2.10 ҚҰҚЫҚ САЛАЛАРЫНЫҢ ҚЫСҚАША
СИПАТТАМАСЫ.
Құқық саласы-өздерінің рейттейтін біртектес қоғамдық
қатынастардың ортақ болуы арқылы біріккен құқықтың нормалар
мен институттардың бөлектелген тобы.Сондықтан оларды
102
жіктеп жеке-дербес топтарға біріктіру қажет. Сондықтан оларды
жіктеп, жеке дербес топтарға біріктіруі қажет. Құқық нормаларды
обьективті түрде топталады, өйткені олар бірінен -бірі өздері
ықпал ететін қоғамдық қатынастарының айырмашылығына
байланысты ерекшеленеді. Біртектес қатынастардың белгілі
бір түрін реттейтін құқық нормалары, құқықтық институтқа
бірігеді. Біркелкі қоғамдық қатынастарға ықпал ететін құқықтық
институттардың және кейде мүмкін, жек енормалардың да
жиынтығы құқық саласы деп аталады.
Мемлекеттік немесе конституциялық құқық, құқықтың
жетекші саласы болып табылады. Бұған мемлекеттің құрылысын,
органдар қызметінің принциптері мен міндеттері , мемлекет пен
адамның құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін, өкіметтің
өкілді органдарының сайлану тәртібін және тағы басқаларды
реттейтін құқықтық нормалар мен институттар кіреді. Бұл
нормалар Конституцияда қаралап бекітіледі.
Мемлекеттік конституциялық құқық-құқықтың саласы,
оны Қазақстан Республикасының қоғамдық құрылысы мен
саясатының, Қазақстан азаматтарының құқықтық жағдайын,
олардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін,
Қазақстан Республикасының мемлекет тік құрылысын және
оның мемлекеттік органдарының жүйесін бекітетін мемлекеттік-
құқықтық нормалардың жиынтығын құрайды. Мемлекеттік
құқықтың нормалары қоғамның саяси және экономикалық
жүйесін әлеуметтік даму мен мәдениеттің, сыртқы саясат пен
Отанды қорғау саласындағы мемлекеттің қызметтінің негіздерін
белгілейді, мемлекет пен адамның өзара қарым-қатынастарын
реттейді.Мемлекеттік құқықтың нормалары заң шығарушы,
атқарушы және сот билігі органдарының,жергілікті өзін-өзі
басқару органдарының жүйесін, құру тәртібі мен қызметтерінің
принциптерін белгілейді.Мемлекеттік-құқықтық сипаты бар
нормалар қаралған құқықтық актілер мемлекеттік құқықтың
қайнар көздері болып табылады.Қазақстанның мемлекеттік
құқығының негізгі қайнар көзі –Қазақстан Республикасының
Конституциясы, заңдары және басқа құқықтық актілері.
Сонымен мемлекеттік құқық – құқықтың жетекші аласы,
өйткені ол барлық мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың
негіздерін бекітеді.
103
Әкімшілік құқық мемлекеттік басқару аясында мемлекеттік
басқару органдарын ұйымдастыру және олардың атқарушы өкім
ету қызметінің барысында пайда болатын, қоғамдық қатынастарын
реттейді, басқару органдарының үкіметтің министрліктердің,
агенттіктердің ведомстволардың, жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының құрылымы мен құзыретін белгілейді, атқарушы
өкім ету қызметін бекітеді.
Қаржы құқығы– мемлекеттің қаржы қызметінің барысында
қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нор-
малардың жиынтығы. Қаржы құқығы мемлекеттік және басқа
органдардың ақша қаражаттарын жинауға, бөлуге және қайта
бөлуге байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нор-
малардан тұрады.Бұл ең алдымен бюджетті жасаумен, салықтарды
жинаумен, несиелермен байланысты.
Еңбек құқығы жұмысшылар мен қызметшілердің жұмыс
уақыты мен демалыс уақыты, еңбек ақы тәртібі т.с.с қоғамдық
қатынастарын, әкімшілік пен кәсіподақ арасындағы қатынастарды,
еңбек дауларын қараудың, еңбекшілердің қарайтын шақта
және де ауырған, мүгедек болған немесе асыраушысынан
айырылған жағдайда материалдық қамтамасыз ету тәртібін
реттейді. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында еңбек
құқығына жұмыссыздардың кәсіби мамандығын өзгерту және
оқыту жөніндегі қызметке ықпал ету қажеттігіне байланысты
қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар кіреді.
Еңбек құқығы–кәсіпорындарда, мекемелерде,ұйымдарда
және басқа заңды тұлғаларда жұмысшылар мен қызметшілердің
еңбектерін реттейтін, және олардың тікелей еңбек етулері туралы
өзара қарым-қатынастарын, әкімшілік пен кәсіподақ комитетінің
еңбекшілердің өндірісті басқаруға қатысулары туралы қарым-
қатынастарын, әкімшілік пен кәсіподақ комитетінің еңбекшілердің
өндірісті басқаруға қатысулары туралы қарым-қатынастарын,
еңбек шарттарын белгілеу мен қолдануды, еңбек дауларын қарау
жөніндегі қатынастарды тәртіптейтін құқық саласы.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы зейнеткерлік құқық,
Қазақстан Респбликасының азаматтарын қартайғанда, ауырған,
еңбек ету толғынан немесе жартылай жоғалтқан, асыраушысының
айырылған жағдайда, сондай-ақ көп балалы отбасыларын
материалдық жағынан қамтамасыз ету және қызмет көрсету
жүйесіндегі қатынастарды реттейтін заңдық нормалардың жүйесі.
104
Азаматтық құқық– ауқымы жағынан ең үлкен құқық саласы
ол азаматтардың арасындағы жеке қатынастарды мемлекеттік,
кооперативтік, қоғамдық ұйымдардың, азаматтардың арасындағы
мүлік туралы, сондай-ақ мүліктік емес те қатынастарды реттейтін
нормаларды қамтиды. Құқықтың басқа салаларынан азаматтық
құқық өзінің тақырыбымен ерекшелінеді, оның субьектілері
өзара қатынастарында тең жағдайда болады.
Азаматтық құқық–құқықтың саласы, оның нормалары тауар-
ақша қатынастарын реттейді. Заңдарда қаралған жағдайларда
азаматтық құқық өзге де жеке мүліктік емес, мысалы ар-намыс
пен абыройды қорғау сияқты, қатынастарды реттейді. Азаматтық
құқық меншік құқығының мазмұнын бекітеді, сатып алу мен
сатуды, басқа мәмілелерді, жеткізіп беру, құрылыс мердігерлік
қатынастарын, әртүрлі міндеттемелерге байланысты тараптардың
арақатынастарын, авторлық, мұрагерлік және өнертапқыштық
қатынастарды реттейді.
Шаруашылық құқық– шаруашылық қызметке басшылық
жасаудың және оны жүзеге асырудың тәртібін белгілейтін,
сонымен бірге әртүрлі ұйымдардың және олардың бөлімшелерінің
арасында қалыптасатын шаруашылық қатынастарды реттейтін,
және ұйымды әрі нәтижелі шаруашылық жүргізуді қамтамасыз
етуге бағытталған құқықтық нормалардың жиынтығы.
Отбасы құқық некеге тұрудың шарты мен тәртібін, оны
тоқтатудың негіздерін, ерлі-зайыптының ата-аналар мен ба-
лалардың асырап алынғандармен және басқа туыстардың ара-
сындағы жеке және мүліктік емес қатынастарды тәртіптейді.
Жер құқығы– құқықтың саласы, оның міндеті қазіргі және
келешек ұрпақтың мүдделер үшін жерді ғылыми негізде, ұтымды
және нәтижелі пайдалану мен қорғауды реттеуі, оны пайдаланудың
тиімділігін арттыруға жағдайлар жасау, жер пайдаланушы ретінде
әртүрлі ұйымдар мен азаматтардың құқықтырын қорғау, жер
қатынастарды саласында заңдылықты нығайту болып табылады.
Ауыл шаруашылық құқығы–құқықтың саласы, оның
нормалары шаруа және фермер шаруашылықтарының,
олардың сайланатын органдарының, шаруашылық аралық
кәсіпорындардың, ұйымдардың және олардың бірлестіктерінің
ұйымдастырылуы мен қызметінің нысандары мен тәртібін, ауыл
шаруашылығы саласындағы қызметпен байланысты пайда
болатын өзге де қатынастарды реттейді.
105
Экологиялық құқық–құқықтың дербес саласы, яғни Қазақстан
Республикасы заң шығарушы жоғары органының тағайындаған,
қандай әрекеттердің қылмыс болып табылатынын және оны
жасағаны үшін қандай жазалар болуы мүмкін екендігін белгі-
лейтін заң нормаларының жүйесі, қылмыстық жауапкершіліктің
негіздерін, жазаның мақсатын, көлемі мен сипатын, және қылмыс
жасаған адамдарға оны қолданудың шарттарын бекітеді.
Қылмыстық құқық–құқықтың дербес саласы, яғни Қазақстан
Республикасы заң шығарушы жоғары органының тағайындаған,
қандай әрекеттердің қылмыс болып табылатынын және оны
жасағаны үшін қандай жазалар болуы мүмкін екендігін белгілейтін
заң нормаларының жүйесі, қылмыстық жауапкершіліктің негіз-
дерін, жазаның мақсатын, көлемі мен сипатын, және қылмыс
жасаған адамдарға оны қолданудың шарттарын бекітеді.
Қылмыстық атқару құқығы– жазаларды атқару және ықпал
ететін түзету шараларын қолдану процесінде, және солар
туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін , заңдық
нормалардың жиынтығы.
Материалды құқық – деп аталатын жоғарыда айтылған
құқық салаларынан басқа соттардың құқықтық нормаларды
пайдалануларымен байланысты іс жүргізу құқығы деп аталатын
да салалар бар.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы– құқықтың саласы, оның
нормалары қылмыстық істерді қозғаумен, алдын-ала тергеумен,
соттың қарауымен байланысты қызметті, оның тәртібі мен
мазмұнын, осылардың арқасында пайда болатын құқықтық
қатынастарды реттейді. Қылмыстық іс жүргізу құқығы соттың
прокуратураның, анықтау және тергеу органдарының қылмыстық
істерді тергеу мен қарау кезіндегі қызметтерін реттеуші болып
табылады.
Азаматтық іс жүргізу құқығы– соттың азаматтық істерді
қарап шешетін тәртібін, сондай-ақ соттардың және кейбір өзге
органдардың қаулылармен орындаудың тәртібін белгілейтін,
құқықтық саласы. Азаматтық іс жүргізу құқығы- сот төрелігі
органдардың қаулыларын орындаудың тәртібін белгілейтін
құқықтың саласы. Азаматық іс жүргізу құқығы – сот төрелігі
органдарының, талапкерлердің, жауапкерлердің азаматтық
іс жүргізу процесіне басқа қатысушылардың құқықтары мен
міндеттерін белгілейтін нормалардың жиынтығы.
106
Іс жүргізу құқығының кейбір өзге салалары да, ең алдымен
әкімшілік іс жүргізу және конституциялық іс жүргізу, әл де
қалыптасу үстінде.
Халықаралық құқық –мемлекеттердің және халықаралық
қауымдастықтың басқа қатысушыларының субьектілерінің ара-
сындағы қатынастарды реттейтін заңдылық принциптер мен
нормалардың жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |