1.9 БАСҚАРУ НЫСАНЫ
Басқару нысанының ұғымы. Басқару нысаны мемлекет
нысаны түсінігінің анағұрлым кең мағынадағы маңызды құрамдас
бөлігі болып табылады. Ол биліктің жоғары органдарының
жүйесіне, олардың арасындағы құзыретті бөлісу мен өзара
әрекеттестік принциптеріне баса назар аударады. Басқару нысаны
мемлекетті сипаттайтын басты көрсеткіштердің қатарына жатады.
Ол бағыт таңдау мен мемлекеттік саясат басымдығына және оны
жүзеге асырудың тәсілдеріне, биліктің демократиялық дәрежесіне
және оның халыққа түсінікті болуына айтарлықтай ықпал етеді.
Басқару нысанын анықтау кезінде мына төмендегі мәселелер
ескертіледі:
- мемлекетте қандай органдар және лауазымды тұлғалар
жоғары билікті бейнелейді;
- олар қандай принциптер мен бастамаларда қалыптасады
және олардың арасындағы өзара әрекеттестікте тежемелік пен
тепе- теңдік механизмі қолданыла ма;
- олардың арасындағы мемлекеттік өмірдің негізгі саласын
басқару жөніндегі құзырет қалай бөлінеді;
- жоғары биліктің төменгі тұрған органдар мен халық үшін
ашықтық дәрежесі қандай;
Осы сұрақтардың жауабына қарап басқарудың монархиялық
және республикалық нысан екендігін айырады.
Монархия басқарудың нысаны ретінде мемлекетте бір
адамның – монархтың қолында жоғары прерогатифтің(шексіз
құқықтың) тек кейбір нақтылы тиістілігімен сипатталады.
34
Монархияның ерекшеліктерінің қатарына монархтың таққа көп
жағдайда мұрагерлік жолымен немесе туысқандық құқығымен,
кейде – сайлау жолымен келетіндігі жатады, монархтың міндетті
атқарудың белгілі бір мерзімі жоқ. Ол өмір бойы атқарылады.
Монархия мемлекеттіліктің дамуының пайда болған кезінен
күні бүгінге дейін мемлекетпен бірге келе жатыр. Ол аз болса,
алғашқы қауымдық – рулық басқару жүйесінің негізінде құрылған
көптеген мемлекеттерде монархияның нысаны болды. Тарихтың
келесі кезеңдерінде монархия сақталды, ол өзінің өміршеңдігін,
белгілі бір ішкі қуатын жаңа әлеуметтік – экономиялық және
саяси жағдайларға, әрине көптеген өзгерістерімен, бейімділігін
танытты. Сондықтан да оған қандай да бір түрлерінің бір біріне
онша ұқсас еместігін ескере отырып, нақты тарихи жағынан
келу керек.
Ежелгі монархиялар (шығыс деспотиясы, ежелгі рим
монархиясы) бір басқа да, ортағасырлық монархиялар және
ақырында, олардың мүлдем басқаша бүгінгі күннің монархиясы
– бір басқа. Тіпті ежелгі Рим монархиясының әр кезеңде әртүрлі
айырмашылықтары болды: принципат кезеңіне тән республикалық
және монархиялық институттардың үйлесімділігі монархтың
шексіз билігі үстемдік құрған кезде, доминат кезеңінде толық
жойылды. Ортағасырлық монархиялар үшін абсолютті және
шектеулі деп бөлу дәлірек келеді. Абсолютті монархтың рөлі
басшылық ету болды, көбінесе – шектен тыс, тіпті қалыптан тыс
басшылық деуге болады: өзі жүзеге асырған жоғары биліктің
шексіз құқығы мен өкілеттілігін ешкіммен бөліспей, жеке дара
иемденді. Мемлекет өмірінің түбірлі мәселелері соның қарауына
жататын еді. Барлық басқа мемлекеттік органдар мен лауазымды
тұлғалар оған сөзсіз бағынды, оның жарлықтарын орындауға
міндетті болды. Ортағасырлық шектеулі монархиялар(мысалы,
сословиелік – өкілдік) монархтың билігі шексіз емес, белгілі
бір органмен(мысалы, сословиелік – өкілдік жиналыспен) шек-
телетіндігімен ерекшеленеді, оған бұрын монархтың құзыретіне
кіретін жекелеген өкілеттіктер ауысқан.
Қазіргі кезеңде басқарудың монархиялық нысаны кеңінен
тараған. Англия, Швеция, Жапония, Бельгия, Нидерланды,
Норвегия сынды алдыңғы қатарлы елдер монархиялық мем-
лекеттер қатарына саналды. Оларда конституциялық монархия
жұмыс істейді, ол монархтың билігі шынайы емес, номинальды
35
болып табылатындығымен ерешеленеді. Монархтың мемлекеттік
саясатты жасап, оны жүзеге асыруға, маңызды мемлекеттік
шешімдерді қабылдауға әсері әлсіз. Монархтың қызметін жауапты
дегеннен гөрі құрметті деген лайық. Көбіне олар қажеттіліктен гөрі
дәстүрге адалдығын танытуға тырысады. Парламент монархтың
пікірін ескере алады, бірақ елемеуге де хақылы. Монархтың
алдында емес, парламенттің алдында жауапты болатын үкімет
сайлауда сайлаушылардың көпшілік дауысын алған партияның
өкілдерінен құралады, ал оның көшбасшысы(лидері) үкімет
басшысы болады.
Бүгінгі күндері монархиялық басқару нысанын кеңінен
пайдалану, басқарудың осы нысанындағы көптеген елдердің
демократияны дамытудағы табыстары монархияның пайдалы
потенциалы әлі де бар екендігін және ол халықтың белгілі бір
тобының қолдауына ие болып келе жатқандығын дәлелдейді.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе басқару
нысаны ретінде монархияға төмендегідей қоғамдық – саяси
және мемлекеттік – құқықтық ерекшеліктер тән деп қорытынды
жасауға болады:
- монарх(король, император, патша, хан, шах) бейнесінде
мемлекеттің дара басшысының болуы;
- монарх өзінің функциясын мұралық жолмен, туыстық
құқығы жолымен, кейде – сайлау жолымен алуы;
- монархтың өз қызметін мерзімсіз, яғни өмір бойы атқаруы;
- монархтың ішкі және сыртқы қатынастарда мемлекетті
кепілдік (мандат) бойынша емес, өз құқығы бойынша көрсетуі;
- монархтың өзінің әрекеті мен қылығына заңмен көзделген
жауаптылығының болмауы.
Республика үшін басқару нысаны ретінде мемлекеттегі
жоғарғы биліктің заңмен белгіленген мерзім ішінде қызмет ететін
бір немесе бірнеше сайлау органдарының қолына шоғырлануы
тән. Олар әдетте жоғары заң шығару органы(парламент, конгресс,
ұлттық жиналыс) және мемлекет басшысы(президент, төраға,
кейде алқалы президиум болып табылады.
Республиканың, тұтастай алғанда мемлекеттіліктің өзі
сияқты тарихы ұзақ, алайда ол мемлекеттік – ұйымдасқан
қоғамның алғашқы кезеңдерінде кең тарала алмады, басқарудың
басқа нысаны – монархияға жол берді. Ежелгі Грецияда
республикалық мемлекеттіліктің неғұрлым жарқын тәжірибесі
36
Афины мен Спартада жинақталған. Афины республикасы
демократиялық болды, оның кейбір институттары(мысалы,
ареопаг қызметі,присяжныйлар соты) демократиялық дәстүрлерді
жетілдіру үшін пайдалы болғандықтан дамудың кейінгі
кезеңдерінде де қызығушылық туғызды. Спартада аристократиялық
республика дамыды. Бағыты бойынша(құрылымы бойынша емес)
оған Рим аристократиялық республикасы жақын еді. Ортағасыр
қала – республикалар (Венеция, Генуя, Флоренция, Новгород)
сияқты мемлекеттік нысанын туғызды. Капитализмге өтуіне
байланысты республиканың танымдылығы мен беделі тез өсіп,
ол монархияны ығыстыра бастайды, оның позицияларын бірінен
кейін бірін ала бастайды. Біртіндеп алға жылжып, мемлекеттің ең
көп тараған нысаны болып табылады. Капитализм оның теңдік
және бауырластық идеяларымен, халықтықегемендігімен және
билікті бөлісуімен, бостандығымен, әділеттілігімен республика
үшін неғұрлым қолайлы жағдай туғызды және жаңа өмірге
талпындырған сияқты.
Бүгінгі күні республика өмірді демократияландыру
процестеріне мүмкіндік туғызатын құқықтық мемлекет пен
азаматтық қоғамның принциптерін жүзеге асыруда басты арена
болып табылады.
Көріп отырғанымыздай, дамудың ұзақ жолынан өте отырып,
республика түрленді, өзгерді, жетілді. Ежелгі грек республикалары
мен бүгінгі республиканың арасындағы айырмашылық жер мен
көктей. Олардың дамуындағы кейбір сабақтастықтың болуы
қазіргі республикалармен бұрынғы республикаларға белгісіз жаңа
белгілер мен сипаттарды жоққа шығармайды. Даму процесінде
республикаға тән институттар жиі демократияландырылатын
немесе либералдандырылатын, кейде консервативті – мешеу
және тіпті реакциялық сипат алатын. Тарихы әлеміштеудің
қажеті жоқ.
Қазіргі республикаларды парламенттік және президенттік
деп бөледі. Аталған республикаларда жоғары билік эталондары
арасындағы күштердің шынайы қатынастары мен құзіретті бөлісуі,
олардың өзара қарым–қатынасының ұйымдастыру құқықтық
механизмі әртүрлі.
Парламенттік республикада жоғары билік органдары
жүйесіндегі түйінді орындардың бірін парламент иемденеді,
ол заңдар қабылдайды және жалпы мемлекеттік маңызды
37
мәселелерді шешеді. Ол елдің мемлекеттік бюджетін бекітеді,
өзінің алдында жауап беретін үкімет қызметін бақылап отырады.
Егер парламент үкіметке сенімсіздік вотумын шығаратын
болса, соңғысы отставкаға кетеді(Үндістан, Италия). Кейбір
елдерде парламент(өзі немесе жергілікті билік органдарының
өкілдерімен бірге, ал федеративті мемлекеттерде – штат, жер
және басқа мемлекеттік құрылымдар өкілдерімен бірге) сондай-
ақ мемлекет басшысын сайлайды(Италия, Германия), алайда бұл
үнемі бола бермейді – мысалға, Австрияда президент жалпыға
бірдей сайлау құқығы негізінде сайланады. Сөйте тұра көпшілік
парламенттік республикаларда мемлекет басшысы құқығының
шегі аса кең: оның парламентті таратуға құқығы бар, үкімет
басшысын тағайындайды, елдің қарулы күшінің бас қолбасшысы
болып табылады.
Президенттік республиканың айрықша ерекшелігі – мемлекет
басшысының өте күшті билігі болып табылады. Мұнда президент
парламенттен тек премьер – министрді (кейде үкіметтің басқа
да кейбір маңызды мүшелерін) тағайындауға келісімін ала
отырып үкіметті тағайындайды. Сондықтан үкіметтің парламент
алдындағы бақылауға алынуы мен есеп берушілігі босаңдау,
ал мемлекет басшысы алдында парламенттік республикаларға
қарағанда әлдеқайда күшті. Оның үстіне, президенттік республика
үшін мемлекет басшысының функциясын үкімет басшысының
функциясымен толық қосып жіберу (АҚШ), немесе мемлекет
басшысының үкіметтің қалыптасу және қызмет істеу процесіне
шешуші ықпалы(Франция, Ресей Федерациясы, Қазақстан,
Өзбекстан) тән. Соның арасында атқарушы биліктің маңызы
арта түседі. Мұның заң және сот биліктерінің қызметіне зияны
тимес үшін конституцияда биліктің барлық тармақтарының іс
– әрекетінің келісіп істелуін және балансын қамтамасыз етуге
мүмкіндік беретін тежемелік және тепе–теңдік жүйесі көзделген.
Президенттік республикада мемлекет басшысы әдетте халық
тура(тікелей) немесе жанама(сайлаушылар алқасы) сайлаулар
жолымен сайлайды. Жоғарыда аталған өкілеттіліктерден басқа
мемлекет басшысының сондай – ақ парламентті мерзімінен бұрын
тарату құқығы, мемлекетте маңызды лауазымды тұлғаларды
тағайындау(басқа мемлекеттердегі елдің дипломатиялық өкілдерін
және судьяларды қоса есептегенде), кешірім жасау құқығы,
қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы өкілеттілігі және
38
т.б. құқықтары бар. Үкіметті құру кезінде мемлекет басшысы
парламенттік республикалар үшін міндетті болып саналатын,
оған тек парламентте басым болған партия өкілдері ғана кіретін
ережелерді сақтамайды.
Осылайша, республиканың қоғамдық – саяси және мем-
лекеттік – құқықтық ерекшеліктерімен мына төмендегі жағдайлар
басқару нысаны болып табылады:
•
мемлекеттің жоғарғы органдарының сайланатындығы;
•
бұл органдардың қызметінің дәл мезгілдік параметрлермен
(мерзіммен)шектелуі;
•
мемлекет басшысының кейбір әрекеттеріне жауапкершілік
белгілеу;
•
мемлекеттің жоғарғы органдарындағы билікті жеке құқығы
бойынша емес, халықтың тапсыруы бойынша жүзеге асыру;
•
азаматтардың мемлекет алдындағы және мемлекеттің
азаматтар алдындағы екі жақтан жауапкершілік.
Достарыңызбен бөлісу: |