109
1) өзінің ең қымбат қазынасы ретінде адам және адамның
өмірі, құқықтары мен
бостандықтарын айқындап бекіту;
2) өз елінде және мемлекеттер арасында азаматтық бей-
бітшілікті, ынтымақтастық пен тату карым-қатынастықтың
әдістерін
нақтыландырып бекіту ;
3) байырғы қазақ жерінде
мемлекеттік бірлікті сақтау;
4) республиканың
егемендігін сақтап,
ұстап тұру ;
5) Қазақстан Республикасының демократиялық негіздерінің
мызғымастығын бекіту.Мұның ұшқыны ретінде республика
қызметінің түбегейлі принциптері де айқындалады. Олар: 1)қо-
ғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; 2) бүкіл халықтың игілігін
көздейтін экономикалық даму; 3) қазақстандық патририотизм;
4)мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократилық
әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе
Парламенттік дауыс беру арқылы шешу.
Ата Заңның негізгі бөлігіне азаматтардың құқықтары,
бостандықтары мен міндеттері туралы, конституциялық құ-
рылысы жайлы, мемлекеттік нысандар жайлы, мемлекеттік
буындардың жүйесі мен мәртебесі туралы (Президент, Парламент,
Үкімет, Конституциялық Кеңес, соттар және сот төрелігі,
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы)
нормалар енген. Яғни, бұл нормалар Қазақстан Республикасы
Конституциясының I-VIII бөлімдерінде баяндалған.Қорытынды
және өтпелі ережелер баяндалған ақырғы IX бөлімде Ата
Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы,
конституциялық заңдар мен өзге де заңдарды қабылдау рәсімі мен
басқалар жайлы сөз болады. Сөйтіп, Қазақстан Республикасының
Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан және де көптеген тармақтар
мен тармақшаардан тұрады. Ата Заң құрылымына жасалатын
талдау оған негіз болған конституциялық идеялардың айқын
көрінісін береді. «Жалпы ережелер» деп аталатын I бөлім жаңа
конституциялық құрылысқа сапалық сипаттама бере отырып,
Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен
заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына
бөліну, олардың тежемелік және тепе-теңдік жүйеін пайдалану
арқылы, өзара іс-қимыл жасау қағидатына сәйкес жүзеге
асырылатындығын баяндайды. Сонымен қатар, ол Қазақстан
Республикасын –Президенттік басқару нысанындағы біртұтас
мемлекет екендігін айқындап берген. Олай дейтініміз – біздің ұлан-
110
байтақ жеріміздің ұлттық-аймақтық бөліністерге –облыстарға
қалаларға ,аудандарға, ауылдарға,т.б. –бөлінетіндігі және олардың
жоғарыдағы бір орталыққа бағынатындығы. Және де, Қазақстан
Республикасында идеологиялық пен саяси әр алуандылық
танылады. Қоғамдық және мемлекеттік институттардың бірігіп
кетуіне,мемлекеттік органдарда партиялардың ұйымдарын құруға
жол берілмейді. «Адам және Азамат»деп аталатын ІІ бөлім адам
мәртебесін мемлекетпен тікелей байланыстырмай,жеке бастың
құндылығын ашып көрсетеді. Онда жеке адамның құқықтары
мен бостандықтары халықаралық құқықтың мойындалған
қағидаттары мен қалыптарына тікелей байланыстырылған .
Жаңа қазақстандық Ата Заңның басты желісі- азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын мемлекет мүддесінен жоғары
тұрғыдан қарау болып табылады.
«Президент» деп аталатын ІІІ бөлім мемлекет басшысы
ретінде Президенттің жаңа мәртебесін толық бейнелейді.
Басқа мемлекет органдарының құрылуы мен қызметі ІV –
VIII бөлімдерде көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының құрылымында
әр бөлім өз қисынымен ретті орналасқан. Жалпы алғанда,
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы өз
құрылымы мен қисыны жөнінен баршаға айқын түсінікті деп
айтуға болады.
«Қорытынды және өтпелі ережелер»деп аталатын IX
бөлім жаңа Ата Заңды күшіне енгізу нормаларын бекітеді,
бұрынғы Конституцияның күші қай кезден бастап жойылғанын
нақтылайды.1995 жылғы Конституция күшіне енгенге дейін
қолданылып келген заңдардың одан әрі қарай қолданыста болу
тәртібін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: