуі тиіс.
3.Өзінін салық саясатып жасау, соның көмегімен республика 
түрлі экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа шараларды 
жүзеге асыруға, басқару аппаратын, армияны ұстауғажәне т.б. 
мүмкіндік  алады.  Осындай  қажеттіліктер  ескеріле  отырып 
республикалық  және  жергілікті  салықтар  жүйесі  құрылады, 
оларды дұрыс жинауға бақылау жасалады. Бірақ, салыққазіргі 
кезде  байқалып  отырғандай,  экономикалық  бастамалар  мен 
кәсіпкерлікті «тұншыктыру» құралы емес, керісінше адамдарға 
дем беріп, мүмкіндіктер туғызып, қызығушылығын оятуы керек.
Қауіпсіздік, әскери құрылыс және құқық тәртібі саласында 
республикалық  мемлекеттік  тәуелсіздігінің  атрибуттарына, 
біздің пікірімізше, мына төмендегілер жатады:
1.Армия.Қандай да бір шағын болса да армия бөлімшесі 
жоқ шектеулі егемендігі бар республиканың жағдайы қандай 
болатындығын  төтенше  жағдайлар  жөніндегі  мемлекеттік 
комитеттің (ГКЧП) тамыз (1991 ж.) төңкерісі көрсетіп берді.
Бұл көп жағдайда армиясыз және осыңдай қорғау кұралдарынсыз 
қауіпсіздігі тұрақсыз болып саналатын тәуелсіз республикаға 
қатысты. Офицер жиналысына қатысушылар (қаңтар,1992 ж.) 
армияны ұлттық «пәтерлерге бөліп әкетуге» үзілді-кесідді қарсы 
болғанда,  енді  бұрынғы  біртұтас  мемлекеттің  жоқ  екендігін, 
соған сәйкес біртұтас армияны сақтауға да негізжоқ екендігін 
ескермеген еді. Әрине, стратегиялық бағыттағы біріккен қарулы 
күшті біртұтас ТМД қармағының қарауында белгілі бір мерзімге 
сақтапқалуға  да  болар  еді.  Кәдімгі  қарулы  күштерге  келетін 
болсақ, олар әрбір республиканың армиясында болуға тиісті. 
Бұл - республикалардың дербес тәуелсіз мемлекет болып бөлініп 
шығуының логикалық салдары. Алайда біздің республикамыз 
бұл істе сылбырлық пен шабандық танытты. Соның нәтижесінде 
қарудың, құрал-жабдықтың, әскери техниканың және аспаптардың 
(ең тәуірлері) Қазақстаннан сыртқа әкетілді.


53
Өзінің ішкі әскері. Оны құру республиканың мемлекеттік 
тәуелсіздігін,  оның  қоғамдық  кауіпсіздігін,  азаматтардың 
құқықтары  мен  бостандықтарын  қамтамасыз  ету  мақсатына 
негізделген. Олар республика аумағына орналасқан ішкіәскердің 
құрамалары  мен  бөлімдерінен  құрылған,  олардың  жанында 
басқарма және әскери кеңес бар.
2.Республиканың  шекара  және  кеден  қызметі.  ТМД-ға 
мүшемемлекеттердің  арасындағы  шекарада  шектеу  болмай-
ды  депресми  түрде  бірнеше  рет  мәлімделсе  де,  азық-түлік 
пен  тауарлардың  бір  елден  екінші  елге  жаппай  әкетілуіне 
тосқауыл  қоюқажеттілігі  туып  отыр.  Сондықтан  да  шекара 
және кеденқызметін пайдаланбай болмайды. Оғанқоса, бұдан 
былайжекетұлғалардың республикадан басқа бір республикаға 
көшуітіптен басқа мәнге ие болуда. Сондықтан да халықтың 
миграциясы  туралы,босқындартуралы  қазақстандық  зандар 
кейбіржағдайлар  бойынша,  КСР  Одағы  уақытында  күшінде 
болғанзаңдарға қарағанда басқаша жазылған.
3.Барлауды  және  контрбарлауды  құру.  Тәуелсіз  респу-
бликаның басқа мемлекеттер білгісі келіптұратын өз құпиясы 
болғандықтан, ол оны сенімді қорғауға мүдделі. Өз кезегінде, 
одан басқа мемлекеттердің ісінің жағдайы туралы неғұрлым кең 
денақты акпарат алуға деген қажеттілік тууы мүмкін. Сондықтан 
да бұрынғы КСРО Қазақстан аумағында жұмысістеген барлау 
жәнеконтрбарлау қызметінің базасында тәуелсізреспубликаның 
мүддесін қорғайтын өзінің қызметі құрылған. Сыртқы  саяси 
және  сыртқы  экономикалық  қызмет  саласындағыҚазақстан 
Республикасының  мемлекеттік  тәуелсіздігінің  атрибуттары, 
біздің көзқарасымыз бойынша, мынадай:
1.Дербес сыртқы саясат, оның негіздерін, келешектегі және 
ағымдағы міндеттерін анықтау, органдардың, мекемелер менқы-
зметтердің тармақталған жүйесі бар өзінің сыртқы саясиведом-
ствосын  құру.  Бұған  дейін  Казақстанда  КСР  Одағыныңқұра-
мындағы республика ретінде өзінің Сыртқы істерминистрлігі 
болған, бірақ ол өзінің құрамында бар-жоғы 13-15 қызметкері 
бар, ештеңе шешпейтін, Одақтың Сыртқыістер министрлігінің 
нұсқауларын бұлжытпай орындайтынжәне толығымен соған тәу-
елді орган еді. Республиканың халықаралық құқық субъектілігі 
формальды  түрде  мәлімделгенімен,  іс  жүзінде  жоқтың  қасы 
еді.  Мемлекеттік  тәуелсіздікалу  бұл  саладашұғыл  бетбұры-


54
стар жасады: республиканың халықаралық құқық субъектілігі 
бірнеше  қатарға  жоғарыкөтерілді,  терең  мазмұнға  ие  болды, 
Қазақстанның Сыртқыістер министрлігі тарап еткен одақтың 
Сыртқы  істерминистрлігінің  құқықиеленушісі  (республика 
масштабында)болды, қандай мемлекеттермен байланыс орнату 
керектігін,қандай халықаралық ұйымдарға енуі керектігін, өзінің 
елшілігімен  консулдығы  керек  пе,  жоқ  па  қандай  келісімдер 
жасау керек жәнет.б. мәселелерді өзі белгілей бастады.
2.Дербес сыртқы экономикалық қызметі. Мемлекеттік тәуел-
сіздікті жариялау республикалар алдынан басқа мемлекеттермен 
бұрынғыдай көптеген кедергілер мен шектеулерсіз экономика-
лық байланыстар орнатудың кең мүмкіндіктерін ашты. Қазір 
республика сыртқы экономикалық байланыстарды өзі реттейді, 
оған қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды, 
шетел капиталын тарту жөніндегі, өздерінің табиғат байлықтарын 
тездетіп игеру үшін озат технология мен инвестициялар тарту 
жөніндегі,  экономикалық  қызметті  жандандырып,  халықтың 
жағдайын жақсарту жөніндегі шараларды белгілейді. Республи-
ка сыртқы экономикалық, серіктестандауға байыппен келуге, 
олармен өзарапайда және мүдделілік тұрғысында қарым-қатынас 
құруға, кемсітушілік шараларын болғызбауға тырысады. Прак-
тика  көрсеткеніндей,  жекелеген  халықаралық  экономикалық 
құрылымдар (банктер, консорциумдар, үкіметаралық ұйымдар) 
республикаға  көмек  керсете  отырып,  кейде  оған  қатаң  шарт 
қояды,кейде жасырын, кейде ашық қысым көрсетеді. Егер олар 
белгіленген шектен асып кететін болса, онда мұндай көмектен 
бас тартқан жөн, өйткені республиканың егемендігіне нұқсан 
келмеуі керек.
Жоғарыда  айтылғандардан  көрініп  тұрғанындай, 
Қазақстанның  мемлекеттік  тәуелсіздігінің  атрибуттарының 
қалыптасу процесі әлі аяқталған жоқ; ол бүгінгі күннің жағдайына 
сәйкес, тереңдету жағына қарай жалғасуда.
Республиканың мемлекеттік тәуелсіздік атрибуттарынан, 
біздің ойымызша, оның көрсеткіштерін айыра білуіміз қажет, 
өйткені бұлекеуі екі нәрсе. Тәуелсіздік көрсеткіштерінің санатына, 
айталық, республиканы басқа мемлекеттердің дипломатиялық 
тануын, оның Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқада халық-
аралық ұйымдарға қабылдануын, Астанада немесе Алматыда 
шетел мемлекеттерінің өкілдігінің халықаралық ұйымдардың 


55
өкілдіктерінің ашылуын жатқызуға болады. Басқаша айтқанда, 
республиканың тәуелсіздігінің көрсеткіші - тәуелсіздіктің және 
оның  атрибуттарының  нәтижесі,  оларды  қабылдау  нысаны, 
халықаралық қатынастар субъектілерін мойындаудағы бағасы 
және тойтарыс беруі. Республика мемлекетгік тәуелсіздік алмаса, 
оны ешқандай мемлекет дипломатиялық жағынан танымас еді, 
Біріккен Ұлттар Ұйымы өзіне мүше етіп қабылдамас еді және т.б.
Мемлекеттік тәуелсіздіктің қалыптасуы мен оның атрибут-
тарының жасалуы үлкен кедергілерге кездесті. Алғашқы кезде 
бұрынғы КСРО-ның құрамдас бөлігі ретіндегі Қазақстан туралы 
алғашқы түсініктердің қайталануықатты әсер етті. Осыдан кейін, 
ол өзінің әрекетімен, айталық экономиканы, мәдениетті, армияны 
күйретіп жатыр деген негізсіз кінә тағылды.
Мемлекеттік тәуелсіздік дегеніміз−республиканың сопақ 
жаңа жағдайы, ол оның тіршілік етуінің және дамуының барлық 
жағына, оның табиғатына, мәртебесіне, құзыретіне,республиканың 
ішіндегі сияқты сыртындағы да өзара қарым-қатынасқада қатысты. 
Бұл - маңызды аспектілерінің бірі оның негізгі атрибуттарының 
проблемасы болып табылатын өте көлемді күрделі түсінік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет