Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»



Pdf көрінісі
бет25/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

2.9 ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖҮЙЕСІ
Жүйе деп әртүрлі байланыстарымен және өзара қатынас-
тарымен біріккен жеке элементтерден тұратын күрделі ұйымдасқан 
тұтастық түсініледі.
Элемент–бұл күрделі тұтастықтың құрамды бөлігі. Демек, 
жүйе  ішкі  құрылысты,  құрылымды,  байланысты,  бөлшекке 
даралап бөлуді меңзейді. Сонымен бірге жүйе белгілі бір заңдар 
немесе  принциптер  бойынша  реттелген  жеке  элементтерден 
тұратын біртұтас құрылым болып табылады. Құқық теориясында 
жүйе  деп  реттелетін  қоғамдық    қатынастардың  сипатымен 
айқындалатын тарихы қалыптасқан, ақиқат бар құқықтың ішкі 
құрылымы түсініледі. 
Құқықтың жүйесі оның ішкі бірлігін білдіреді, ол қалып-
тасқан қоғамдық қатынастардың жүйесімен байланысты. Оның 
бастапқы  элементі  құқықтық  нұсқау,  құқық  нормасы  болып 
табылады. Құқық нормаларының көбінің бір тұтасқа бірігуі, 
олардың арасындағы өзара іс-қимылы оның жеке бөлшектеріне 
тән емес сапа туғызады.
Жүйелер туралы жалпы теория идеяларын құқық жүйесін 
сипаттағанда толығынан қолдануға болады.Оның аса маңызды 
белгілері-    біріншіден,  құқықтың  жүйелігі  болып  табылады. 
Соңғыны  құқық  жүйесінің  сыртқы  қасиеті    ретінде  айыруға 
болады. Оның ең басты сапасы–қайшылығы жоқтығы, үйлесімсіз 
ережелердің болмауы.
Құқық  нормалары  бірімен  бірі  өзара  байланысты,өзара 
келісімді болмауы керек, құқық тек жалпы экономикалық жағдайға 
ғана сәйкес, жай ғана оның көрінісі болып қоймай, қайта ішкі  
қайшылықтарына    байланысты  өзін-өзі  жоққа  шығармайтын 
ішкі үйлесімнің көрінісі болуға тиіс.
Әрбір жүйе екі немесе бөліктің , біріншіден, құрылымды- 
қандай  да  болмасын  бірыңғай  тым  жалпы  бір  тұтастықтың,  
процестің, құбылыстың шеңберінде біршама дербес элементтердің 
жекеленуі  мен  жиынтығын,    және  екіншіден,  құрылым  эле-
менттерінің өзара қатынасы болуын көздейді.
Құрылым  дегеніміз  элементтердің  тұрақты  бірлігін, 
қатынастардың реттелгендігін, тұрақтылығын білдіретін эле-
менттер  байланысының  заңы;  ол  құбылыстың  жүйе  ретінде 
тұтастығын,бірлігін сақтауды қамтамасыз етеді, оның негізгі 


101
қаңқасын  құрайды.  Сонымен  бірге  элементтердің  бірлігі 
олардың  өзара  бір-бірімен  келіскен  әрекеттестікте  болуын 
көздейді,бұл  жүйенің  өмір  сүруінің  амалы  болып  табылады. 
Өзара әрекеттестіктің арқасында әрбір элемент бүкіл жүйеге 
тән өзгеше сапаға ие болады. Оның жүйеден тысқары өмір сүруі  
мүмкін емес.
Құқықтың  жүйелі  құбылыс ретінде нақ осы ерекшелігіне 
толығырақ тоқталайық,құқық жүйесі құрылысының негізі мен 
принциптерін  қарастырайық.Құқық  жүйесін  жеке  бөліктерге 
бөлу қандай да болсын нормалардың қоғамдық қатынастардың 
сипаты алынады. Құқық жүйесін жеке бөліктерге  бөлу қандай 
да болсын нормалаудың қоғамдық қатынастардың  қай саласын 
реттейтіндігіне байланысты, яғни құқық жүйесінде салаларды 
бөлудің белгісі, құқықтық  реттеудің тақырыбы болып табылады.
Құқық жүйесінде салаларды бөлудің қосымша белгісіне 
құқықтық реттеудің әдісі жатады, ол дегеніміз заңдық тәсілдер 
мен амалдардың жиынтығы, солардың көмегімен сапасы жағынан 
біртектес , жекелеген қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу 
жүзеге асырылады. Оны құқықтың салаларына бөлудің заңдық 
белгісі деп айтады.
Құқықтық  реттеу  тақырыбы  бойынша  ерекшеленетін 
құқық жүйесінің жеке бөліктері құқық салалары деп аталады, 
олар біртекетес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық 
нормалардың жиынтығы ретінде түсініледі.
Егер  нормативтік  нұсқама  құқық  нормасы  құқықтың 
бастапқы элементі, негізгі клеткасы, тұтас құқықтық материя 
болатын болса, онда құқықтық институт құқық саласының негізгі 
элементі, саланың бастапқы, дербес  құрылымдық бөлшегі болып 
табылады, онда құқықтық нормалар өздерінің заңдық мазмұны 
бойынша топтастырылады. Заңдық нормалар саланы тікелей 
емес, құқықтық институттар  арқылы құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет