Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


 МЕМЛЕКЕТ ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНДЕ



Pdf көрінісі
бет16/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

1.14 МЕМЛЕКЕТ ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНДЕ
Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттік емес буындар.
Қоғам өзінің тіршілік ету процесінде тек қана мемлекетке 
емес, сондай-ақ мемлекеттік емес құрылымның ауқымды жүйесіне, 
ұйымдарға,  бірлестіктер  мен  қозғалыстарға  да  сүйенеді. 
Мемлекетпен  бірге  соңғылары  қызмет  көрсетуге,  бақылауға 
және  қоғамдық  қызметтің  түрлі  саласын  реттеуге  қатыса-
ды,  көптеген  бастамалар  мен  жаңалыктардың  бастамашысы 
болады,қоғамға  туындаған  проблемаларды,  қиындықтарды 
жеңіп шығуға, күнделікті келешектегі және перспективадағы 
міндеттерді шешуге көмектеседі. Қоғамды жан жағынан қоршай, 
оның байланыстары мен қарым-қатынастарына кірісе отырып, 
оның өмір тіршілігіндегі көптеген процестеріне мемлекеттік емес 
құрылымдар, ұйымдар, бірлестіктер мен қозғалыстар орасан 
зор,  кейде  баға  жеткісіз  роль  атқарады.  Олар  бірінші  кезек-
те қанағаттандыруға жататын анағұрлым елеулі қажеттіліктер 
мен мүдделерді тауып, жұмыстың қандай да бір учаскесінде-
гі  кемшіліктерді  жойып,  жағдайды  жақсартуға  шаралар  қа-
былдайды,  анағұрлым  тиімді  (олардың  көзқарасы  бойынша)
шешімдер  вариантын  ұсынады,  теріс  пайдаланушылық  және 
бұзушылықтармен күреседі. Кейде олар қоғамды мемлекеттің 
болжап болмайтын әрекеттерінен қорғайды, әсіресе – өкіметті 
басып алып, жұрттың барлығына өз еркін, диктатын және өзінің 
тәртібін таңуға тырысушы жекелеген топтар мен тұлғалардың 


66
озбырлығынан қорғайды. Мемлекеттік емес құрылымның бірі-
болмаса екіншісі заңдылық пен конституциялық тәртіпті қал-
пына келтіруге тырысып, жоғарыда аталған сияқты топтар мен 
тұлғалардың жолына кесе көлденең тұрады. Билікті қолына алып 
алған топтар мен тұлғалардың жағына шығып кеткен немесе 
сәттің  артын  бағып  отырған  мемлекеттік  емес  құрылымдар, 
ұйымдар, бірлестіктер, козғалыстар да бар екендігі шындық. 
Бұл жерде әдетте бірыңғай көзқарас болмайды.
Мемлекеттік  емес  құрылымдар,  ұйымдар,  бірлестіктер, 
қозғалыстар  мейлінше  әралуан,  сипаты  әртүрлі,  алға  қойған 
мақсаттары да әртүрлі. Оларды түрлі критерийлер мен негіздер 
тұрғысынан карап, жіктейді. Қазір ғылыми еңбектерде мемлекеттік 
емес құрылымдардың, ұйымдардың, бірлестіктердіңжәне қоз-
ғалыстардың  әрекетіне  олардың  саясатпен,  саяси  өмірмен 
және  саяси  қарым-қатынаспен  байланысының  қандай 
екендігіне қарап талдау жасалуда.
Осытұрғыдан  алғанда  саясатпен  белсенді  айналысуға, 
қоғам өмірінің саяси көңіл-күйіне ыкпал етуге, саяси қарым-
қатынастың  тікелей  субъектісі  болуға  бейім  құрылымдар, 
ұйымдар,бірлестіктер мен қозғалыстар ерекше көзге түседі.
Олардың саяси міндеттерге бағыт алуы өздерінің жарғы-
ларында және басқа да маңызды құжаттарда айқын баянды етілген. 
Мұндай құрылымдар мен ұйымдардың қатарына ең алдымен 
саяси партиялар, сондай-ақ президенттің, парламенттің, жергілікті 
өкілетті өргандар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, 
басқа да сайлау мекемелері мен лауазымды тұлғалардың сайлауы 
кезеңінде үгіт-насихат, ұйымдастыру - саяси жұмыстарын өткізу 
үшін құрылатын тұрақтынемесе уақытша сайлау блоктары жатады. 
Мұндай  блоктардан  ерекшелігі,  саяси  партиялардың  қызмет 
аясы анағұрлым кең:олар сайлауға байланысты жұмыстармен 
шектеліп қалмайды, өмірдің өзі туындатып отырған түрлі саяси 
мәселелердің шешілуіне қатысады (парламентке заң жобаларын 
енгізу және үкіметке ұсыныстар енгізу; жылдың, жарты жыл-
дықтың, тоқсанның және одан туындайтын міндеттердің қоры-
тындыларын шығару; ішкі және халықаралық өмірдегі маңызды 
саяси жағдайларға үн қосу; мемлекеттік аппараттың қызметіне 
қоғамдық-саяси бақылау жасау және т.б.).
Мемлекеттік емес құрылымдардың, ұйымдардың, бірлестіктер 
мен қозғалыстардың басқа тобын тікелей саяси өмірге қатысу 


67
үшін құрылатындар емес, өндірістік-экономикалық,әлеуметтік-
мәдени, рухани, кәсіби-еңбек қызметі саласындағыміндеттерді 
шешу  үшін  құрылған  топтар  құрайды.  Бұл  жерде  кәсіподақ, 
кооператив, діни, әйелдер ұйымдары, жазушылар,композиторлар, 
сәулетшілер  одақтары  және  басқалар  айтылып  отыр,  олар 
өздерінің жарғылары мен ережелерінде саяси мақсатты айрықша 
баса  көрсетпейді,  керісінше  материалдык-экономикалық, 
мәдени-тұрмыстық,  рухани,  әлеуметтік,  кәсіби  қажеттерін 
және өз мүшелерінің мүдделерін қанағаттандыру міндеттерін 
алға  қояды.  Ақиқат  өмірде  олар  (әсіресе  кәсіподақтар), 
саясаттан  тыс  болмайтыны  рас,  анда-санда  немесе  тұрақты 
түрде  сайлау  науқандарына  қатысады,  кейде  тіпті  түрлі 
саяси талаптарды да белсенді түрде қойып отырады (мысалы, 
еңбекақыларын ұзақ уақыт төлемегендігіне байланысты Ресейдің 
шахтерлері  мен  кеншілерінің  бірқатар  кәсіптік  одақтары 
1998  жылдың  жазында  Ресей  президенті  мен  үкіметінің 
отстав-каға  кетуін  талап  етіп  койды).  Кейбір  зерттеушілер                                          
(М.Н.Марченко, С.А.Комаров) жоғарыда аталған ұйымдарды 
«нағыз  саяси  ұйымдар  емес»  деп  атайды,  және  бұл  термин 
құлаққа  онша  жағымды  болмағанымен,  олардың  қоғамның 
саяси саласындағы өзіндік ерекшелігі мен орнын дәл көрсетеді.
Ақырында, саясаттан және саяси қарым-қатынастан алыс 
тұрған және тар шеңбердегі кәсіби, әуесқойлық мақсатты көздейтін, 
адамдардың  жеке  және  топтық  бейімділігі  мен  мүдделерін 
ескеретін мемлекеттік емес құрылымдар, ұйымдар, бірлестіктер 
мен қозғалыстар да бар. Бұлжерде филателистер,нумизматтар, 
автоәуесқойлар, музыкамен әуестенушілер жәнет.б. қоғамдар 
айтылып отыр. Олар қоғамның саяси жүйесінің құрамына кіре ме? 
Олар саяси биліктің субъектісі болып табылмайды, нағыз саяси 
қарым-қатынасқа қатыспайды, сондықтан да оларды қоғамның 
саяси жүйесінің бір бөлігі деп санауға болмайды.
Осылайша,  қоғамда  тіршілік  етіп,  қызмет  істеп  жатқан 
мемлекеттік емес құрылымдардың, ұйымдардың, бірлестіктермен 
қозғалыстардың бәрі бірдей саяси жүйенің компоненттері және 
құрамдас бөліктері болып табылмайды.
Ондайлардың қатарына қоғамның саяси өміріне қатысуды тура 
немесе жанама түрде өздерінің мақсаты деп жариялайтын,саяси 
биліктің субъектісі болып табылатын, белгілі бір саяси мүдделерді 
көздейтіндерді жатқызу керек.


68
Қоғамның саяси жүйесінің мемлекеттік емес буындарының 
негізгі түрлерін кеңінен қарастырдық. Олардың нақтылы ролі 
көптеген  факторларға  байланысты  және  қоғамдық  дамудың 
түрлі кезеңдерінде айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Мемлекеттік-
ұйымдасқан  қоғам  жағдайында  әрекет  ете  отырып,  олар 
мемлекетке  қатысты  толық  селқостық  таныта  алмайды  және 
әртүрлі  мәселелер  бойынша  ауық-ауық  олармен  байланысқа 
түсуге мәжбүр.
Мемлекет-қоғамның  саяси  жүйесінің  өзегі.  Мемлекет 
қоғамның саяси жүйесіне оның қүрамдас бөлігі ретінде енеді.
Сонымен саяси жүйенің бөлігі ретіндегі мемлекеттің субъектілігі 
- айрықша, өзгеше дара, қайталанбас: саяси жүйенің мемлекет 
сияқты осындай қасиеті мен сапасы бар, демек мемлекетке тән 
жағдайға, роль мен функцияға үміттене алатынбасқа субъектісі 
жоққой. Мемлекетті саяси жүйенін кұрамында оның жаңа қырлары 
мен жақтарын көрсетуге мүмкіндік бере отырып зерттеу аса 
пайдалы.
Саяси жүйеге саяси сипаты бар, қоғамның саяси өміріне 
қатысатын, саяси биліктің субъектісі болып табылатын құры-
лымдарды,  бірлестіктерді,  қозғалыстарды  қоса  отырып,  осы 
айтылғандардың  барлығының  толық  көлемінде  мемлекетте 
де  қолданынатындығын  айта  кету  керек.  Өйткені  ол  саяси 
биліктің  қоғамдағы  басты  идея  қолданушысы  және  негізгі 
субъектісі.  Ол  -  саяси  катынастардын  басым  көпшілігінің 
белсенді қатысушысы (көбінесе - бастамашысы); онсыз олар 
көп жағдайда өзінің мәнділігі мен салмақгылығын жоғалтады. 
Барлық дерлік мемлекеттік-құқықтык институттар бір мезгілде 
саяси институттар болып табылады.
Басқаша айтканда, мемлекетке саяси сипат тән, соған қарай 
ол қоғамның саяси жүйесінің құрамына кіреді. Алайда мемлекет 
- оның мемлекеттік емес буындарына ұқсае саяси жүйесінің, 
әдеттегіден тыс бөлігі. Ол - оның белгілібір мөлшерде(белгілі 
бір  елеулі  ескертулерімен)  ондағы  шоғырландырушы  және 
үйлестіруші рольді орындайтын өзегі.
Қоғамның саяси жүйесі саяси биліктің ұйымын қамтиды 
және нақтырақ айтқанда, олардың арасындағы қарым-қатынастан 
тұратып, әр алуан саяси институттардың қызмет істеуіне әсерібар 
билік субъектілерінің жиынтығын өзіне қосып алады.


69
Түрлі объективті және субъективті себептердің әсерімен 
саяси жүйе өзгеріп, жаңа жағдайға бейімделеді. Және қоғамның 
әрбір даму кезеңіне саяси жүйенің өзінің жай-күйі сәйкес келеді.
Саяси жүйенің барлық буындары, оның ішінде мемлекетте, 
бір бірінен бөлек, жеке әрекет ете алмайды. Олар қандай дабір 
мәселелер бойынша өзара алуан түрлі карым-қатынасқа түседі. 
Сондықтан да олар бірлік пен тұтастық құрады деп айтуға болады.
Алайда қоғамның саяси жүйесінің мұндай тұтастығы мен 
бірлігін асыра мақтауға, тіпті абсолюттендіруге болмайды, өй-
ткені  оның  ішіндегі  қарым-қатынас  ылғи  да  оның  құрамдас 
бөліктерінің ынтымақтастығы мен өзара көмегінің ара қатысы-
сияқты бағаланбауы мүмкін. Бұл қарым-қатынастың кейбіреуі 
ынтымақтастық пен өзара көмек шеңберіне сыйып кетеді, ало-
лардың кейбіреулері оған қарама-қайшы болып, күрес пенбірін 
бірі жоққа шығаратын сипаты болады.
Қоғамның саяси жүйесі - өзінің құрылымында саяси құрылыс, 
саяси  ұйым,  саяси  нормалардың  жиынтығы  мен  солардың 
негізінде  құралатын  саяси  қарым-қатынастардың  бірнеше 
салыстырмалы оғаштау, шағын жүйелері бар көптеген топтан 
тұратын  құрылым.  Қазіргі  жағдайда  бізді  әсіресе  қоғамның 
саяси ұйымы қызықтырады, өйткені оның құрамдас бөлігі болып 
өзінің алдына өз мүшелерінің саяси белсенділігін арттыруды, 
саяси билік (соның ішінде мемлекетгік билік үшін) жолындағы 
күреске қатысуды, оны өзінің саяси мүдделерін қанағаттандыру 
үшін пайдалануды мақсат етіп қойған ұйымдар, бірлестіктер 
мен құрылымдар табылады. Олармен бір «қатарда» әрекет ете 
отырып, мемлекет қоғамның саяси ұйымының бөлігі ретінде 
белгілі бір шекте олардың іс-қимылына ықпал етеді, қажетгі 
жағдайларда олармен байланысқа да түсе алады және т.б.
Ішкі  саяси  жүйенін  қарым-қатынасын  ең  алдымен  оның 
бірқатардағы элементтерінің (мысалы, мемлекеттік органдар-
дың, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың арасындағы) 
арасынан қарастырған дұрыс. Сөйтсе де кезде саяси жүйенің 
әр қатардағы элементтерінің қатынасын айқындау қажеттілігі 
туып калады (мысалы, мемлекеттік органдардын саяси норма-
лармен катынасы). Әрине, әр қатардағы элементтердің қаты-
насын  айқындау  көбінесе  бірінші  түрдің  қарым-қатынасыме 
нжанама түрде байланысады (мысалы, мемлекеттік органдар 
құқықтық нормаларды қабылдағанда, толықтырғанда немесе 


70
күшін жойғанда, жаңа нормалармен ауыстырғанда және тағы 
басқа жағдайларда саяси нормаларды ескереді), бірақ кейде ол 
«тікелей» жүзеге асырылады (мысалы, әңгіме саяси нормалар-
дың мемлекеттік органдардың қызмет етуіне ықпалы туралы 
болғанда немесе, керісінше, қандайда бір саяси нормалардың 
мемлекеттік органдардың ықпалымен түзетуге түсуі туралы-
болғанда).
Бұл тарауда әңгіме саяси жүйенің бір қатардағы элементтерінің 
арасындағы қарым-қатынастар туралы болады.
Мемлекетгің қоғамның саяси жүйесінің басқа буындарымен 
өзара қарым-қатынасы. Мемлекеттің қоғамның саяси жүйесінің 
түрлі құрамдас беліктеріне қатынасы жөніндегі позициясы бірдей 
емес; ол олардың әрқайсысының қандай бағдарды және қандай 
бағытты ұстанғанына қарай жіктеледі.
Өзара қарым-қатынастың бір тұрпаты мемлекет пен саяси 
жүйенің  билеуші  таптар,  таңдаулылар,  әлеуметтік  топтар 
мен  топтар  құрған  мемлекеттік  емес  буындарына  тән.  Бүл 
өзарақарым-қатынасқа, әдетте, терең де шиеленісті, антагонистік 
қарама-қайшылықтар жат. Бұған қоса, мемлекет пен қоғамның 
саяси жүйесінің аталған буындары бірін-бірі өзара қолдайды, 
алдарында тұрған міндеттерді шешуде көмек пен жәрдем көр-
сетеді. Мемлекет саяси жүйенің аталған буындарына заң-мен 
көзделген  (кейде  тіпті  көзделмеген  де)  жеңілдіктер  мен  ар-
тықшылыктар  береді,  ешқандай  кедергі  келтірмейді,  оларды 
неғұрлым қолайлы режиммен қамтамасыз етеді, олардың жі-
берген  бұзушылықтарына  көбінесе  «көзін  жұмып»  қарайды. 
Өз кезегінде соңғылары үкіметтін саясатын әрқашан қолдай-
ды, мемлекеттік механизмнің кез келген қадамын, кез келген 
акциясын  ақтайды,  халықтың  өзіне  адал  қарым-қатынасына 
қолжеткізеді.
Қарым-қатынастың  басқа  тұрпаты  мемлекетке  және 
оппозициялық  топтар,  тандаулылар,  әлеуметтік  топтар  мен 
топтарқұрған  саяси  жүйенің  мемлекеттік  емес  буындарына 
тән. Бұлқарым-қатынастардын әдетте қарама-қайшылық сипаты 
болады, кейде бұл қарама-қайшылыктар шиеленісіп, антагонизм 
сипатына  ие  болады.  Салыстырмалы  түрде  алғанда  олардың 
арасындағы  ынтымақтастық  пен  өзара  көмек  сирек  болады, 
олардың бір біріне қарсы тұруы мен қарсы әрекет жасауы жиі 
кездеседі. Мемлекет оппозицияның әрекетін шектеуге тырысады, 


71
оған кедергілер келтіреді, реті келсе күшпен басып отырады. 
Саяси  жүйенің  олар  құрған  буындарында  топтасқан  оппози-
циялық күштер үкімет саясатына қарсы әрекететеді, қоғамдық 
пікірді оған қарсы қояды, халықтың өмір сүріп отырған өкіметке 
жағымсыз қарым-қатынасын туғызады.
Сондай-ақ мемлекет пен саяси жүйенің мемлекетке енжар 
қарайтын  мемлекеттік  емес  буындарының  арасында  пайда 
болатын, өзара қарым-қатынастың аралық тұрпатын да айта алу 
керек. Соңғылар бір мәселелер бойынша үкіметті қолдаса,екінші 
бір мәселе бойынша оны сынайды. Мемлекет саяси жүйенің 
осындай  мемлекеттік  емес  буындарына  қатысты  біржақты 
қолдаушылық немесе біржақты кінәлаушылық бағыт ұстанбайды.
Қазақстандағы бір партиялылық жүйеден көппартиялылық 
жүйеге дейін Қазақстанның өтпелі кезеңге қадам басуы қоғамның 
саяси  жүйесінің  сипатының,  құрылымы  мен  функциясының 
приниипті  түрде  өзгеруімен  жария  етілді.  Қазір  ол  бұрынғы 
саяси  жүйені  мүлде  қайталамайды  десе  де  болғандай:  қоғам 
өміріндегі ролі мүлде басқа, мүлде басқа сыртқы байланыстарымен 
және  қарым-қатынастарымен  сипатталады,  қызмет  ету 
мен ықпал етудің бұрынғыдан басқа механизмдерін пайдаланады.
Қазақстандағы саяси жүйенің бүгінгі жай-күйі мен түрінің 
қандай екендігін көрнекірек елестету үшін оны өзінің шыққан 
тегі  және  өзі  соның  жалғасы  болып  табылатын  социалистік 
қоғамның саяси жүйесімен салыстыру керек.
Социалистік қоғамның саяси жүйесінің өзіне тән сипаты, 
онда бір партияның дара, ешкіммен бөліспей жеке билік етуі,бір-
партиялылықты орнату болып табылады. Бұған кейбір социа-
листік елдерде коммунистік (немесе жұмысшы) партиялардан 
басқа бірқатар басқа партиялардың да (шаруа,интеллигенттік, 
ұлттық-демократиялық және т.б.) болған фактілері кайшылық 
етпейді. Олар, алайда, коммунистік (немесе жұмысшы) партия-
лардың жетекшілік ролін сөзсіз мойындады, солардың белгілеген 
шегінде әрекет етті, іс жүзінде олардың бақылауында болды 
және олар белгілеген шеңберден ешқашан шығып көрген жок.
Бірпартиялылықтын  негізгі  белгісі,  мемлекетте  өзінің 
диктатурасын орнатқан партия:
1)оның  құзыретінің  маңызды  мәселелерін  шешуде  мем-
лекеттік істерге араласып қана қоймайды, мемлекеттік билікті 
толығымен ауыстырып жібере алады;


72
2)  барық жария (жасырындарын әсіресе) оппозицияларды 
жоюға, билік ету ісінде кез келген болуы мүмкін бәсекелестерді 
жоюға тырысады;
3)  халықты басқару ісіне белсенді қатыстырудын сыртқы 
көрінісін құруға ғана мүдделі, барлық мәселені өзі шешетіндіктен, 
халықтықбастаманы. қайраткерлікті және белсенділікті іс жүзінде 
көзге де ілмейді;
4)  мемлекеттің  құқықтық  актілерінің,  соның  ішінде 
конституцияның да мазмұнын жояды, өзі қабылдайтын нысандар 
мен принциптерді олардан жоғары қояды, халықты нормативтік 
құқықтық  нұсқаулардың  міндетті  еместігі  туралы  ойға  тура 
немесе жанама мағынасында үйретеді.
Бір партиялы жүйенің осы және басқа да бірқатар сипаттары 
мен  ерекшеліктеріне  қарай  ол  -  тоталитарлық  мемлекеттік-
саяси  режимді  орнатудың  негізі,  билікті  бір  қолға  заңсыз 
ұстаудың алғышарты, оның озбырлықпен тартып алудың шарты.
Бірпартиялылық алдымен билеуші партияның көшбасшыларымен 
мүшелері  жағынан  жекелеген  теріс  пайдаланушылықтар 
үшін,  сосын  -  олардың  жүйелі  түрде  жүзеге  асырылуы  үшін 
объективті  негіз  қалайды,  өйткені  оппозицияның  болмауы 
себепті  оларға  ешқандай  қарсы  әрекет  жоқ.  Осыған  қарай 
билеуші партия өзінің шешімдеріне жоғары талап қоюшылық 
сезімін жоғалта бастайды, өзінің бүкіл қызметін дұрыс бағала-
майды, өзіне, өзінің көшбасшылары мен мүшелеріне жұмсақтық 
танытады, бұл ақыр соңында мемлекет үшін қауіпті зардаптарға 
алып келеді.
Бірпартиялылықтан бас тарту әлде саяси плюрализм мен 
көппартиялылықты нығайтуға жағдай жасай отырып, демократияға 
қарай батыл қадам жасаудың белгісі. Қазақ КСР-інің 1978 жылғы 
Конституциясының компартияны қоғамның басшы және бағыт 
беруші күші, барлық мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың 
ұйтқысы деп жариялаған 6-бабы алынып тасталды. Әрбір сайлау 
округінде партиялық инстанция қуаттаған тек бір ғана депутатқа 
кандидат  тіркелетін  тәртіптің  алынып  тасталуы  үлкен  роль 
атқарады. Партиялық номенклатураға берілетін артықшылықтар 
алынып тасталды. Партиялық,және мемлекеттік органдардың, 
қоғамдық ұйымдардың басшыларының елдің түйінді мәселелері 
бойынша  бірлесіп  акт  қабылдауы  қолданылмайтын  болды. 
Коммунистерді қылмыстық жауапкершілікке тек тиісті партиялық 
комитеттердің рұқсатымен тартатын тәртіп күшін жойды.


73
Алайда  көппартиялылық  пен  саяси  плюрализм  бірден 
орнығып  кете  қойған  жоқ.  Олардың  қалыптасу  процесі  ұзақ 
кезеңді  қамтыды,  ол  әлі  де  аяқталған  жоқ;  ол  азаматтардың 
саяси белсенділіктің алуан түрлі нысандарын байқап көруімен 
байланысты.  Жаңадан  құрылып  жатқан  партиялар  мен 
саясиблоктар ұйымдастырушылық, идеялық-теориялық жөне 
саяси қатынастарда билік органындағылармен тең құқықты диалог 
жүргізуге  қол  жеткізбейінше,  әлсіз  болып  қалады.  Олардың 
бағдарламалары мен тұғырнамалары көп жағдайда бірін бірі 
қайталайды, көптеген декларативті және нақты емес ережелері 
бар. Екінші кезектегі және ұсақ-түйек мәселелермен айналысып 
жүрген партиялар (сирек жағдайларда болмаса) өздерін көзге 
түсерліктей істерімен әлі таныта қойған жоқ. Алайда аталған 
аурулардың денден кетпеуіне тырысып, барлық партиялардың 
тіршілік етіп, қызмет істеуі үшін қажетті жағдайлар туғызу керек.
Айқын коппартиялылық, түрлі мағынадағы саяси күштердің 
плюрализмі салауатты қоғамның белгісі. Олардан құтылу, олардың 
қалыптасуына  кедергі  жасау  тоғышарлық  болар  еді.  Әртүрлі 
пікірлерді  салыстыру,  олардың  күресі  (идеялық-теориялып, 
концептуальдық, тек қарулы емес) шындыққа тезірек жетуге, 
дұрыс  шешімдер  таңдай  алуға  мүмкіндік  береді.  Сонымен 
саяси әралуандықты үкіметтің саясатын қолдайтын көптеген 
партиялар және басқа саяси ағымдар ретінде түсінуге болмайды. 
Кейде оппозициялық күштерге қауіптене қарайтын үкіметтің 
идеологтары  мен  шенеуніктері  мұндай  көзқарасты  елге 
таратып жібереді. Мұндай көзқарас басым болып, оппозицияны 
жойып,  жоқ  қылып  жіберсе,  бүл  қоғамның  науқасының 
салмақты  екендігін  білдіреді.  Күшке  табыну  ақылдан  басым 
түскен  кезде,  ақиқат  та,  әділдік  те  жайьіна  қалады.Өзінің 
барлық  жағымды  және  жағымсыз  жақтары  бола  тұра  саяси 
оппозицияның даусыз артықшылығы бар: оның болуы еркімен 
болса да немесе еріксіз болса да билеуші таңдаулыларды (элитаны) 
өздерінің әрбір қадамын байкап басуға, белгілеген шешімдері 
заңға қайшы емес пе, соны анықтауға, асыра пайдаланушыпық 
пен ашык бұзушылықтардан қашуға мәжбүр етеді.
Осылайша,  қоғамның  неғұрлым  демократиялық  саяси 
жүйесі деп тек қана саяси пікір алуандығы мен көппартиялылық 
нығайған емес, сондай-ақ толыққанды саяси оппозициясы бар 
саяси жүйені тану қажет.


74
Бұдан былай кез келген партия, тіпті парламентте көпшілік 
санға қол жеткізіп, «билеуші» болса да, үкіметті қалыптастырса 
да, мемлекеттегі ерекше монополиялық жағдайға үміткер болуға 
құқықты емес. Ол өзінің мақсатына конституциялық жолмен, 
билік институттары мен құрылымдарына ықпал етудің жария 
нысандарып  пайдалануымен  қол  жеткізе  алады.  Оғанөзін 
мемлекеттік  билікпен  ауыстыруға  еш  жол  беруге  болмайды. 
Басшылық  етудің  партиялық  тәсілі  бір  басқа,  мемлекеттік 
тәсіл бір басқа, оларды араластыруға, бір бірін қайталауға және 
ауыстыруға еш болмайды.
Мемлекет және қоғамдық ұйымдар. Барлық қоғамды құйым-
дардың көп алуандығын мына төмендегі үш түрге бөлугеболады:
1) жеке мүшелік принципіне құрылған ұйымдар;
2) қоғамдық өкілдік ұйымдары:
3) бұқаралық қоғамдық қозғалыстар.
Қоғамдық  мүшелік  ұйымдарда,  саяси  партиялардағы 
сияқты,  азаматтар  ең  алдымен  өзінің  бірлесу  бостандығына 
конституциялық  құқығын  жүзеге  асырады.  Жеке  мүшеліктің 
болуы  мүшелердің  бәрінің  ұйымның  барлық  ісіне  тартылуы 
депболжанады. Қатардағы мүшелер аумақтық және басқа белгісі 
бойынша  неғұрлым  ірі  құрылымдарға  бірігетің  бастауыш 
ұйымдарда тұрады. Сондықтан да мүшелік қоғамдық ұйымдардың 
басқа  ұйымның  түрлеріне  қарағанда  неғұрлым  қалыптасқан 
құрылымы бар. Олардың буындарының арасында субординациялық 
және басқа байланыстар мен қарым-қатынастар бар.
Осы жағынан мүшелік ұйымдар партияларға жақындайды 
және қоғамдық ұйымдардың басқа түрлерінен ерекшеленеді.
Бұған дейін өмір сүрген мүшелік ұйымдардың бөрі бірдей 
қайта құру кезеңінің, жаңарулар мен демократияландырудың 
ауыртпалығына тотеп бере алмады. Олардын кейбіреуі (комсо-
мол, ДОСААФ, «Білім» қоғамы) өздерін өздері таратып жіберді, 
коммерциялық немесе жартылай коммерциялық құрылымға ай-
налды, не іс жүзінде құрып кетуге жақын тұр. Мүшелік қоғамдық 
ұйымдардың арасында кәсіподақтар ерекшеленеді.
Кәсіподақтар  жүйесі  біртекті  болған  кеңес  кезеңінен 
айырмашылығы, ол бүгінде мұндай біртектіліктен айрылған. 
Бұрынғы«қазыналық»  деп  аталатын,  мемлекет  колдайтын 
және  өз  кезегінде  оны  да  қолдайтын  кәсіподақтармен  қатар 
«еркін»,«тәуелсіз»  деп  аталатын  кәсіподақтар  құрылды. 


75
Соңғылары кейде жұмыс берушілерге, кейде тіпті үкіметке де өзінің 
оппозициялылығымен батырсынып қояды, ең бір батыл талаптар 
қояды,  кез  келген  сәтте  жұмысшыларды  ереуілдерге,  на-
разылық  акцияларына  және  басқа  да  осындай  әрекеттер-
ге  шақыруға  дайын  тұрады.  «Қазыналық»  және  «тәуелсіз» 
кәсіподақтардың қарым-қатынасы бірін бірі өзара жоққа шығару-
мен,жұмысшылар мен қызметкерлердің тиісті категорияларының 
арасындағы ықпал үшін ымыраға келмейтін сынмен және батыл 
күреспен сипатталады.
Түрлі  бағдардағы  кәсіподақтардың  болуы  мемлекеттік 
органдарға олармен өзара қарым-қатынас жасағанда бірқатар 
маневрлер жасауға мүмкіндік береді, белгілі бір жағдайларда 
оларды біріне бірін қарсы қоюға, олардың қимылынын тиімділігін 
әлсіретуге еркіндік береді.
Қоғамдық  өкілдікті  ұйымдастыру  жүйесінде  үлкен 
өзгерістер болды. Жолдастық соттар мен ерікті халық жасақ-
тары, қоғамдық автоинспекторлар кеңесі жұмыс істеуін тоқтат-
ты,  көше,  квартал  және  үй  комитеттері  жойылу  қарсаңында. 
Мектептерде ата-аналар комитеті қандай болса да бір жұмысты 
істеуге тырысуда. Оның есесіне Қазақстан халықтарының об-
лыстық  және  республикалық  ассамблеяларына  біріккен  ұлт-
тық-мәдени орталықтардың жұмысы жандана түсті.
Дамыған және аяқталған-жинақы құрылымның болмауы, 
оның  таңдаулы  ұйымадар  шеңберінде  шектеліп  қалуы,  оның 
құрамына кірмейтін соңғы тұлғаға формальды тиістіліктің бол-
мауы, оны тандаған халықтың категориясымен өзгеше байланыс 
қоғамдық өкілдік ұйымының ерекшелігі болып табылады.Осыған 
қарай қоғамдық өкілдік ұйымдары қуатты, өмірдің өзгермелі 
жағдайларына шұғыл түрде үн қоса алады.
Бұқаралық  қоғамдық  қозғалыстар,  айталық,  мүшелік 
ұйымдармен салыстырғанда формалдылығы шамалы құрылым 
ретінде қоғамдық ұйымның түрлерінің бірі болып табылады.
Олардың қатарына «рухы», сипаты, мақсаты, міндеті жағынан 
жақын  партиялар,  мүшелік  және  басқа  қоғамдық  ұйымдар 
бірігетін одақтарды, блоктарды, фронттарды, ассоциацияларды 
жатқызуға болады.
Қандай да бір тактикалық нұсқаудың өзгеруі сол немесебасқа 
партияның,  ұйымның  қозғалыс  құрамынан  шығуына,оның 
шеңберінің тарылуына немесе тіпті тарап кетуіне алып келуі 


76
мүмкін.  Сондықтан  да  қозғалыстарды  тұрақсыз  қоғамды 
құйымдар деп санауға болады. Олардын басқа ерекшеліктері 
мынада: әдетге олардың жеке мүшелігі болмайды, ал құрылымы 
тұрақсыз,  динамикалық  қозғалыстың  дәл  осы  сәттегі  нақты 
құрамына байланысты өзгеріп тұратын, оның ішіндегі күштердің, 
міндеттердің, мақсаттардың және т.б. қатынасы болып табылады.
Шіркеуді және шіркеулік ұйымдарды саяси жүйеге енгізу 
туралы мәселе әр түрлі қоғамда әр түрлі шешілді және шешілу-
де.  Мысалы,  феодализм  дәуірінде,  шіркеу  мемлекеттік  ари-
стократиялық  биліктен  жоғары  қойылып,  инквизация  сотың 
жүргізгенде,  оның  сол  кездегі  қоғамның  саяси  жүйесіне  қа-
тысы бар екендігіне әлдекімнің күдіктене қоюы екіталай еді. 
Немесе мүсылмандық діни ұйымдары орталық және жергілікті 
мемлекеттік биліктің жүзеге асырылуында зор роль атқарған 
көптеген шығыс елдерін алайық, ал құқықты қолдану жәнежү-
зеге асыру шариғатты ңшарттарынсыз еш мүмкін емес. Бұл-
жерде  сондан-ак  мұсылман  мешіті  мен  онымен  байланысты 
ұйымдар  қоғамның  саяси  жүйесінің  маңызды  компонентін 
құрайтыны күдік тудырмайды.
Өздерін зайырлы деп санайтын мемлекеттерде бұл мәселе 
басқаша  шешіледі:  олар  әдетте  мемлекеттің  шіркеуден  және 
шіркеудің мектептен бөлек екендігін жариялайды. МысалыРесей 
Федерациясының  Конституциясында  былай  делінген:«Діни 
бірлестіктер  мемлекеттен  бөлінген  және  заң  алдындатең». 
Одан бөлек, шіркеудің және шіркеу ұйымдарының саясаттан 
шеттетілетіндігі барынша жарнамаланып жатады. Нәтижесінде 
соңғыларының қоғамның саяси жүйесіне кірмейтіндігі туралы 
қорытынды жасалады.
Қазақстан Республикасың зайырлы мемлекет деп жариялай 
отырып,  қазіргі  Конституцияның  алайда  шіркеуді  мемлекет-
тен бөлу туралы ережелері жоқ (Ресей Федерациясының Кон-
ституциясынан  айырмашылығы).  Бұдан  басқа,  республикада 
әлеуметтік жетістіктердің және ұлтаралық келісімнің міндет-
терін  шешуде  мұсылмандық,  сондай-ақ  православиелік  діни 
ұйымдардың ролі елеулі өскендігін көреміз. Бұл жағдайларда 
діни ұйымдарды қоғамның саяси жүйесінен аластау дұрыс бола 
қояр ма екен. 
Басқаша  айтқанда,  қоғамдық  ұйымдар  жүйесі  қоғамның 
реформалау, жаңғыру, демократизациялау кезеңіне енуіне байла-


77
нысты елеулі өзгерістерге, модификацияға ұшырады, нарықтық 
қатынастарға бет бұрды.
Мемлекеттің қоғамдық ұйымдарға деген қарым-қатынасы 
қазір  бұрынғыдай  емес.  Қазір  ол  мүлде  басқа  принциптерге 
негізделеді және бұрынғыға қарағанда басқа нысанда көрініс 
тапқан.
Мемлекет кеңес үкіметі кезеңінде өзінің «демократизмін» 
көрсете отырып және өмір сүріп жаткан қоғамдық ұйымдардың 
достық ниеттегі сипатын ескере отырып (өйткені оппозициялық 
және жаулық ниеттегі ұйымдар талқандалып, таратылып, та-
рих сахнасынан кеткен болатын), оларды өзіне жақындатуға, 
тартуға  (немесе  тартқан  сияқты  болып  көрінуге)  тырысты. 
Бірқатар  жағдайларда  ол  тіпті  оларға  өзінің  органдарының 
жекелеген  функцияларын  беріп,  оларға  құқық  қолдану  және 
құқық қорғау туралы ғана емес, сондай-ақ нормативтік-құқықтық 
актілерді басып шығару өкілеттігін де берген болатын. Енбек 
халық комиссариаты мен оның жергілікті органдары жойылып, 
олардың функциялары кәсіподақтарға берілген,ал ВЦСПС ең-
бек қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария мәселе-
лері  жөніндегі  міндетті  қаулыларды  басып  шығару  құқығын 
алған 1933 жылы осылай болған. Қоғамдық ұйым -спорттық 
қоғамдар  мен  ұйымдардың  одағы  -  бірқатар  уақыт(1959-
1964жж.) сол кезде жойылып кеткен физкультура және спорт 
жөніндегі  комитеттің  және  оның  жергілікті  органдары-
ның  функцияларын  атқарып,  орнын  алмастырды.  Қандай  да 
бір  қоғамдық  ұйымға  мемлекеттік  органның  барлық  функ-
цияларын  емес,  тек  жекелеген  міндеттері  мен  өкілеттіктерін 
орындауды  жүктеу  тәжірибеде  жиі  қолданылды.  Мысалы, 
жолдастық  соттар  кейбір  ұсақ  құқық  бұзушылықтар  туралы 
істердіқарай алатын еді, ал ерікті халық жасақшылары қоғамдық 
тәртіпті бұзу фактілерін құртуға құқылы болатын. Сауда, қоғамдық 
тамақтандыру, тұрғын үй-коммуналдық қызмет мекемелерінің 
жұмысына қоғамдық бақылаудың түрлі нысандары пайдаланылды.
Басшылық  етуші  партия,  мемлекет,  кәсіподақ  және 
комсомол органдарының жиі қабылданатын бірлескен қаулылары 
жұрттың бәрінің есінде болар. Мұндай актілердің артықшылығы 
болып, олардың өздеріне мемлекеттік органдардың серіктесі 
болған  құрылымдардың  моральдык-қоғамдық  беделімен 
заң  күшін  үйлестіргендігінде-мыс  деп  саналды.  Алайда  ол 


78
жағдайларды  бірлескен  актілер  демократизмнің  тек  сыртқы 
көрінісін  ғана  жасап,  партия  мен  оның  органдарының 
бөлінбейтін үстемдігін сырт көзден жасырды. Мұндай актілерді 
қабылдау  кезінде  қоғамдық  ұйымдар  дербес  дауыс  құқығын 
(әсіресе-бірлескен актілердің өздеріне қолайсыз тармақтарына 
қарсы қарсылық білдіру құқығы) пайдаланған жоқ.
Мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың өзара іс-әрекетінің 
аталған  нысандары  бірте-бірте  сирек  қолданыла  баста-
ды,  сосын  қоғамның  демократияландырылу  кезеңінен  және 
әкімшілік-әміршілдік жүйенің ыдыраған кезінен бастап мүлдем 
күшін жойды. Ол аз болса, уақыт өткен сайын мемлекет пен 
қоғамдық ұйымдар бір бірінен алшақтай бастады, бұл олардың 
қызмет  өрісінің  айқын  шектелуі,  өкілеттігі  және  функциясы 
мен бір бірінің ісіне өзара араласпау идеясынан туындап отырған 
жағдай. Мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың жақындасуы тек 
бұл үшін экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық 
алғы шарттары дайындалғанда, ең бастысы ақылға қонымды 
шекте дайындалғанда ғана мүмкін.
Мемлекеттік істермен мемлекеттік органдар, ал қоғамдық 
істермен қоғамдық ұйымдар айналысуы керек деген принцип 
Қазақстан Республикасының соңғы жылдардағы Конституциялары 
мен заңдарында дәйектілікпен баянды етіле бастады.Мысалы, 
қазіргі қолданылып жүрген Конституциямызда қоғамдық және 
мемлекеттік  институттардың  бірігіп  кетуіне  жолберілмейді 
делінген (5-баптың 1-тармағы). Қоғамдық бірлестіктердің заң 
алдында бірдей екендігін атап өте келіп, Конституция қоғамдық 
бірлестіктер ісіне мемлекеттің және мемлекетісіне қоғамдық 
бірлестіктердің  заңсыз  араласуына,  қоғамдық  бірлестіктерге 
мемлекеттік органдардың қызметін жүктеуге,қоғамдық бірлес-
тіктерді мемлекеттік қаржыландыруға жол берілмейді деп тура 
айқыпдап берді (5-баптың 2-тармағы). Бұлережелер мемлекеттің 
қоғамдық ұйымдарға қатынасы жөніндегі саясатының негізін 
құрайды.
Қазіргі  кезде  мемлекет  қоғамдық  ұйымдарға  қатысты 
төмеңдегідей өкілеттіктерді орындайды:
1.Тіркеу  өкілеттігі,  оны  жүзеге  асырмайынша  қоғамдық 
ұйымдардың қызметі заңсыз.
2.Байқауды  жүзеге  асыру  жөніндегі  өкілеттік,  ал  кейбір 
мәселелер бойынша - қоғамдық ұйымдардың қызметіне бақылау 
жасау.


79
3.Қоғамдық ұйымдардың қызметінің мәртебесі мен шегін 
жалпы нормативтік реттеу жөніндегі өкілеттік. Сонымен мем-
лекет қоғамдық ұйымдар аттап өте алмайтын бірқатар тыйым 
салуларды белгілейді, оларға істеуге болатып әрекеттер тізімін 
қарастырады, олардың құқықтары мен жалпыға танылған мін-
деттерін, мемлекеттік органдармен өзара әрекет нысандарын 
баянды  етеді,  басқаша  айтқанда,  олар  құрылып,  қызмет 
істеп және дамитын құқықтық өрісін айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет