Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


Әкімшілік құқықтық қатынастардың түрлері



Pdf көрінісі
бет57/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   136
9.2. Әкімшілік құқықтық қатынастардың түрлері
Әкімшілік-құқықтық  қатынастарды  әртүрлі  белгілері 
бойынша түрлеп топтастыруға болады. Бұлардың ішінде олардың 
қатысушыларының өзара қатынасының заңдық сипаты бойынша 
топтарға  бөлудің  ерекше  назар  ауларалық  маңызы  бар.  Осы 
белгіге сәйкес тіке және көлбеу құқықтық қатынастар бөлінеді.
1. Тіке әкімшілік-құқытық қатынастар әкімшілік-құқытық 
реттеудің және мемлекеттік басқару қызметіне тән басқарудың 
субъектісі  мен  объектісінің  арасындағы  бағыныштылық 
байланыстардың  мәнін  едәуір  мол  дәрежеде  білдіреді.  Олар 
біріне-бірі бағынышты тараптардың арасында пайда болады, 
бұл азаматтық-құқықтық қатынастардан айыратын басты белгі, 
оларда  тараптардың  тепе-теңдігі  болмайтынын  дәлелдейді. 
Шыңдығында,  тіке  қатынаста  бір  тараптың  заңдық-биліктік 
өкілеттіктері болады, басқа тарапта олар болмайды, мысалы, 
азаматта немесе олардың көлемі аз болады (мысалы, басқарудың 
төменгі органы). 
Тіке  түрдегі  көптеген  әкімшілік-құқықтық  қатынастар 
олардың біріне-бір бағынышты емес қатысушысының арасында 
пайда болады. Алайда, бұл сияқты жағдайларда  тараптардың 
бірі  өзінің  құзыретінің  арқасында  ұйымдық  жағынан  оған 
бағынбайтын белгілі бір құқықтық қатынастың басқа тарабына 
орындауға міндетті болатын заңдық актілер шығаруға құқылы. 
Мысалы, министрліктердің біреуінің  басқа министрліктерге, 
ведомстволарға және азаматтарға міндеттті болып табылатын  
нормативті актілер шығару жөнінде өкілеттіктері болуы мүмкін. 
Бұл білімнің, қоршаған табиғи ортаны қорғаудың, өрт қауіп-
сіздігінің мәселелері және көптеген басқалары болуы мүмкін.
Бұл сияқты қатынастарға барлық басқа әкімшілік-құқықтық 
қатынастарды да жатқызуға болады, оларда тараптардың ұйымдық 
бағыныштылығы болмаса да, бірақ бір тараптың басқа тарапқа 
қатысты заңдық биліктік іс-қимыл жасауға құқығы бар. Мұндай 
құқықтық қатынастардың қатарына бақылау-тексеру органдары 


196
мен олардың тексеретін объектілерінің арасында пайда болатын 
қатынастарды жатқызуға болады.
Әкімшілік-құқықтық қатынастардағы шын мәніндегі тікелік-
ті  және  тараптардың  теңсіздігін  өзінің  құқықтық  мазмұны 
бойынша иландыра дәлелдейтін ең ауқымды белгі мынау: бұл 
түрдегі барлық тіке қатынастар бір жақтың екінші жақтан заңды 
түрдегі тәуелділігін іс жүзінде көрсетеді. Мұндай тәуелділікті 
қандай да болмасын мәселені шешуге қажетті заңдық – биліктік 
өкілеттіктердің тек қана бір жақта атқарушы биліктің субъектісінде 
болатындығымен алдын ала айырылады.
2. Көлбеу әкімшілік-құқықтық қатынастар болып, солардың 
шеңберінде тараптардың  заңды түрде тең құқылы болатындығы  
танылады. Осыған сәйкес, бір тараптың екінші тарапқа міндетті 
болатын заңдық-биліктік өкімі болмайды.
Көлбеу қатынастары мемлекеттік басқару саласында тікелік 
қатынастар сияқты кең қолданылмайды.
Көлбеу құқықтық қатынастар көпшілігінде тіке қатынастарға 
алғы  шарт  болатының  басқару  тәжірибесі  көрсетіп  отыр. 
Шынында, қандай да болмасын бір нормативтік актіні дайындау 
және келісу сатысында тараптар тең құқылы болады. Бұл сияқты 
қатынастар министрліктер арасындағы қатынастар тәжірибесінде, 
жергілікті өкілді және атқарушы органдардың және әкімшілік 
құқықтың басқа субъектілерінің өзара қарым-қатынастарында 
кең  орын  алған.  Көлбеу  түрі  азамат  пен  басқару  органының 
(лауазымды адамның) арасында мынандай жағдайларда, мысалы, 
азамат жұмысқа тұрғанда, арыз немесе шағым бергенде т.с.с. 
қалыптасатын  қатынастарға  тән.  Көлбеулік  қатынас  өкілетті 
басқару органы тек заңды биліктік шешім қызметке алу туралы 
бұйрық шығарғанға дейін ғана көрінісін табады. Осы кезеңнен 
бастап көлбеулік қатынасы тікелік мәні бар қатынасқа айналады, 
мұндай  тараптар  енді  жұмыстың  шарты  мен  еңбек  ақының 
мөлшерін талқыламайды, қайта жұмыскер  өзі жұмысқа тұрған 
жеріндегі  әкімшіліктің  заңды  өкімдерін  орындауға  міндетті 
болады.


197
     


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет