Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


 Әкімшілік құқықтың ұғымы



Pdf көрінісі
бет53/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

8.2.  Әкімшілік құқықтың ұғымы
Қазіргі кезеңдегі ғылымда «Әкімшілік құқық» терминінің 
әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады. Мысалы, оқулық 
әдебиеттерде әкімшілік құқық тиісті мемлекеттің құқық жүйесінің 
дербес саласы деп айтылған, ал жалпы түрде әкімшілік құқықтық 
– басқару құқығы деп айтуға болады.
Энциклопедиялық сөздік «Әкімшілік құқық» деген терминді 
мемлекеттік  басқару  саласындағы  қоғамдық  қатынастарды 
реттейтін құқық саласы деп атаған. Оның нормалары басқару 
аппаратының  ұйымдастырылуы  құқықтары  мен  міндеттерін 
белгілейді.
Заң  энциклопедиясы  әкімшілік  құқықтың  (ағылшынша 
adminis trative faw) ұғымын мемлекеттік басқаруды үйымдастыру 
және оның атқару-өкім ету қызметінің пайда болатын қоғамдық 
қатынастарды реттейтін құқық саласы ретінде анықтаған.
Сонымен,  әкімшілік  құқықты  сипаттайтын  аса  маңызды 
белгілері мына төмендегідей:
біріншіден, әкімшілік құқық – құқықтың дербес саласы;
екіншіден, ол мемлекеттік басқару саласында қалыптасатын 
қоғамдақ қатынастардың реттеушісі болып табылады;


189
үшіншіден, әкімшілік құқықтың негізгі мазмұны Қазақстан 
Республикасы мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарының, 
олардың лауазымды адамдардың және азаматтарының басқару 
қызметі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет