Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


 Қоғамдық қатынастарды әкімшілік- құқықтық



Pdf көрінісі
бет55/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

  8.4. Қоғамдық қатынастарды әкімшілік- құқықтық 
реттеудің механизмі
Әкімшілік құқық өзінің пәнінің шеңберінде ең алдымен 
атқарушы субьектілерін олардың конститутциялық міндеттеріне 
толығынан сәйкес етіп ұйымдастыру мен қызметтеріне, сондай-ақ 
реттелінетін басқарушылық қатынастарға басқа қатысушылардың 
мінез – құлқына белгілі құықтық режим (тәртіп) орындатады. 
Қазақстан құқығының бұл саласының атқаратын қызмет рөлінің 
негізгі көрінісі, оның  реттеу функциясы осыған саяды.
Оған тағы бір басқа – тағайындалған құқықтық режимді 
сақтауды да, реттелінетін басқарушылық қатынастар шеңберінде 
тараптардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды қам-
тамасыз ететін құқық қорғау (юрисдикция) функциясы қосылады.
Сонымен, әкімшілік құқық – атқарушы билікті(кең мағынада– 
мемлекеттік-басқару қызметі) нақтылы жүзеге асыруға байланысты 
және сол туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттеуге 


192
арналған құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылатын 
құқықтық жүйенің бір саласы.
Әкімшілік құқық реттеу функциясын жүзеге асырып отыр 
басқару  қатынастарына,  оларға  қатынасушылардың  мінез-
құлқына өз нормаларының реттеушілік ықпалын жасайтын құ-
қықтық құралдардың немесе тәсілдердің белгілі бір жиынтығын 
пайдаланады. Бұл – қоғамдық қатынастардың құқықтық реттеудің 
әдістері болып табылады.
Қазақстан  құқығының  қай  саласы  болмасын  құқықтық 
реттеудің құралы реттінде мынадай үш заңдық мүмкіндіктерді 
пайдаланады:  тапсырма  беру,  тыйым  салу,  ерік  беру.  Олар 
тұтас алғанда қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпал жасау 
құралдарының мазмұнын құрайды:
а) тапсырма беру – құқытық нормада қаралған жағдайда ,не 
басқа іс – қимыл жасауға тікелей заңды түрде міндет жүктейді 
(нақ  осылай  істеу  керек,  басқаша  емес).  Мысалы,  жұмысқа 
алу органының, мекеменің немесе кәсіпорынның бастығының 
бұйрығымен жүзеге асырылады. Бұл мәселенің шешудің басқа 
тәртібі белгіленбеген; 
б) тыйым салу- құқықтық нормада қаралған жағдайда,не 
басқа іс қимылды тікелей заңды түрде міндетті жүктейді. Мысалы, 
әкімшілік құқық бұзушылық туралы нормалардың барлығы. 
в) ерік беру- құқықтық нормада қаралған жағдайда,не басқа 
іс-қимылды өзінің қалауы бойынша жасауға заңды түрде рұқсат 
ету (мысалы, азаматтардың құқықтарын бұзатын іс-қимылдармен 
шешімдерге олардың шағым жасау құқығы).
Әкімшілік – құқықтық реттеудің ерекшеліктері ең алдымен 
мемлекеттік органдардың ерекше түрімен жүзеге асырылатын 
заңдық  биліктік  қызмет  ретіндегі  мемлекеттік  басқарудың 
өзгешелігімен айқындалады. Ол басқарушылар мен басқарушылар 
арасындағы  қатынастарды  заңды  түрде  байланыстырушы 
болып  табылады,  сол  себепті  реттеу  құқықтық  құрал  рөлін 
атқара отырып, мақсатты басқарушылық ықпалмен өте тығыз 
байланысты. Ал бұл ықпал ету әрқашанда басқарушылардың 
бірыңғай еркіне бағынуын болжайды.
Сондықтан,  әкімшілік  –  құқықтық  реттеу  мына  сияқты 
қоғамдық  қатынастарға  арналған:  олардағы  тараптардың 
жағдайлары,  олардың  заңдық  тепе-теңдігін  болдырмайды, 
олар субординациялық (төмендегілердің жоғарғыларға қатаң 
бағыныштылығы) қатынастарда болады.


193
Қоғамдық қатынастардың әкімшілік-құқық нормаларының 
реттеудің  ерекшеліктері,  оның  қатысушылары  тепе-теңдікке 
негізделген  қатынастарды  реттеудің  азаматтық  –  құқықтық 
әдісімен салыстыру арқылы айқындауға болады.
Әкімшілік  құқық  нормаларының  әрекеттілігі  маңызды 
ерекшеліктерімен өзгешеленеді, олардың мәні мыналарға келіп 
тіреледі:
1  Әкімшілік- құқықтық реттеу механизміне өкілетті басқару 
органының  немесе  лауазымды  адамның  шығарған  міндетті 
тапсырмалары (өкімдері) тән болып табылады.
2  Әкімшілік құқықтық реттеу қатынасқа қатысушылардың 
біреуінің бір жақты ерік білдіруін болжайды. Бұл ерік білдірушілік 
заңды түрдегі өктемдік, сондықтанда оның шешуі маңызы бар.
Сонымен, басқару органының өз еркін білдіруі бір жақты 
және  міндетті  болатыны  белгілі,  ол  мемлекеттің  атынан  іс-
қимыл жасайды немесе заң бойынша оған биліктік өкілеттіктер 
берілген, сонымен қатар басқа негіздер бойынша да мысалы, 
белгілі бір аймақтың халқымен сыйланған жергілікті өзін-өзі 
басқару органы юолып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет